Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесіндегі кейіпкерлер келбеті

Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: М. Мағауин "Бір атаның балалары" повесіндегі кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Мағауиннің "Бір атаның балалары"повесінің мазмұнын бекіту, әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау;
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, оқушыларды жамандықтан сақтандыру, адамгершілікке, ізгілікке, жақсылыққа баулу;
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, СТО стратегиялары, екі жақты күнделік, топтастыру;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиялық кешен, үлестірмелі парақшалар;
Пәнаралық байланыс: Ән, тарих
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Амандасу
2. Түгендеу
3. Топқа бөлу
І топ «Жеңіс» тобы
ІІ топ «Достық» тобы
ІІІ топ «Бейбітшілік» тобы
ІІ. Қызығушылықты ояту
М. Мағауиннің “Бір атаның балалары” повесі қай кезеңді сипаттайды?
Соғыс қай мемлекеттердің арасында жүріп жатыр еді?
Ауылға неге жетім балалар әкелінді?
Ахмет шал неге Зигфридті таңдады?
Ахаң неге неміс баласынан бас тартпады деп ойлайсың?
Шығарма не себепті “Бір атаның балалары” деп аталған?
ІІІ. Мағынаны ашу
(Священная война» музыкасы орындалып тұрады)
1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Неміс фашистері күшті армия жинақтап, халықты құлға айналдыру үшін майдан ашты. кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды!..
Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес Халқының 20 - 25 млн астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.
Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар – ошарсыз кетті.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да халық есінде.

ІV. Шығарма композициясын талдау
1. Оқиғаның басталуы: 1. Ауылға бір арба жетім баланың келуі, басқарманың жиналыс ашуы
2. Дәуренбектің ел – жұртты балалар жазылған тізіммен таныстыруы.
2. Оқиғаның дамуы: 1. Ахмет ақсақалдың неміс баласын таңдауы
2. Оған қазақша ат қойып мұсылман қылуы
3. Зекеңнің зеректігі, алғырлығы
4. Оқиғаның шиеленісуі: 1. Ересек балалардың Зекенге күш көрсетуі
2. Егінге малдың түсіп кетуі
4. Оқиғаның шарықтау шегі: 1. Дәуренбектің Зекенді қуалауы
5. Ахметтің Дәуренбекпен ұстасуы
6. Қызыл жағалылардың ақсақалды ұстап әкетуі
5. Оқиғаның шешімі: 1. Ақсақалдың ауылға қайтуы
2. Зекеннің әке – шешесінің ақталуы
3. «Қызыл ту» колхозына көшуі
1. V. Шығарма мәтінімен жұмыс:
2. Мәтіннен кірме сөздерді теріп жаз:
Дедом, фашист, смирно, внимательно, строй, галифе, гимнастерка, солдат, документ, протес, лобогрейка.
2. Мәтіннен мақал – мәтелдерді теріп жаз:
«Екі жарты – бір бүтін», «Жауды аяған жаралы», «Айтқан сөз – атылған оқ»
3. Тұрақты тіркестерді тап:
Құйысқанға қыстырылма, бауы берік болсын, лықа тою, тоқтау айту, тас бауыр болып кету, тіл тигізу, мызып алу, шарасы таусылу, ғафу өтіну, қызулық жасау, жүзі жылу, іріткі салу, қаһары қайту, тығырыққа тірелу.
1. Жұмбақ кейіпкер
№1 Мынау кім?
... Менің әкелгенім алты - ақ бала. Бәріңе жетпейді.
Және қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды...

№2 Мынау кім?
... Смирна тұрып, внимательно тыңдаңдар.
Мен таныстырып шығайын. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше...

№3 Мынау кім?
... Бұл хульжа Нарым... бет ағамдікі. Маған тастаған. Соғыста өлген. Сеңкі неше аға өлген.

№4 Мынау кім?
... Құйылысқанға қыстырылмай, қой, шырағым. Еміске сен үш саусағыңды берсең, мен ұш ұлымды бергем...

№5 Мынау кім?
... Тілеп алған жалғызды маңдайыма сыйғызбаған құдай басқаның зәузәтынан опа бермес. Рахмет пейіліңе. Көр аузына тақап отырмыз, бір рет ата – анасынан айырылып аңыраған баланы екінші рет қайтара жетім қалдырып, күнә арқалағым келмейді...

VIІ. Кейіпкерлер келбеті:
Кейіпкерлер Мәтіннен үзінді Адами қасиеттер
Дәуренбек - Солдат етігімен сарт - сұрт басып, екі - үш қадам алға шығып, жарты шынашағы - мен төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды.
- Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс.
- Жауды аяған жаралы.
- Сақалыңыздың ағында жаңсақ іске аяқ бастыңыз.
- Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз.
- Зигфрид Вагнер егінге малды қастандықпен түсірді.

Кейіпкерлер Мәтіннен үзінді Адами қасиеттер
Ахмет - Мен осы мықтының өзін қаладым.
Бүкіл ауылды баласының асық жілік ұстар тойына шақырды.
- Өзі ұғымтал. Аса зерек. Осының қазаққа бір шатысы бар сияқты.
“Құйысқанға қыстырылмай, қой, шырағым. Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма?”
- Әй, өңшең қара сирақ!
Мынау - менің балам - Нарымбеттің інісі. Суға малтып үйретіңдер.
- Айтқан сөз - атылған оқ, қайтпайды, бауырыма салған балама тіл тигізді.


Кейіпкерлер Мәтіннен үзінді Адами қасиеттер
Зекен
(Зигфрид) - Жасыратын несі бар, тегі жаман...
- Осының қазаққа бір шатысы бар - ау! Жирен қасқаның қасынан шықпайды.
- Ауыл балаларынан қанша зорлық көрсе де, таяу маңда бала көрсе қол бұлғап шақырады.
- Не айтсаң да зейінмен тыңдап, қорытынды жасайды.

VIІІ. Ой сергіту
Сұрақ қойылады:
Балалар, сендер қазір қандай ойын ойнайсыңдар?
Соғыс жылдарындағы балалардың ойынын көрсететін жерді тауып оқап, топтастыру әдісімен жазып шығу
Балалар ойыны – Құмнан қорған соғу
- балшықтан үй қалау
- жапырақ желкен керіп, қамыстан қайық жасау
- тас лақтырып, қаймақ жалату
- «Айгөлек» ойнау
- күресу, алысу
- хан сайлау
ІХ. Деңгейлік тапсырмалар:
І. "Соғыс" және "бейбітшілік" деген ұғымдарға сипаттама беру
ІІ. "Екінші дүниежүзілік соғыс туралы аталар әңгімесі" деген тақырыпта ой толғау жазу
ІІІ. Ежелгі дәуір әдебиетінен, ауыз әдебиетінен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына, Ұлы Отан
соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер? Олардың күрестегі мақсаты.
Қорытындылау:
«Әр қашан күн сөнбесін» әнінің қайырмасын хормен айту.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспанды бұлт төнбесін.
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!

Үйге тапсырма:
"Бауырластық деген не?"ой толғау жазу.
Бағалау.

Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету