Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ацетилен

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің
химия және биология пәндерінің мұғалімі
Ислямова Лязат Темиржановна

Химия. 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды молекуласында үш байланысы бар көмірсутектер - алкиндермен таныстыру. Ең қарапайым өкілі - ацетилен туралы мағлұмат беру
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгеру
Сабақты өткізу әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, ой қозғау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ацетилен молекуласының шарөзекті моделі, кесте, постер, стикерлер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті
ІІ. Психологиялық ахуал ( Сыныпты күлегештермен топтарға бөлу)
Қызығушылығын ояту

«Серпілген сауал» стратегиясы
(Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру)

Мағынаны тану
«Мәтін бөліктері» ойыны ( Жаңа тақырыппен танысу)
1 - топ. Кіріспе. (Ацетиленнің құрылысы және алынуы)
2 - топ. Негізгі ой (Ацетиленнің қасиеттері)
3 - топ. Қорытынды (Ацетиленнің қолданылуы)
4 - топ. Толықтыру
Бекіту сұрақтары: 1 - 2 сұрақтарға жауап беру
Жіпке ілінген сұрақтар мен есептер

№3 - есепті шығару
Ацетиленді қалай алады? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар

Кім шапшаң?
1 - топ. №5 - есепті шығару
Мынадай өзгерістік айналымдарды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
СаС₂→С₂Н₂→СО₂→СаСО₃

2 - топ. № 6 - есепті шығару
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:
2С₂Н₂+5О₂→4СО₂+2Н₂О+2600 кДж
5, 6 л ацетилен (қ. ж.) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер

3 - топ.№ 8 - есепті шығару
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 60% болса, 1 м3 ацетилен (қ. ж.) алу үшін кальций карбидінің қандай массасы қажет болады?

4 - топ.№13 - 14 - есепті шығару (Есептер жинағы бойынша)
Өнеркәсіпте метанды ацетиленнен алады. Көлемі 0, 5 м3 (қ. ж.) метанның 75%- ы реакцияға түскен болса, ацетилен мен сутектің қандай көлемдері түзілгенін есептеңдер.
Зертте де, зерделе (Салыстырмалы сипаттама беру)
№7 - есепті шығару
Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Үйге тапсырма беру: 1.§47
2.№ 4 - есепті шығару
Оқушыларды бағалап, сабақты қорытындылау
Рефлексия
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету