Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі тіл байлықтарын дамытуды басқару

Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі тіл байлықтарын дамытуды басқару
Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы - олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
В. Б. Бондаревский танымдық қызығушылықты қалыптастырудың өзегі ретінде оқушы меңгеретін оқу материалының мазмұнын; оқу іс - әрекетінің жан - жақты үдерісін және оқу үдерісіне қатысушылардың өзара қарым - қатынасын қарастырады. Бұл анықтаманың негізінде танымдық қызығушылық - оқушының іс - әрекетінде жүзеге асырылатын және «бірте - бірте бекіне отырып, адамның тұлға ретінде қалыптастыратын тұрақты қасиетіне айналады» деп түйіндейміз.
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады. Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс - әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:
1. Оқу үрдісіне қолдану барысында:
- оқыту құралы;
- көрнекілік құрал;
- дидактикалық құрал;
- диагностикалау және бақылау құралы;
2. Жұмыс жасау барысында:
- тестті дайындау және оны сақтау құралы;
- графикалық ақпараттарды өндеу құралы;
- пікірді дайындау құралы;
- есептеу құралы.
Аталған қызметтермен қатар оны қолдану барысында проблемалар туындайды:
- бірқатар оқытушылар мен оқушыларда үйде компьютерлері жоқ;
- оқытушының компьютерлік сауаттылығы жеткіліксіз;
- оқытушылардың сабаққа дайындалу уақыты жеткіліксіз;
- компьютерлік сыныпта сабақ өту үшін сыныпты екі топқа бөлуге тура келеді;
- оқушылардың компьютермен жұмыс жасау уақытының шектелуі болуы;
- бастауыш сыныпқа арналған мультимедиялық электрондық оқулықтардың аздығы;
- ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданып сабақ өтуден оқытушы тек қана көрнекі - иллюстративті әдіске көшіп алады.
Жоғарыдағы келтірілген проблемалық мәселелерді шешу барысында бастауыш мектептің білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық құралдарын қолданудың тиімді әдіс - тәсілдеріне жан - жақты тоқталып өтейік.
Мұнда оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен
бірге оны өндеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларда қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайлрды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезені оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениеті н, пікірталасу арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын жне ой - пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалады қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым - қатынасчын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мн танымдық қызығушылық қалыптастыруға мүмкәіндіәк беретін тиімді әдіс болып табылады.
Қазіргі педагогикада оқушылардың оқыту үдерісіне танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әртүрлі әдістері қолданылуда. Соның ішінде, біздің зерттеу жұмысымыз үшін оқу үдерісіне ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізлелген үш түрін қолданамыз:
- оқу материалының мазмұны;
- оқушының оқу іс - әрекетін ұйымдастыру;
- оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым - қатынас.
Сабақта оқушылардың ақпараттық қатынастық технология құралдары арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін түрлі әдістер де қолданылады. Оларға толығырақ тоқталайық.
Алгоритмдік немесе программалау әдістерін жүргізудің негізгі мақсаты - оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы жүзеге асады. Осы үдерісте төмендегідей оқу дағдылары: нысандарды талдау; талданған нысандарды түсіндіру; нысандарды дәлелдеу; нысандардың өзіндік белгілерін санап көрсету; оны оқушылардың өзіндік талдауы арқылы қалыптастырады. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады.
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.
Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн: 1. ауызекі тілде сөйлеудің монологты және диалогты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді; 2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы; 3. Қосымша оқыту құралдарының жиі - жиі қолданылуы; 4. лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.
Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогтықұрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Осы орайда, бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты және монологты формада сөйлей білуге үйрету.
Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық қатынастық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерде жаңа ақпарттық қатынастық технология, компьютерлік оқытудың технологиясы, компьютерлік педагогикалық технологиялар сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде ұғымның әлі дұрыс қалыптаспағандығы байқалады, сондықтан қазіргі оқыту технологиялары мен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқытудың ақпарттық қатынастық технологиясы ұғымына тоқталып, оған берілген анықтамаларды саралай келе, біріншіден ақпарттық қатынастық технология – оқыту әдісі, ақпарттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден – ақпарттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпарттық қатынастық технология арқылы дамыту дегеніміз – оқушының өзіндік білім алу іс - әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәтін теру технологиясы тақырыбындағы қолдаңбалы курс

Мәтін теру технологиясы тақырыбындағы қолдаңбалы курс

Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Бірлесу - Еңбек" орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қырықбаева Эльмира Рапильбековна...
«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

«Компьютерлік әліппе» элективтік курс жоспары

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 шағын орталықты орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазірг ...

Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазірг ...

Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...
Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету