Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қанның ұюы. Тромбоциттер

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№35 орта мектебінің биология пән мұғалімі:
Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы

8 - сынып.
Сабақтын тақырыбы: Қанның ұюы. Тромбоциттер
Сабақтың мақсаты:
1. Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру.
 Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
 Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Электрондық оқулықпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,. Химия, матем.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, тірек - сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Білімін жан - жақты тексеру.
ІV. Жаңа сабақ.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
УІІ. Бағалау.
УІІІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
 1. Қан құрамына кіретін заттар?
 2. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз?
 3. Эритроциттер қайда түзіледі?
 4. Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз?
 5. Фагоцитозды ашқан кім?
 6. Лейкоциттер қайда бұзылады?
 7. Лейкоциттер не арқылы қозғалады?
 8. Оттегін тасымалдайтын нәруыз?
 9. Ядросы жоқ қан жасушасы?
 10. Қандағы түссіз сұйықтық?

Жауаптары:
1. плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
2. эритроцит
3. сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда
4. лейкоцит
5. И. Мечников
6. көкбауырда
7. жалғанаяқтар
8. Гемоглобин
9. эритроциттер
10. плазма

Сөздер сөйлейді
Термин сөздерге анықтама беру
Лейкоциттер. Фагоциттер. Фагоцитоз. Фагоцитоз териясы. И. И. Мечников

ІІІ. Білімін жан - жақты тексеру
Балалар! «Халықпен халықты, адам мен адамзатты теңестіретін нәрсе - Білім деп М. Әуезов айтқан екен. Енді біз жаңа тақырып бастамай тұрып өткен тарау бойынша тақырыптарға қайталау арқылы білімімізді тексеріп көрейік.
Миға шабуыл
Тақтаға тест ілінеді. Екі топ жарысып қайталау сұрақтарға жауап айтады.
Болжау стратегиясы
1. Жұмбақтар:
Тарам - тарам бірғалам.
Айқыш, ұйқыш шырғалаң,
Толғанағыс тоқтаса,
Жоғалады бар адам.
(Қантамыр)
Жанды мотор сынбайды.
Күні - түні тынбайды,
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерде тыңдайды
(Жүрек)

2. Тақтадағы қан жасушалары суреттері арқылы жұмбақ жасырылады, ондағы қанның ұюындағы тромбоциттердің іс - әрекеттерінің суреттері арқылы оқушылар жаңа сабақта не айтылатынын шамамен болжап айтады

ІV. Жаңа сабақ
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары - қанның ең кішкентай, түссіз, ядорсыз формалдық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2 - 4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді. 1мм қанда 180 - 350 мың тромбоцит болады. Тіршілік ұзақтығы шамамен 7 күн. Тромбоциттердің негізгі қызметі - қанның ұю және қан кетуді тоқтату процесінде қатысу.
Тірек - сызба нұсқалармеп жұмыс

Тромбоциттер – қан пастинкалары; қанның өте ұсақ ядросыз элементтері, олар жасуша түзінділері болмауы да мүмкінТромбоциттердің мөлшері тәулік ішінде ауытқып отырады: олар күндіз көп, түнде аз болады. Олар көкбауырда бұзылады. Тромбоциттер қанның ұю үрдісінде маңызды рөл атқарады, демек, қан тамырлары зақымданғанда ағзаны қансыраудан сқтауға жәржемдеседі. Нәруыз қан мен ұлпааралық сұйықтықтарда судың керекті мөлшерде таралып отыруын реттейді. Қанның құрамына әр түрлі заттар өне бойы түсіп тұруына қарамастан, оның құрамы үнемі тұрақты болады., өзгермейді. Оның себебі артық заттар зәршығару мүшесі, өкпе, тері арқылы сыртқа бөлініп отырады.
Қанның ұюы. Жарақаттанған жерден алғаш қан аққанымен, аздан соң ақпайтын болады. Себебі, қандағы ерітінді күйіндегі ақуыз талшығы фибрин талшығына айналады.
Қан тамырлары жарақаттанғанда тромбоциттер жарғақшасының бұзылуы нәтижесінде протромбин бөлініп, талшықты фибринге айналдырады. Фибрин талшықтары қан тамырының жарақатталған жерлерін торлайды. Торланған фибрин талшықтарына қанның қызыл түсті жасушалары – эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат – қанұйық түзеді. Тромбоциттер тағы серотонин деген зат бөліп шығарады.
Қанның ұюының бейімделгіш маңызы бар, тамырлар зақымданған жағдайда организмді қансыраудан сақтайды. Сонымен қатар тамырларда айналатын қанның ұйып қалмауы да өте маңызды. Дені сау адамның ұсақ тамырлары жарақаттаған кезде қан кету 3 - 4 минутта тоқтайды. Бұл тамырлардың тарылып, жарақат шетіне жабысып қалатын тромбоциттердің бірігуіне байланысты.

Сонымен қанның ұюы организмнің қорғаныш реакциясы ретінде оны қансыраудан және жарақатқа ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды.

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ой козғау Биологиялык диктант
Организмнің ішкі ортасы деп... айтады. Қан организмдегі... ұлпаға жатады. Қан жасушаларына..,....,... жатады. Эритроциттің қызметі... тасымалдау. Лейкоциттер организмге түскен... өзіне сіңіріп қорытады. Қан жасушалары... жасалады. Көп нуктенің орнына қоятын создер: сүйек кемігінде, дәнекер. лейкоцит, эритроцит, тромбоцит, қан, лимфа, жасуша сұйыктығы, О2, бөгде заттарды.
2. Кесте толтырылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер

Ақмола облысы. Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі Кемалов Абзал Аманкелдіұлы...
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру...
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері Сабақтың мақсаты: 1. Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері...
Жасушаның құрылысы

Жасушаның құрылысы

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...
Жасуша ядросы

Жасуша ядросы

Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету