Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұйқы безінің қабынуы

Ұйқы безі адам организмінде, әсіресе ас қорытуда, маңызды рөл атқарады. Сонда ұйқы безінің қабынуы нендей дерт?

Ұйқы безін анатомиялық құрылымына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без жасушалары өндіретін фермент түтік жолымен ұлтабарға құйылады. Сөйтіп, ас қорыту үдерісіне белсене қатысады. Без ісінгенде немесе жараланып, ішіне қан құйылғанда оның кейбір жерлері жидіп өле бастағанда (некроз) ұйқы безі қабынып, қатты ауырады. Ауру безді тұтастай немесе оның кейбір жерлерін ғана (басын, денесін, құйрығын) қамтуы мүмкін.

Жіті панкреатитті көбінесе микробтар қоздырады, бірақ ауру кейде онсыз да басталады. Қабыну күші және аурудың барысы сол қоздырғыш тетігіне байланысты. Ұйқы безінің қабынуы әрқашан шыдатпай, қатты ауырып басталады. Ауыру іштің жоғарғы (ұйқы безінің тұсы) бөлігінде болады. Қатты ауырғандығы сонша, кейде адам дөңбекшіп, есінен де танады. Өңі қашып, қол - аяқтары көгере бастайды. Артериялық қан қысымы төмендейді. Тамыр соғуы нашарлайды. Ауырғаны басылмай, адамның жотасына таралады. Арқасын белбеудей орайды.

Ұйқы безі қабынған адамның ұстамасы келгенде құса бастайды. Рас, дене ыстығы қалыптан аспауы мүмкін, бірақ адамның жалпы халі нашарлайды. Кейде жата да алмай, тек қисайып қана отырады. Ұйқы безінің қабынуына өт жолының қабынуы қосылса, адамның денесі сарғаюы мүмкін. Бірқатар аурулардың тыныс алуы бұзылады, кейбіреулердің ішектері қызметін дұрыс атқара алмайды, үлкен дәреті жүрмей қалады.

Сондықтан, осындай халге ұшыраған адамды кешіктірмей ауруханаға жеткізген немесе жедел жәрдемді шақырған жөн. Ауру ұстамасы ұйқы безі ісінгеннен пайда болса, онда оны дәрі - дәрмекпен емдеуге болады. Ауырған жерге мұз басып, екі бүйірден егу (блокада) жасаған пайдалы. Мұндайда емдәм сақтап, адамға ашығу да керек, қан тамырына новокаин, атропин енгізген тиімді. Ал без жидіп, өлеттенсе, яғни іріңдесе, онда сырқат отаға зәру деген сөз.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Бас ауруының себептері

Бас ауруының себептері

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу...
Күлкі туралы мақал-мәтелдер

Күлкі туралы мақал-мәтелдер

Күлкісін іріккен жаннан түңіл, Шала бүріккен жауыннан түңіл. Малсызға Малға балап ұйқы берер. Арсызға Арға балап күлкі берер....
Емшектің қатерлі ісігі

Емшектің қатерлі ісігі

Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі. Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік....
Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Қорылдаудың себептері және одан құтылудың жолдары

Ауа мұрын жұтқыншағы мен ауыз жұтқыншағының артқы бөлігі арқылы қиындықпен өткен жағдайда қорыл пайда болады....
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері Сабақтың мақсаты: 1. Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету