Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен рәсімделуі

Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен ресімделуі
БАҒЫТТАРЫ
І - бағыт. Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны
ІІ - бағыт. Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу
ІІІ - бағыт. «Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
ІV - бағыт. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Ғылыми жетекшінің міндеттері
оқушыларға жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын әзірлеудегі практикалық көмегі;
зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету;
әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру;
әзірленген жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау;
ұсынылған талаптарға сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және оны ғылыми жетекшінің өз жазба пікірінде көрсетуі.
Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:
Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық енгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
Әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық - заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
Жарысқа кәмелеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай - ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т. б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;
Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы
Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;
бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;
тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.
таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;
зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ
Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай - ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1 - ші теориялық мазмұнын құрайды.
Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т. б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3 - 5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан - жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты - жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен - жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет - ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ].
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық 7 қарым - қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30 - 32 б.
2. Борисова Б. М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А. В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81 - 82 б.
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ
1. Ғылыми жобада:
- бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
- теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
Мазмұны бар беттерді рәсімдеу
) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
Кіріспе;
1 тарау (1. 1., 1. 2., 1. 3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
2 тарау (2. 1, 2. 2., 2. 3. тармақшалары);
3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
Қорытынды;
Әдебиеттер тізімі;
Қосымша (егер бар болса).
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3 - ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1 - ші бет - бет парақ - нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2 - ші бет - мазмұны - нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
Мәтін компьютерде терілу керек.
Сызық көлемдері: сол жақ - 2, 5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
әріп - Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
абзац болу керек;
жол арақашықтығы - бірқатарлы;
кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1. 2., 1. 1., 1. 2. ) көрсетіледі.
Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен алфавиттік тәртіппен орналасады;
қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
зерттеу объектісі, заты
гипотезасы
зерттеу кезеңдері, процедурасы;
эксперимент әдісі;
зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
жұмыс нәтижелері және қорытынды;
нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы

«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы

«Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктеріне, ерлер мен әйелдердің бас...
Жанбай ауылының демографиялық жағдайы

Жанбай ауылының демографиялық жағдайы

Атырау облысы, Исатай ауданы Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп 10 сынып оқушысы Бақтығалиева Тілекші Жетекші: физика және...
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: Жұбатханова Камшат 10 - сынып оқушысы Жоба тақырыбы: Ілияс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету