Сайтқа кіру Тіркелу

Жекпе-жек

Атырау қаласы, Томарлы селосы,
Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Көптілеуова Гүлнар Дүйсенқызы

Әдебиеттік оқу (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жекпе – жек (Ер Тарғын жырынан үзінді)
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер:
1. Білімділігі: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру. Халық ауыз әдебиетіне
Қандай шығармалар жататынын айту. Батырлар жыры туралы түсінік беру. Олардың бойында болатын қасиеттерді жеткізе білу. Жекпе – жек Жырын мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілеттерін, өз ойларын жеткізіп әңгімелеуді, бір - біріне сұрақтар қоя білуді дамыту.
Тәрбиелігі: Елін, жерін қорғайтын, елдің қамын ойлайтын ержүрек батыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, батырлар суреттері, сызбалар,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. әдісі: Салыстыру, сұрақ - жауап, зерттеушілік, топтық
Сабақтың мазмұны: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Айтысты рөлге бөліп айту.
Сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа сабақ: Жекпе - жек.
Бүгін, балалар, біз «Ер Тарғын» жырынан алынған үзіндімен таныса отырып, ауыз әдебиетінің бір үлгісі – батырлар жырымен танысамыз. Алдымен ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
- Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?
Ертегілер, аңыздар, айтыстар, жаңылтпаштар, батырлар жыры, жұмбақтар.
4. Ой қозғау:
Егер ел қорғайтын батырлар болмаса, ел жағдайы не болар еді?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Нені білгім келеді?
1. Жыр неліктен «Ер Тарғын» деп аталады?
2. Жырдағы басты кейіпкер кім?
3. Жырда оқиға немен аяқталады?
1 - слайд. Жырды тыңдау.
2 - слайд. Суретпен жұмыс.
5. Топтық жұмыс:
Бағдаршам түстері арқылы топқа бөлу.
6. Жырды іштей оқу.
1 - топ сұрақтарға жауап береді.
1. Жыр неліктен «Ер Тарғын»деп аталады?
2. Жырда Тарғынның ержүрек батыр екені қалай берілген? Өлеңнің алғашқы 12 жолын оқы. Не түсіндің?
Тарғынға соғысуға келе жатқан кім?
2 - топ сұрақтары:
1. Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Ары қарай жалғастыру. Тарғынның сөзінен не байқадың?
2. Жырдың ортасында «Қорамсаққа қол салды»деп басталатын қайталанған өлең шумағын табу.
3. Қайталанған шумақта қандай өзгешелік бар? Бұл жерде қандай оқиғалар баяндалады?
3 - топ сұрақтары:
1. Домбауылдың атқан оғы Тарғынға тиді ме? Осы жерін жырдан тауып оқу.
2. Жырда оқиға немен аяқталады?
3. «Ер Тарғын» жырының ерекше ұнаған жерін айту.
6. Сергіту сәті.
7. Постер қорғау.
1 - топ Жырдың мазмұнына байланысты сурет салып, қорғау.
2 - топ. Батырлар туралы эссе жазу.
3 - топ Ер Тарғынға сипаттама беру.
8. Сөздік жұмысын жүргізу.
9. Түйінді ой.
Осы жырдан түйген ойларың қандай?
10. Қорытынды:
Тарғын елі үшін, халық кегі үші кейіпкер. Ол бір ауылдың, бір рудың намысы үшін емес, бүкіл ноғайлы жұртының намысы үшін сыртқы жаулармен қанды шайқасқа түседі. Елінің, халқының тәуелсіздігін, бостандығын, намысын қорғауды өзінің азаматтық парызы деп білген.
Тарғын - ержүрек, үлкенді сыйлаған, ел қамын ойлаған батыр. Шыдамды, адамгершілігі жоғары, үлкен жүрек иесі.
11. Рефлексия.
Бүгінгі тақырып ұнады ма?
Мәуелі ағашқа ойларын стикерге жазып ілу.
12. Үйге: Ер Тарғын жырын оқып, түсіну.
13. Бағалау.
Қызыл, сары, жасыл смайликтер тарату арқылы бағаланды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×