Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Адал достық. Д. Матайқызы

Сабақтық тақырыбы: Адал достық. Д. Матайқызы (слайд)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың "достық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: адал достықтың мәнін түсіндіру;
Дамытушылығы: өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;
Тәрбиелілігі: мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымаққа тәрбиелеу;
“5 Т” ережесі.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

Үй тапсырмасы
55 бетте « Өсиет - әңгіме» түсінік айтып келу.
*Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
*Аңыз - әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
*Адамдар көбінесе өзінің мінезіне ұқсамайтын адамдармен жолдас, дос бола ала ма?
*Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады дегенге сенесің бе?
*Сендердің де адал достарың бар ма?
*Олардың адалдығын қай іс - әрекеттерінен байқадыңдар?

Дәйексөз:
«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»
Оқиға айту. Мұғалім сыйы
Адал достық
Д. Матайқызы
Сұрақтар:
*Ержасын мен Темірланның достығы туралы айтыңдар?
*Ержасын мен Темірлан қайта достаса алды ма?
*Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?
*Адал дос болу үшін өзіңді - өзің қалай тәрбиелейсің?
*Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме? Айтып беріңдер.
*Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер.

Шығармашылық жұмыс, топқа біріктіру.
Талап тобы: « Менің досым» эссе жазу.
Ақыл тобы: Мақал - мәтелдер айту
Ой тобы: Бағанадағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Топпен ән айту: «Дос туралы жыр
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Абуева Гулбану Егизбаевна

Слайдты жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету