Сайтқа кіру Тіркелу

Адамды адам еткен еңбек

Сабақ мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.
Сабақ міндеттері:
1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.
2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Табиғат туралы өлең оқылады.
- Бүгін адамның табиғаттан не үйренгенін оқып білеміз.
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау
3. Пікір алмасу.
Оқушылар бір - біріне сұрақтар қою арқылы жұмыс.
- Адам табиғаттан нені үйренеді?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
- Дұрыс. Бүгін тағы өткен өмірге саяхат жасаймыз.
Сабақ барысында. «Тарихи дереккөз» кестесі толтырылады.
Заттық дереккөз Жазбаша дереккөз Ауызекі дереккөз

2. Оқулықпен жұмыс.
1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.
2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.

Қазіргі заман адамы Жануарлар

Үй, қабырға, қоршаулар соғады Аралар, құстардың ұясы

Аспанға ұшу Құстардың ұшуы
Оқушылар салыстыруды жалғастырады.
3. «Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.
4. Сабақты қорытындылау
- Тарих дегеніміз не? Ғалымдар ненің арқасында көне заман туралы біледі? Мына кестеге қарайық.
Тарихи дереккөз
Заттық дереккөз Жазбаша дереккөз Ауызекі дереккөз
Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар. Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б. Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар.
3. Бақылау
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы әңгіме оқылады.
Үйге тапсырма беру. Еңбек туралы бақылауларын бақылау күнделігіне жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×