Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт мезгіл. Заттың сынын білдіретін сөздер

Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл. Заттың сынын білдіретін сөздер. (1 класс)
Сабақтың мақсаты: Заттың сынын білдіретін сөздер туралы оқушылардың білімдерін пысықтау. Ертегінің идеялық мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушылардың түсініп оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау;
• Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру; есте сақтау, ойлау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
• Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: білім қорытындылау сабағы
Сабақтың әдістері: ойын, талдау, әңгімелесу, көрнекілік, шығармашылық.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы:
Бағдарлау - мотивациялық кезең
- Терезеге қараңдаршы, бүгін күн қандай тамаша! Күн күлімдеп тұр. Біздің класс бөлмесінде де күн бар, ол бүкіл сабақ барысында сендерге қарап тұрады.

-«Гүл жайнаған өлке» өлеңін тізбектей оқыту, сұраққа жауап алу. – Өлең не туралы? – Қай мезгіл суреттелген? – Өлең қалай аяқталған? Оны кім түсіндіреді? – Авторы кім? – Осы өлеңде заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер бар ма?
Аты Қимылы Сыны
Терек жымыңдайды самал Қайың тербеледі ерке Жел сыбырласып көркем Аң төгеді
Жұмбақ шешу(слайдтан көрсетіледі)
Жер үстінде 1 Оның бар 12 бұтағы. Әрқайсысында 30
30-ының бір жағы ақ, бір жағы қара. (бәйтерек - жыл, 12 ай, 30 күн, күн мен түн)
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне арналмақ. Әр жыл мезгілдің өзінше әдемілігі, әсемдігі, ерекшелігі бар.
- «Өз орныңды анықта» ойыны. 4 оқушыға 4 жыл мезгіл суреті беріледі. Тақтаға жүгіріп шығып, өз орнын табу қажет.
- Ендеше, «Төрт мезгіл» атты ертегімен танысамыз. Ертегі тыңдағыларың келе ме? Ертегі не үшін керек? «Ынталы бала ертегіні ұйып тыңдар, зейінді бала көкейге түйіп тыңдар» слайды ашылады.
Орындаушылық - операциялық кезең
Оқулықпен жұмыс. Ертегі мәтінін мұғалімнің оқуы.
Сөздік жұмысы: сынай қарапты – не айтар екен, не істер екен деп бақылау; енші беру – баласын бөлек шығарғанда беретін малы.
Оқушыларға тізбектете оқыту, жыл ақсақалдың сөзін тауып оқу. Сұрақтар беру: - Қане, кім айтады? Қатулы қысқа қандай айлар тап келді? (желтоқсан, қаңтар, ақпан) - Сұлу көктемге ше?(наурыз, сәуір, мамыр) - Жадырған жаз өзіне қандай айларды алды?(маусым, шілде, тамыз) -- Көңілшек күз қандай айларды иеленді? (қыркүйек, қазан, қараша) – Саған жылдың қай мезгілі ұнайды?
Сергіту сәті. «Көктем келді» әнінің 1 шумағын қимылын көрсете отырып айту.
Дәптермен жұмыс. Әр қатарға жыл мезгілдеріне байланысты 2 сөйлем құрау тапсырылады.
1 - қатар - көктем мезгіліне,
2 - қатар - күз мезгіліне,
3 - қатар - жаз мезгіліне.
Мысалы: Көктемде мал төлдейді. Қозылар жасыл шөпке жайылады. №2 дәптер тапсырмасын орындау.
Суретпен жұмыс. Суреттегі кейіпкерлерге қарай отырып, сын есімдерді атау. Оқушылардың пікірін талдау. Жыл ақсақал - үлкен, айбатты, айбарлы, т. б. Қыс - мұздай, қатулы, күмістей, ақ, қаһарлы, т. б. Көктем - сұлу, жасыл, әдемі, жылы, т. б. Жаз - жасыл, жайдарлы, жадыраған, т. б. Күз - көңілшек, молшылықты, жаңбырлы, тұманды т. б.
Бағалау - рефлекциялық кезең
- Қане, бір сәт ақын болып көрейік. (слайдтан көрсетіледі)
.................................. сұлу,..................................... көктем,................................... жылу...................................... неткен!
Үйге тапсырма беру. Ертегіні оқу, мазмұнын әңгімелеу, 281 - жаттығуды орындау.
Бағалау. – Балалар, сабақта сіздерге жақсы көңіл сыйлаған Күнге үлкен рахмет айтайық. Күннің сіздерге берген бағасы мынау болды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптары 2 сынып

Сөз таптары 2 сынып

Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....
Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы бойынша құрылған) Ана тілі (1 - сынып) Тақырыбы:Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.у....
Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...
Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер

Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер

Ана тілі пәнінен Қысқа мерзімді жоспар (1-сынып) (Блум таксономиясы бойынша құрылған) Тақырыбы: Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер...
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Жезказған қаласы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×