Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ас қайыру, дастарханға бата беру

Қазағымның алға келген асты батамен бастайтын, тамаш ішіліп біткен кезде батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.

Дастарханың бай болсын.
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.

Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.

Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.

Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.

* * *
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!

* * *
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Бата беру, ас қайыру, дастархан басында айтылатын тілектер

Бата беру, ас қайыру, дастархан басында айтылатын тілектер

Қазағымның қай дастарханы батасыз өтетін еді? Бата беру - алғыс айту, ақ тілек тілеу дегенді білдіреді. Сондықтан бұл баталар жинағын әрбір қазақ...
Баталар жинағы

Баталар жинағы

Нәрестенің бауы берік болсын, Ата - анасына серік болсын! Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін,...
Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханға бата беру, ас қайыру

Дастарханың бай болсын, Қазан - аяққа май толсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып ұяға, Қызың қонсын қияға. Келінің...
Бата - тілек: Дастархан, ас қайыру, тілек

Бата - тілек: Дастархан, ас қайыру, тілек

Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі....
Наурыз бата

Наурыз бата

Наурыз бата - Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету