Сайтқа кіру Тіркелу

Мағынасы қарама - қарсы сөздер

2 сынып
Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама - қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: Білімділік: сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Кейбір сөздердің мағынасы қарама - қарсы болатыны туралы түсінік беру. Мағынасы қарама - қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен қолдануға машықтандыру.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Типі: жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы
1. Мотивациялық - бағдарлау кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін
Мен бүгін саған жақсылық тілеймін
Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін.
2. Ой қозғау стратегиясы
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз
« Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. Жеті атасын білген ер,
жеті ру елдің қамын жер демекші, Жеті атаны еске түсірейік. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі Жеті атаны атау дегеніміз:▪ Өзің▪ Әкең ▪ Атаң▪ Арғы атаң ▪ Бабаң▪ Түп ата▪ Тек ата
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата - бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
- Атты, түйені, өгізді
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды, атты жолға әзірлейік.
Сұрақтарға жауап бере отырып, атамыздың ауылына келіп қалыппыз.
4 «Ата»ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар дайындапты.
Ой толғаныс стратегиясы
● Сөз неден құралады?
• Әр сөздің несі болады?
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
Ал балалар, жер тайғақ, құлап қалмайық. (бәріміз жөнделіп отырайық). Алдымызда көрінген қай ауыл?.

2 «Әке» ауылы.
Көпірде екі лақ кездесіп қалыпты. Қара лақ былай дейді:- Ақ лақ, маған жол бер, мен қыста туылдым, ал сен жазда туылдың. Сондықтан менің жасым сенің жасыңнан үлкен. «Үлкенге құрмет, кішіге - ізет» деген мақалды білетін шығарсың? Сонда Ақ лақ:- Жоқ, сенің жасың үлкен, менің жасым кіші болғанымен, сенің бойың - қысқа, ал менің бойым - ұзын. Мен неге жол беруім керек. / сүзісіп, көпірден құлап түседі /
- Балалар, көпірде кездескен лақтардың түстері қандай?/ақ - қара/
- Олар қай мезгілде туған?/ қыста - жазда/
- Жастары қандай? /үлкен - кіші/
Лақтардың бойлары қандай? / ұзын - қысқа/
Бұл сөздер қандай сөздер?/ бір - біріне қарама - қарсы сөздер/
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
3 «Бала» ауылы.
Оқулықпен жұмыс 240 - жаттығу
(Мағынасы қарама - қарсы сөз тауып, көшіріп жаз.).
Таза - арзан -
Жылы - мейірімді -
Әлсіз - терең -
● Бұл қандай сөздер? / Мағынасы қарама - қарсы сөздер/
4. Ал балалар, үш ауылға саяхат жасап, шаршаңқырап қалған болармыз Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда Сергіту сәтін жасайық.
Қолды белге қояйық.
Иіліп солға бір,
Иіліп оңға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
- Сергіту сәтінде қандай қарама - қарсы сөздер кездесті?
5. Кәне, балалар шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар, уақыт болса жақын қалды.
Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз.
Мақалдарды оқып, мағынасын ашу. Қарама - қарсы сөздерді табу. /Ауызша/
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

6. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
«Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» ауылы сендерге мынадай тапсырма дайындапты 241 - жаттығу Ребусты шешу - Жарық /жарқанат, асық/
Қосымша дерек
Топпен жұмыс Жарық деген не?
Жарық - ол энергия көзі. Жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене Жарықсыз өмірдің мәні жоқ. Өйткені тіршілік атаулы жарық пен жылу арқылы жанданып, дамиды.
Жарық табиғатты танудың маңызды құралы болып танылады. Жарық біздің көзіміз көріп тұрған нәрсе., жарықты осылайша сипаттаған жеңілірек. Жарық адамның көру органы – көзінің оны қабылдай алуы арқасында, табиғатты танып білудің маңызды құралы болып танылады.
ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
7. Ал, балалар, соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы Қолғаптың сыңарын тап.
239 - жаттығу.
● таза, лас, тар, кең, жуан, жіңішке, жас, кәрі, қалың, жұқа, кіру, шығу, жұмсақ, қатты, күн, түн, ыстық, суық, айлакер, аңқау, батыр, қорқақ сөздерін қатыстырып сөйлем құра..
Үйге тапсырма. 238 - жаттығу
Ой түйіндеу
- Балалар біз бүгін қандай сөздермен жұмыстар жүргіздік?
- Мұндай сөздер не үшін қажет? / заттың сапа, белгісін салыстыру үшін /
4. Бағалау. - Сабақта өз жұмысыңды қалай бағалайсың?
(тақтаға назар аударыңдар)
Партаның үстінен 3 түсті алманың біреуін таңдау керек.
Қызыл – өте жақсы
Жасыл - жақсы
Сары - қанағаттанарлық
Көңіл - күйлерің қандай? Партаның үстінде жатқан смайликтер арқылы көрсетіңдер
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×