Сайтқа кіру Тіркелу

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Мерзімі:
Мақсаты:
1. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.
2. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.
3. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.
Көрнекілік: Интерактивті тақта

Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. 1-слайд
Әңгіме оқу.

II. Кіріспе: Ой шақыру
" Сәлем" сөзінде қандай сыр бар?
Сынып сағатының тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. 2-слайд

III. Негізгі бөлім. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу – адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, тілдесуі, ізеттілікті білдіреді. Сәлем берудің де бірнеше түрлері бар.

Сәлемдесу түрлері 3-слайд
Сәлеметсіз бе!
Армысыз! Қош келдіңіз! Ассалаумағалейкум! Аман есенсіз бе? Сәлем.

Сәлемдесудің мәнін ашу: Оқушылар пікірін тыңдау.
1-оқушы. Үлкен адамға сәлем беру-кішінің міндеті. Сәлем беру –имандылықтың, мәдениеттіліктің белгісі.
2-оқушы. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы сыйлап сәлем беру – біздің ата дәстүріміз.
3-оқушы. Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін.

4-оқушы. Кім үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.

Нақыл сөздер. (4-слайд)
Сәлем-сөздің анасы.
Сәлем-әдептілік белгісі.

Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.

Сәлем беру де парыз
Сәлем алу да парыз.

Жақсы сөз-жарым ырыс

IV. Мағынаны ашу. Көрініс "Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді"
Оқушы пікірін тыңдау. Қандай қорытынды жасауға болады?
«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ-КІШІК БОЛ» 5-слайд
Оқушы. Армандап ап бетке,
Көгер қане, көкте.
Кімді көрсең дағы,
Сәлем бермей өтпе.
Оқушы. Сәлем-тілек шыңы, Сөзімнің бұл шыны.
Ұлттық салтты сақтау, Кісіліктің құны.

Оқушы. Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні
Сәлем жасамай өтпегін
Әдепті қыл бұл ісіңді

«Жалғасын тап»ойыны 6-слайд
1. Әдепті бала –арлы бала
------------------------------.
2. ------------- сөздің анасы.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар
------------------------------.
4. Сәлем беру де парыз,
---------------------------.
5. Әдептілік белгісі -
-----------------бергені.

Көрініс. "Алты жасар Дәуреннің ауылға келуі, алпыс жастағы қарияның амандасуы"
- Бұл әңгімеден нені білдік?
Оқушы: Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді»дейтін аталы сөз бар. Ауылға алғаш келген адамға жасына қарамастан үлкендер өздері келіп сәлем береді.
Оқушы. –Меніңше, кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің деген осыдан шықса керек. 7-слайд
Суретпен жұмыс. Әдепті Әдепсіз 8-слайд

Қорыту. Хаттарға жауап.
1. Сәлемі түзу екен дегенді қалай түсінесің?
2. Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?
Осыдан қандай қорытынды шығару керек.
Оқушы. Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Оқушы. Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Оқушы. Сәлемдесуден жалықпайық.
Оқушы. Сәлем беру – кішіліктің белгісі.
Оқушы. Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
Мұғалім: Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.
Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

Үйге тапсырма. «Мен әдепті баламын»
Шығарма
Рефлексия
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×