Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күрделі сөздерді қайталау

Тақырып: Күрделі сөздерді қайталау.
Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру.
2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сызба, күрделі сөздер, үлестірме қағаз, сурет.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқу - құралдарын ретке келтіру.
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Топтастыру стратегиясы.
Күрделі сөздер, олардың түрлері туралы еске түсіндіру. Мысалдар келтіру.
Күрделі сөздер:
Біріккен сөздер
Қос сөздер
Қысқарған сөздер.

IV. Оқулықпен жұмыс.
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуіндегі сөз қандай сөз екенін айту.
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін. (Күнбағыс)
Қүнбағыс - біріккен сөз, өйткені күн және бағыс деген екі түбірден жасалып, не? сұрағына жауап береді.
А) Тақтаға сөйлемдер жазып, біріккен сөздерді табу.
Қыстыгүні қатты аяздар болады. Амангелді жылы тоны мен қолғабын киеді. Біздің ауыл Келдімұрат деп аталады.

2. Ойын «Сыңарын тап». Сөздің бірінші түбірі тақтаға ілінеді, оқушылар екінші сыңарын табу.
Жып-жылы, темір-терсек, әке-шеше, бала-шаға, көйлек-көншек, мая-мая.
а) Қос сөз дегеніміз не? Оның жасалу түрлерін атау.
Бір сөздің қайталануы арқылы Екі сөздің қосарлануы арқылы Күшейткіш буын арқылы
ә) 57 - жаттығу. Мәтінді оқып қос сөздерді табу.
Қалай жасалғанын айту.
б) «Ой толғау» стратегиясы.

56 - жаттығу. Берілген қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу, ауызша тексеру.
Үлгі-өнеге, ойлай-ойлай, кіп-кішкентай.
3. Тақтаға жазылған сөйлемдерді оқып, асты сызылған сөздердің қандай сөз екенін айту.
Қазақстан президенті АҚШ-қа ресми сапармен барып қайтты. Менің ағайым ҚАЗҰУ - да оқиды.
АҚШ, ҚазҰУ - қысқарған сөздер, өйткені бірнеше сөздің атаулары қысқартылып айтылып тұр.

4. Ойын «Кім көп біледі?»
V. Шығармашылық тапсырма
«Қыс» суреті бойынша 4 - 5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазу. Сөйлемдегі күрделі сөздерді табу.
VI. Сабақты сұрақ-жауап түрінде қорыту.
VII. Үйге ережелерді қайталау.
VIII. Карточкамен жұмыс жазу.

№1. Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу.
Аңдар:
Құстар:
№2 Сөйлемдегі асты сызылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Аулада ойнап жүрген балалардың үсті қар. Биік тау алыстан көрінеді. Қарғалар қарқ етіп ұшып кетті
№3. Берілген сөздерді қысқартып жаз.
Педагогикалық кеңес, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Қазақстан Республикасы.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету