Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазыбек би мен Бұқар жырау

I Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау.
II Сабақтың мақсаты:
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.

Y Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту бөлімі.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?

Мағынаны тану бөлімі.
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.

Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.

• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.
• 3 - 4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқыттырамын.
• Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап электронды оқулықтан тыңдатамын.

Толғаныс бөлімі.
1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?

Қосымша жадығат:
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.

Үйге тапсырма: шешендік сөзді жаттау. Қазыбек бидің жауабын өз ойларыңша таратып, ойтолғау түрінде жазып келу. Сөздікте берілген ұғымдарды жаттау.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету