Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы

Кіріспе
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. Сергіту сәті «Көңілді күн» ұйымдастыру.

1. Лездік сұрақтар:
1. Қосмекенділерді зерттейтін ғылым:
2. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар:
3. Мойын омыртқасының саны:
4. Жүрегі неше қуысты?
5. Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері:
6. Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы:
7. Дернәсілінің атауы:
8. Миының қай бөлігі жақсы дамыған?
9. Артқы аяқтарындағы саусақ саны:
10. Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады?
2 Кесте толтыру
Құйрықсыз қосмекенділер отряды
Құйрықты қосмекенділер отряды
Аяқсыз қосмекенділер отряды

3. Танымдық сұрақтар:
1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын.
Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма?
2. Бақаның терісінің ылғалды болуының маңызы неде?
3. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды?
4. Қай қалада бақаларға ескерткіш орнатылды?
4 Суретпен жұмыс
5 Венн диаграммасы
СТО - ның "Кең ауқымды дәріс" әдісі бойынша жаңа сабақты баяндау
Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан(стегоцефальдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Ғалымдар табылған қалдықтары бойынша қосмекенділерді ең алғаш бұдан 300 млн. жыл бұрын пайда болды деп дәлелдеуде. Өліп біткен қосмекенділер сауытбастылар деп аталады.

Бұлар саусаққанатты балықтар мен қосмекенділердің аралық түрі еді. Сауытбастылардың желбезек қақпақтарынан қалдықтар сақталды және балық тәрізді құйрығы болды. Терісі балыққа қабыршақтармен қапталған сауытбастылардың құрлық жануарлары тәрізді бес саусақты төрт аяғы болғандықтан, үнемі құрлыққа жорғалап шығып, суда қоректенді және ұрпағын дамытты.

Өліп біткен қосмекенділердің өкпесі болды деген де жорамал бар. Ал бір өкілі біздің заманымызда қайта табылған саусаққанатты балық латтимерияны жұптасқан жүзбеқанаттары балықтың су түбімен жорғалап жүруіне қолайлы болып орналасқан және көлемін кішірейткен торсылдағы бұрын өкпе қызметін атқарғанын білдіреді. Демек саусаққанаттылардың таяз суқоймалардың суы суалған кезде құрлықпен жүріп, екінші тоқтау суларға бара алғанын, өкпеге айналған торсылдағымен ауа арқылы тыныс алғанын айғақтайды. Балықтың дене құрылысындағы мұндай ерекшеліктер саусаққанатты балықтардың сауытбасты құйрықты қосмекенділердің ежелгі сауытбасты құйрықты қосмекенділерден шыққанын дәлелдейді. Қосмекенділер туралы қосымша мәліметтерді слайдтан оқушылар айтады
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау

Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау

Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20000...
Қосмекенділер

Қосмекенділер

Мұхиттар, теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр. Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады. Жер...
Қосмекенділердің көптүрлілігі

Қосмекенділердің көптүрлілігі

Қосмекенділердің көптүрлілігін, ерекшеліктерін және тіршілік ету ортасы туралы түсінік беру....
Балықтар

Балықтар

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған...
Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар

Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәні мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету