Сайтқа кіру Тіркелу

«Атай»

Сабақтың тақырыбы: « Атай» Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу; отбасы мүшелерінің қарым - қатынасы, тәлімдік үлгі - өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту; жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу; шығармалардың мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау; өздігінен еркін түрде өз ойын жеткізе білу.
Дамытушылық: оқушылардың отбасында, қоршаған ортада өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға; үлкенді сыйлауға; имандылыққа адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: интербелсенді тақтадан түрлі дидактикалық материалдар, мақал - мәтелдер (ата тәлімі туралы), суреттер, жұмбақтар, ойындар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар,
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақ мақсатын анықтау;
- бір - бірлеріне сәттілік тілеу.
Өзімді жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын.
Бүгін, ертең,
Жақсылық болсын!
2. Үй тапсырмасын тексеру; оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
3. Қызығушылықтарын ояту.
А) «Мақал – сөздің ажары» ойыны. Берілген сөздерден мақал - мәтелдер құрастыру.
АТА ЖАҚСЫ - ОРМАН,
БАЛА ЖАҚСЫ – ҚОРҒАН.
«Жақсы ата - орман,
Жақсы бала - қорған.»
- Мақал - мәтелдің мағынасын ашу.
4. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1) «Ой қозғау» стратегиясы.
«Жаңылмай айт» ойыны. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, оның ішіндегі сөздерді қалай түсінетінін айтқызу.
Алғыс алғыш – тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс.
2) «Болжау» стратегиясы.
- Бүгінгі сабақтың не туралы екенін табу үшін мына криптограмманы шешіңдер.
3) Оқулықпен жұмыс.
А) С. Ақаев туралы мағлұмат алу.
Ә) «Ата тәлімі» әңгімесімен жұмыс.
- мәтінді түсініп оқу; Оқушыларға кезекпен оқыту, талдату
- мәтіннің негізгі ойын анықтау;
- таныс емес сөздермен жұмыс; «Ашкөз аңшы»
- мәтін мазмұнын жеткізу;
- өз ойын білдіру.
- алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- «Есіңде болсын!» - ескерпелерді есте сақтап, орындау.
Б) Шығармашылық тапсырма.
- Өздерің осындай істер атқардыңдар ма? Әңгімеле.
4. Сергіту сәті
5. Ой толғаныс
«Ой түіні» ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Мақсаты: өтілген мәтіннің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.
- Зейнеткер табиғатқа қандай қамқорлық жасаған?
- Атайдың немерелері қандай істермен айналысты?
- Құстарға, жалпы табиғатқа адам неліктен қамқорлық жасайды?
6) Дәптермен жұмыс. 1 - тапсырма: Сөздік жұмыс: Ашкөз аңшы – сараң, қызғаншақ аңшы. Зейнеткер – зейнет жасына жеткен егде адам. 2 - тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
6. Рефлексия. «Табиғатты аяла» тақырыбына әссе жазу.
7. Қорытындылау.
А) Үй тапсырмасы:
1) мазмұндау;
2) Атай туралы мақал - мәтелдер жинастыр.
ә) Оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...
Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы желтоқсан

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тишбекова Кенжегуль Махметовна...
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының...
Ана тілі сен ұйықтап жатқанда

Ана тілі сен ұйықтап жатқанда

Пән: ана тілі № Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Сокпақбаев Мақсаты: 1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын...
Әдебиеттік оқу

Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып

Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырып: Адамның досы Сабақтың мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×