Сайтқа кіру Тіркелу

Бір ел, бір халық, бір тағдыр (1 сынып)

Бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Шаланова Гульмира Тлектесовна
1 «б» сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер

Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. «Оқу - инемен құдық қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік - биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Алғаш сабағымызды бастамай тұрып, бір - бірімізбен танысып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрып «Достық шеңберін» құрайық. Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.

Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. «Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
- Бүгін балалар, Отан туралы, халқымыз туралы, ел туралы айтамыз. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деп аталады.
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? /ҚР картасы/
ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? /Астана суреті/
- Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
- Біздің президентіміз кім? /Н. Ә. Назарбаев портреті/
- ҚР рәміздерін кім біледі? /ҚР рәміздері/
- ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?
- Елтаңбада не суреттелген?
- Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?
- ҚР халқы бір - бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда тұрамыз.
- Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.

Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

- Біздің еліміздің тарихы туралы әлі талай оқып білесіңдер. Ал біздің сауаттылығымызды ашатын, оқуға, жазуға үйрететін, ең алғаш оқулықтарың бұл - Әліппе.
- Әліппенің алғаш бетінде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерге өз тілегін жолдапты, мен сендерге оқып берейін../қол шапалақтау/

- Балалар, бүгін сендер қайда келдіңдер? /мектепке, сыныпқа/
- Сендерді кім күтіп алды? /мұғалім/
- Сенен басқа тағы кімдер бар? /оқушылар/
- Мектепке келу үшін не қажет? /оқу құралдары/

- Мына суретте мектепте қажет емес, қандай артық заттар бар? /суреттер/
- Ендеше бізді қанша артық, қанша кем, салыстыруға, санауға үйрететін пән бұл - Математика. /қол шапалақтау/
Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі.
- Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?
Ойын: Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа - райы құбылыстарын айтамын.
Дұрыс болса - қол шапалақтаймыз!
Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз!
• Жазда жиі жаңбыр жауады.+
• Қыста алма піседі.-
• Көктемде жеміс - жидек жинаймыз.-
• Қыста боран соғады.+
• Күзде суық жел соғады.+
• Жазда қарлы, аязды күндер жиі болады.-
• Қыстыгүні гүл жинаймыз. –
• Көктемде ағаштар бүршік атады+

Табиғаттың құбылыстары туралы, адам, өсімдік және жануарлар туралы дүниетану пәні үйретеді. Танысып қоялық. /қол шапалақтау/
Ой - толғаныс: Мақалды толықтырып оқиық:
1) Отан оттан да ыстық.
2) Туған жерге ту тік.
3) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Бағалау:
- Ал, балалар бүгінгі алғаш сабақтарын ұнады ма? Әлде ұнамады ма?
Ұнаса - көңілді смаиликті, ұнамаса - көңілсіз смаиликті көтереміз. Тамаша, сабақ бәрімізге ұнады!
Сабақтың қорытындысында елбасымыздың ХХ сессияда сөйлеген сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...
Бір ел – бір халық – бір тағдыр

Бір ел – бір халық – бір тағдыр

А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна...
Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...
Бір халық – бір ел бір тағдыр

Бір халық – бір ел бір тағдыр

Сабақтың мақсаты: білімділік 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×