Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Алюминий өндірісі

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Алюминий өндірісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылар алюминийдің маңызды қосылыстары мен құймаларын сипаттап үйрену, тұрмыста, техникада қолданылуы, алюминий өндірісі туралы білім алу;
Дамытушылық: ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін, өз бетімен қорытынды жасауға дағдылану;
Тәрбиелік: дүниетанымдық, адамгершілік, топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, зертханалық
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, алюминий түйіршігі мен ұнтақ үлгісі, қышқыл, сілті, сынауық, ұстағыш, спиртшам
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин.
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Сабақтың жүру барысын түсіндіру:
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Сұрақтар: 1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орнын сипатта.
2. Алюминий қайда қолданылады?
2. "Тапқырлыққа тапсырма". 10 ұпай

3. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер:
Al + 4HNO3= Al(NO3) 3 + NO + 2H2O
2Al + 2NaOH + 2H2O = 2NaAlO2 + 3H2↑
2Al + 3Cl2= 2AlCl3

ІІ. Жаңа сабақ. Демонстрациялық тәжірибе. Алюминий мен оксидінің қышқылдар мен негіздермен әрекеттесуі. Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑
Al2O3 - алюминий оксиді. Табиғатта глинозем, боксит, корунд түрінде кездеседі. Ол - ақ түсті, қатты зат. Суда ерімейді.
Алынуы: 4Al + 3O2 = 2Al2O3 - тотықтыру;
2Al(OH) 3= Al2O3 +3H2O - айыру реакциясы
Құрылымдық формуласы: О=Аl - O - Al= O
Химиялық қасиеттері: Алюминий оксиді - екідайлы оксид.
Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O
Al₂O₃+2NaOH=2NaAlO2 + H2O
Al₂O₃ - қаттылығы алмаздан кейін екінші орында, сондықтан бұрғылар мен тегістегіш құралдар жасалады.
Алюминий гидроксиді. Al(OH) 3 - іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат. Сатылап диссоцияланады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру...
Кальций және оның қосылыстары

Кальций және оның қосылыстары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Жалелова Динара...
Алюминий және оның маңызды қосылыстары

Алюминий және оның маңызды қосылыстары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Жалелова Динара...
Сыммен, қаңылтырмен бұйым жасау

Сыммен, қаңылтырмен бұйым жасау

Жамбыл облысы, Талас ауданы. Майтөбе ауылы А.Дәулетбеков атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Аубакиров А.З....
Алюминий және оның қосылыстары

Алюминий және оның қосылыстары

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ. Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты: Екідайлы элементтер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету