Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

« Аяулы - анашым»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Естекова Ж.С.

Тақырыбы: Аяулы – анашым.
Мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту. Баланы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі - құралдар: «Көктем – ана, қыздар – гүл», «Менің анам» нақыл сөздер. Қабырға газеті. Әсем безендірген зал. Көңілді музыкамен балалар кіреді.
Тәрбиеші: Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырып, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Оқушы: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.

Оқушы: Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Ана үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.

Оқушы: Ем жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман – сау бол, ақ мамам.

Оқушы: Аналар мерекесі – құтты болсын.

Оқушы: Менің әжем, жыр әжем.
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем.

Сюрприздік сәт: Көңілді музыкамен «көктем» кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен кіммін? Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, көктем.
Көктем: Көктем ерекшеліктері қандай? Кім айтады?
Балалар: Қар ери бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешек шығады.
Көктем: Ал ойынды жақсы көреміз бе?Ендеше балалар кел жақындап ойын ойнайық.
Ойын: «Гүлдерді жинау».
Тәрбиеші: Құрметті көктем біздің балалар өте өнерлі сендерге арнап тақпақтар мен өлеңдерді айтып береді.

Өлең: «Айналайын мама».

Оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарда да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.

Оқушы: Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді.

Оқушы: Көктем де көңілді
Құстар кеп жатқанда
Құлпырып өңірді
Гүл ектік бақтарға.

Оқушы: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Оқушы: Мен деп кірпік қақпаған
Менсіз тамақ татпаған
Бақытты үшін баланың
Аман – сау жүр ақ мамам!
Сюрприздік сәт: Қуыршақ келеді.
Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені таныдыңыздар ма?
Балалар: Қуыршақсың,біз ойнайтын..
Қуыршақ Дұрыс айтасыңдар. Мен қайда келдім, сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрін әдемі киінгенсіңдер.
Балалар: Бізде аналар мерекесі.
Қуыршақ: «Аналар мерекесін» мен білмеймін. «Аналар мерекесі» ол не? Оны немен жиді? Ол тәтті ме?
Балалар: Ол тәтті, бірақ оны жеуге болмайды.
Қуыршақ: Балалар мен тек қана тәтіні жақсы көремін, ойынды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Қуыршақ сен бізбен бірге біздің мерекеде қал. Біздің балалар саған «ана» сөзінің мағынасын түсіндіреді.
Мақал мәтелдер: «Ана сүті бал, баланың тілі бал», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет», «Ана алақанның аясы, ақ шынардың саясы».
Ойын: «Өз балаңды тап».

Оқушы: Ойнаймыз күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

Оқушы: Бойға қуат бересің
Әй жарайсың деген
Мен анамның әр кезде
Соны естігім келеді.

Оқушы: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Анаға сыйлаймыз.

Қуыршақ: Түсіндім, түсіндім «ана» деген кім екенін. Рахмет сендерге балалар. Ал енді ойынды бастайық. Ойнауды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ойнауды жақсы көреміз. Ойнаймыз.
Ойын: «Кім тез».
Би: Қуыршақ, Көктем, балалар көңілді би билейді.
Тәрбиеші: Балалар өз аналарыңа, өз қолдарынан жасаған сыйлығын береді. Мереке күнімен құттықтаймыз.Сау болыңыздар!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету