Сайтқа кіру Тіркелу

Даңғой Есентай Ерботин

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Ана тілі
Тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.
Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру.
2.Мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпелік қырсығы т.б. сөздерді пайдаланып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.
3.Мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Түрі: Ойын сабақ
Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, дидактикалық ойын
Әдістемелік негізі: ойынан оқуға
Көрнекілігі: сюжетті сурет, парақша, «сиқырлы сандар» кестесі

Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Оқытылатын пәндердің бәрін қаусырып, орап алатын пән-ана тілі. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі...» (Ж.Аймауытов).
2.Сабақ жоспарын таныстыру.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Білгенді жүйелеу» басқышы.
1.Сұрақ-жауап. Мінездеме жазу
А) Дулат Исабеков кім? Қандай шығармасымен таныссыңдар?
Ә) «Өкініш» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
Б) «Ащы бал» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

2.Венн диаграммасы.

1.Авторлары кім?
2.Шығарма жанры -
3.Кейіпкерлері кімдер?
4.Оқиға қайда болған?
5.Кейіпкерлердің қандай әдеттері бар?
6.Іс-әрекеттерінен қорытынды шығарды ма?

«Жаңамен танысу» басқышы.
III.Жаңа білім.

1.Кіріспе әңгіме.Ұқыпсыздық, салақтық, ұрлықтан аулақ болу керек.Ондай жаман әдеттің бірі - даңғойлық яғни ретсіз мақтаншақтық.Бүгінгі оқитын мысал осы жөнінде.Оның авторы Есентай Ерботин балалар ақыны, оның шығармалары қысқа тақпақтар, жаңылтпаштар, ойын-өлеңдер, мысалдар.Олар өте қызықты оқылады. («Менің досым»).
2.Мысалды оқып, сюжетті сурет бойынша мазмұнын түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәнерлеп оқу.

IY.Сергіту сәті.Қияр сөзін дене мүшелерімен жазу.
«Сиқырлы сандар» кестесі ойыны.
1.Шығарма неліктен мысалға жатады?
2.Қияр нені қиялдады?
3.Сол үшін не істеді?
4.Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
5.Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды?
6.Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқы.
7.Өлең сөздеріне сүйене отырып, «мақтаншаұ» деген мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
(Дәптерге жазу. Мақтаншақ, даңғой, желөкпе).

8.Мысалдан «үлкен» деген мағынаны білдіріп тұрған сөзді
тауып оқы.(үлкен, нән, алып, дәу).

9.Мысалдың соңғы шумағына көңіл бөліп, оның неге жататынын анықта: - мақал-мәтел, -нақыл сөз.

10.Қалтарыс сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
11.Кәде сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
12.Даңғой сөзіне сөйлем ойла.
13.Өзіңді мақтап айт.
14.Досыңды мақтап айт.
15.Өзгені мақтаған немесе өзіңді мақтаған оңай ма? ұнай ма?

Жасырылған сөз: Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмеске...(Абай).

«Нәтиже» басқышы.
1.Парақшада берілген сөздермен тілек айту.

Талап ------------Өсек -------------- Отан
Еңбек----------- Өтірік -------------- Ел
Рақым --------- Мақтаншақ ------ Халық
Терең ой ------ Еріншек ----------- Ата-ана
Қанағат -------- Қызғаншақ ------- Мектеп
Білім ----------- Ұқыпсыз ------------ Туған жер

Y.Қорытынды:
2.Не өтілді?
Нені үйрендік?

YI.Үйге тапсырма
1.Мысалды мәнерлеп оқу.
2.Мазмұнын жазу.
YII.Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×