Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсын ұлы «Қара бұлт» өлеңі (6-сынып)
Сабақты мақсаты: а). А. Байтұрсынұлының өміріне шығармаларына тоқталу. «Қара бұлт» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңнің мағынасы ашу, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге машықтандыру.
ә). Оқушының сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
б). Жақсы мінезге, еңбекке, ел қамын ойлайтын адам болып қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап. Сто - технологиясын қолдану.
А. Байтұрсынов суреті шығармалары, интер тақта.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, Музыка, География.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Армызыздар балалар
Дайынбыз ба сабаққа
Әдебиет сөз өнері,
Сай келейік талапқа
Ойымызды айтайық
Білімімізді байқайық
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір өзі марқайып.

«Топтастыру» стратегиясы.
Түркітанушы
Публицист
Қоғам қайраткері
ХХ ғасыр әдебиетшісі 1873 - 1958ж.
Аудармашы ақын
Көсемсөз шебері
Мысалшы
Зерттеуші, ғалым тілші

ІІ. Мағынаны ажырату.
Мысал - айтатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.
Ахмет Крыловтан аударса, Крылов - грек мысалшысы Эзоптан, Рим мысалшысы Федордан аударған.
(Оқушыларды үш топқа бөлу)

І - топ «Қара бұлт» өлеңінің мазмұнын ашып түсіндіреді.
Түсініксіз сөздердің мағнасын ашады. Сөздікпен жұмыс жүргізу.
ІІ - топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
«Қара бұлт»
А. Байтұрсынов.
Өлең (мысал)
Адам бойындағы қайырымсыздық, мақтаншақтық қасиеттерді әшкерлеу.
Өлең құрылысы:
а) Буын саны - 11
ә) Бунақ саны - 3
в) Тармақ саны - 4
с) шумақ саны - 6
ұйқас түрі:
қара өлең ұйқасы
көркемдегіш құралдары: а) эпитет: қурап тұрған дала, шөлдеп тұрған егін, зор пайда
ә) Синоним: қурап, күйіп.
кейіптеу: Қара бұлт - қайырымсыз адам,
Тау - ақылды адам.

ІІІ - топ. (Өлең кейіпкерлері Қара бұлт пен тауды салыстырады.) венн диаграммасы.
Қара бұлт Тау
Аспанда табиғат жерде
болады. бөлшегі Халыққа
Ақысыз адамдарды халыққа пайдасы
бейнеленген қажет көп
қайырымсыз қайырымды
мақтаншақ адамдар

ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы. Бес жолды өлең.
Зат есім: Ахмет
Сын есім: шебер, суреттер.
Етістік: аударды, шығарды, кейіптеді.
Синоним: ақын, мысалшы, аудармашы.
Сөйлем: Ахмет – ХХ ғасыр әдебиетшісі.

ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. «Адам бойындағы қасиеттер» тақырыбында шығарма жазу.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету