Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс».
Сабақтың мақсаты:
1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Абай суреті, тірек сызбалар, қыс мезгілі суреттері слайдтар, т. б
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік, «Топтастыру» стратегиясы, зерттеу жұмыстары, Венн диаграммасы, әңгімелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
II. Өткенді пысықтау
- Балалар біз қандай тарауды аяқтадық? (Өткен өмірден)
-«Мың жылдан артық уақыт өтсе де», ұмытылмаған кім? (Әбу Насыр әл - Фараби)
- «Қобыланды батыр» жырының авторы кім?
- «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың қару - жарақтарын ата.
- Баян тауын қорғаған батыр кім?
- Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы жырлардың авторы кім?
1. Қызығушылығын ояту.
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? - Жыл мезгілдерін ата.
- Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?
(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы, неге ұнайтыны туралы әңгімелейді. ) 1 - слайд
- Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Қыс айларын ата. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
(Топтарға бөлу: 1топ - Желтоқсан, 2топ - Қаңтар, 3топ - Ақпан).
- Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?
2. «Топтастыру» стратегиясы
боран қар
Қыс
салқын аяз
III. Жаңа сабақты түсіндіру. 2 - слайд
- Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тарауымыз «Қыс бейнесі» деп аталады..
Сол тараудың бірі тақырыбы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көптеген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер - білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
- Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те айтамыз, өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т. б өлеңдері бар. 3 - слайд
1. Мағынаны ашу. Өлеңді мұғалімнің оқуы.
Қыс. Абай Құнанбайұлы 4 - слайд
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті - қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
2. Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан.
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Өз бетінше, тізбектей оқу.
3. Сөздік жұмысы. 5 - слайд
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
4. Оқулықпен жұмыс. Сұрақ тапсырма бойынша өлеңді талдау 6 - слайд
- Ақын қысты кімге теңейді? Қысты адамға, кәрі шалға теңеп тұр
- Шалдың киімдері қандай? Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан
- Киім деп отырғаны не? Жауып тұрған қар, қатқан мұз
- Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? Ақ киімді, ақ сақалды Аяз атаға
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? Қатал, ашулы адамды айтады
- Соқыр - мылқау деген себебі не? Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады
- Түр, түсі қандай? Түсі ақ қырау сияқты суық
- Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? Қатулы, ашулы адамды айтады
- Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген? Ойнаған балалардың беті – қолы тоңып, малшылар жылы киінсе де, аязға шыдай алмай теріс қарады.
Сергіту сәті. «Шынықсын денеміз» өлеңі
5. Дәптермен жұмыс. Адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып жазып алу, оқу.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Бұлттай қасы жауып екі көзін
6. Шығармашылық тапсырма. «Ұйқасын тап». 7 - слайд
- ……керемет,
- …… себелеп.
Ұшып жүрген бейне бір,
- ….. көбелек.
5. Топпен жұмыс. 8 - слайд
І - топ: Желтоқсан тобы
1. «Қыс» тақырыбына әңгіме құрастыру
2. Қыс мезгіліне байланысты мақал - мәтел жазу
(- Қыс азығын жаз жина.)
- Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың
- Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды т. б)
ІІ - топ: Қаңтар тобы
1. Қыс мезгіліне байланысты 5 жол өлең құрастыру
2. Қыс мезгіліне жұмбақтар құрастыру
ІІІ - топ: Ақпан тобы
1. Шартты белгілер арқылы бүгінгі ауа - райын бақылап жазу.
2. Халықтық педагогика: Ертеде ата - бабаларымыз ауа - райын жануарлар мен өсімдіктерге қарап болжай білген. Сондай өздерің білетін бірнеше болжамдар жазыңдар (Өрістен қайтқан мал аузына шөп тістеп келсе, кешікпей боран болады. Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады. Шөп буыны ерте қатса, қыс жайсыз болады. Жаз құйынды болса, қыс қатал болады. т. б )
3. Венн диаграммасы арқылы «Жаз» және «Қыс» өлеңдерін салыстыру.
Жаз Қыс
V. Бекіту
Ой толғаныс
- Енді «Қыс» өлеңіндегі жеке көріністерді логикалық ойлау сызбасы арқылы көрсетелік. 9 - слайд
Қыс
1. Табиғат сипаты
Соқыр мылқау, үскірік аяз бен қар, сықырлап келіп қалды
2. Адам бейнесі
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті ақ қырау, бұлттай қасын жапқан
3. Ауыл тіршілігі
Балалардың беті - қолы домбығып, үсік шалды
4. Малшылар күйі
Шидем тон киген малшылар суықтан теріс айналды
V. Қорытынды.
- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?
- Авторы кім?
- Оның жыл мезгіліне арналған тағы қандай өлеңдері бар, үзінді атып жіберейік? –
Жыл мезгілдерінен басқа тағы қандай өлеңдерін бар?
VI. Бағалау.
Мұғалім бағалайды,
VII. Үйге тапсырма. Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×