Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Технология пәнінен сабақ жоспарлары

Сабақтардың тақырыптары
1. Ашықхаттан үй жиһазын жасау
2. Құмыраны дәндермен безендіру
3. Түйме салатын қобдиша жасау
4. Былғарыдан сөмке тігу


Сабақ үлгісі:
Тақырыбы: Ұсақ моншақтардан панно жасау.
Мақсаты: Оқушыларға ұсақ моншақтардан панно жасатып үйрету. Ой - өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: моншақтардан жасалған әр түрлі бұйымдар.
Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі - түсті ұсақ моншақтар, көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар, қатты қағаз, қарындаш, ПВА желімі, ағылшын түйреуіші.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Ұсақ моншақтарды алқа, сырғалар жасап, әр түрлі киімдерді безендіруге қолданады. Сондай - ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып, панно жасауға болады. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ - жауап
3. Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1. Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.
2. Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып, кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.
3. Гүл мен себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек, жұлдызша, жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.
4. Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.

V. Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Өздерің қандай гүлді ұнатасыңдар?
Желімді не үшін жіңішкелеп жағамыз?

VI. Бағалау
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету