Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі!

Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі! Сыныптан тыс іс - шара жоспары.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін «Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі» атты балабақша түлектерімен кездесу кешінің сценарийі.
(Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылады)
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, балабақша түлектері. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткелі отырған «Түлектерім – Тәуелсіздік тірегі» атты балабақша түлектерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
- Бүгін қуанышты күн – бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Тәуелсіздік – бұл ата – баба арманының орындалғанының айғағы.
25 жыл ішінде біздің мемлекетіміз барлық қиындықтарды басынан өткеріп, елімізді әлем картасына белгіледі, сол арқылы еліміздің дәрежесі көтерілді.
25 жыл ішінде Тәуелсіз ел қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман – есен өтіп келеміз. Тәуелсіздік – еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке.
... Уақыт зымырап өтіп жатыр.... Барлығы өте тез. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардың басында ғана ашылған біздің «Балдырған» балабақшамыз да Тәуелсіздік жылдарымен бірге жылыстап дамып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, Тәуелсіздік тұғырын тірейтін түлектер тәрбиелеп келеді. Түлектер, сіздер кеше ғана сәби бүлдіршін едіңдер, бүгін міне ер жетіп азамат болдыңдар, осы сіздер біздің елдің ертеңгі тәуелсіздігіміздің тірегісіздер.
Бүгінгі кездесу кешіне болашақ Тәуелсіздік тірегі болар балабақшамыздың 25 түлегі қатысып отыр.
Олар:

Жүргізуші: Біздің ортамызда балабақшада көп жылдар әдіскерлік қызмет атқарып, қазір зейнеткерлікке шыққан, сіздердің сәби шақтарыңызда балабақшада қалай тәрбиеленгендеріңізді көріп, сол жылдарға куә болған бақшаның әже тәрбиешісі Гүлнара Пангерейқызы отыр. Гүлнара Пангерейқызы сөз кезегі өзіңізде.

Құрметті балабақша түлектері мерекелік кешке тағы да қош келдіңіздер! Балабақшаның 22 – ші түлектері меркелік шашуымен ортамызда!
Би «Стеляги». Жетекшісі балабақша тәрбиешісі – Динара Ерболатқызы.

Құттықтау сөз балабақша директоры міндетін атқарушы Гүлнара Саматқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалық шақ, жасөспірім кезең, ересек адам, қарттық кезең – осының бәрі адам баласының өсу үрдісінің көрінісі. Осындай кезеңдердің ең тамашасы – балалық шағы. Тәлім – тәрбиенің, білімнің ең алғаш бастауын, өнегенің бастауын балалар осы балалық шағында алады. Осындай тәрбиенің бастауын бастап, біз балабақшадан беретінімізді мақтан тұтамыз. Ендеше құрметті түлектер, сіздерге балабақшадағы өткен күндеріңді еске түсірер «Балабақшам – балғын шағым» атты балабақша бүлдіршіндерінің қойылымын тамашалай отырып, балалық шаққа бір сапар шегіп көрейік.
Мерекелік құттықтау ортаңғы топ бүлдіршіндерінен.
(бүлдіршіндер кеш қонақтары атымен тақпақ айтады)
Мұхаммед:
Бойға жинап салт - дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны
Мәртебесін көтеретін биікке
Ағаларым - тәуелсіз ел қыраны

Саябек:
Асқан сайын өмір - жолдың өткелін
Балалық шақ сағындырар көктемің
Тілекші боп тұрады ылғи анаңдай
Балабақша алтын ұя мекенің

Нұртас:
Білімді жаста бастадың
Ғылымды іздеп үңіліп
Өмірге сапар бастадың
Біздің балабақшадан

Рахим:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады
Іңкәр:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату - тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Томирис:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Камилла:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы,
«Балдырған» бөбекжай – бала бақшасының
Жоғары санатты әдіскері Хайруллаева Назгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету