Сайтқа кіру Тіркелу

Ойлы болсаң, озып көр

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр.
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған құнды тәжірибелер мен тәлім – тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаз,
Интерактивті тақта.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, ой - қозғау.
Сабаттың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.
2. Қазылар алқасын сайлау.
3. Қорытынды бөлім.

Құрметті оқушылар, қонақтар.
Өнерлімен дос болсаң,

Қиялыңды қозғайды,- демекші, бүгінгі «Ойды болсаң, озып көр» атты интелектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!
Сайысымыздың мақсаттары әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы білімдерін одан әрі тереңдеу. Алған білімдерін пысықтау.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 - топ. «Талапкер»
2 - топ. «Алғырлар» тобы
Бөлімдермен танысу: 1. «Ұшқыр ой»
2. «Қызықты төрттік»
3. «Сөз құрастыру»
4. «Полиглот»

Әділ қазы алқасымен таныстыру:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға,- дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.

Таныстыру: Әп топ топтың аты мен ұранын айтады.
Жарайды, енді мен қазір сендерге сөз жазылған қағаз таратамын. Қай топ бірінші сол сөздерден сөйлем құраса, сол топ бастайды.
- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?

«Ұлт болашағы – білімдінің қолында»
Ал, дайынбыз ба? Кезек 1 - топта.
1 - Бөлім. «Ұшқыр ой»
Сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 10 - сұрақтан қойылады.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?

(16 желтоқсан 1991ж)
2. Қазақ батырларын ата.

(Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
4. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, аспан, жер, ауа, тас)
5. Әр адамның шағын адамы? (Отбасы)
6. Жылдың 4мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
7. Дарабоз атанған батыр кім? (Қабанбай)
8. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
9. Басты байлық не? (Денсаулық)
10. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2 - топтық сұрақтары.

1. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)
4. Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
5. Біздің ел ордамыз қай қала? (Астана)
6. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
7. Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)
8. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5минутта)
9. Судың үш күйін ата? (Қатты, сұйық, газ)
10. Абайдың әжесі кім? (Зере)
2 - бөлім «Қызықты төрттік»
Төрт пән бойынша әр топ 5 сұрақтан жауап береді.

Ана тілі 1 - топ
«Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім?
«Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз?
Құрманғазының шәкірті кім?
Рейхстагқа ту тіккен кім?
2 - топ
«Күлпаш» әңгімесін кім жазған?
«Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы?
Үш биді ата?

Ы. Алтынсарин кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?
Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кім?
Математика 1 - топ
Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Шаршы дегеніміз не?
1 ғасырда неше жыл бар?
9бен 4 көбейтіндісі нешеге тең?
Ең кіші төрт таңбала сан?
2 - топ
1 мүшел 12жас десек, 3 мүшелде неше жас бар?
Бөлу амалының атаулары?
Геометриялық фигураларды ата?
2 жылда неше ай бар?
1 км - де неше мерт бар?
Қазақ тілі 1 - топ
Мәтіннің түрлерін атаңдар?
«Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап?
Жұрнақ дегеніміз не?
Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?

Зат есімнің тәуелденуі
2 - топ
Зат есімнің жіктелуі
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Барыс септігінің жалғауы?
Жалғаудың қызметі не?
Әдемі, сұлу, келбетті қандай сөздер?
Дүниетану. 1 - топ
Қазақстан жері қанша километр аумақты құрайды?
Заттың көлемін кішірейтетін санды не дейміз?
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар?
«Қара алтын» деп нені айтады?
Адамның ішкі мүшелерін ата?

2 - топ
Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата?
Адам денесінің тірегі
Жерге жақын тұрған және күндіз ғана болатын жұлдыз не?
Картада таулар қандай түспен боялған?
Қалталы аң?
3 - Бөлім. «Сөз құрастыру»
2 - топқа бір - бір конверт беріледі. Конверттен қандай сөз шықса, сол сөз әріптерін пайдаланып 1минут ішінде сөздер құрастырады.
1 - топ «Қызғалдақ» 2 - топ «Бауырсақ»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×