Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20

Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын" деген салық шығыпты. Ұлықтар мен болыстар алатын салық екен. Биылғы жиылған қарашығынды түгел Ырғызбай алып қойған. Соған ызаланған басқа рулардың жеті байы кек алуға Кеңгірбай бабасының моласының қасына барып серттесті. Олар Сақ - Тоғалақтың атқамінері - Оразбай, Көтібақтан - Жиренше, Бөкеншіден - Күнту, Есболаттан - Абыралы, Жігітектен - Бейсенбі, Жуантаяқтан - Байғұлақ, Топайдан - Байділдә екен. Бір - екі айдан кейін сайлау болады. Серттескендер сайлауға дейін елубасыларды өздеріне қаратуды ойлай бастайды. Онысы да жүзеге асады. Уақыты кеп Семей оязы Казанцев келіп сайлауды өткізеді. Қатысқан елу қолбасының жиырма бірі ғана оспанға дауыс берген. Қалғаны Күнтуға дауыс беріп, жеңіп кетті. Сайлаудың осындай өтетінін ешбір Ырғызбай ойламаған еді.

Күнту болыс болғанын естіген кезде, қашып келген Базаралы Семейге енді тақаған болыпты. Қалада Жиренше, Оразбай, Абыралы, Күнтулар болыстықты тойлап жатты. Базаралы сол жерге келіп қонады. Барлығы Құнанбай балаларын жамандағаннан басқа ештеңе айтпайды. Көп өтпей осы пәтерге Абай жіберген жастар келіп қалады. Ербол, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаштар Базаралымен құшақтаса Абайдың ыстық лебізін айтады. Базаралы да қайтыс болған. Құнанбайды айтып, жөн сұрайды. Қызу әңгіме үстінде Көкбай Абайдың жаңа әндерін шырқай жөнеледі. Көп сұрасып Ерболдар қайтып кетті.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №15

Қыстың суығы ерте басылып, көктемнің келгенін білдіретін құстар қайтып орала бастайды. Бүгін Ақшоқыдағы Абай ауылы біраз үлкейіп қалған....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №12

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №12

Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің «Дубровский»...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету