Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жайдарлы жаз (музыкалық ойын - сауық кеш)

Тақырыбы: Жайдарлы жаз (музыкалық ойын - сауық кеш)

Жүргізуші: Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға.
Қызықтап көркін күн ұзын,
Асыр сап көкте ойнауға.
Сәлеметсіңдер ме менің сүйкімді бүлдіршіндерім және кеш қонақтары. Бүгінгі «Жайдарлы жаз»музыкалық ойын - сауық кешке қош келдіңіздер! Балалар біз ең алдымен бізге шуағын сеуіп тұрған нұрлы күнмен содан соң аяғымызды басып жүретін қара жермен амандасып алайық.

Сабақтың барысы: Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман – есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, адам мен табиғат әрқашанда егіз. Тіршілікте одан ғажап ешнәрсе жоқ. Табиғат, жер - ана, туған жер осы сөздер құлаққа жағымды естіліп шаттық сезімін ұялатады десеңші. Табиғатты неліктен анамызға теңейміз, өйткені анамыз бізге ақ сүтін беріп өсіреді, ал табиғат - біздің қамқоршымыз, асыраушымыз десек қателеспеген болар едік. Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта. Ол мезгілге байланысты өзгеріп тұрады. Қазір жылдың қай мезгілі? Мына суреттен табайық.
Балалар: Жаз мезгілі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Күз мезгіліндегі ауладағы ағаштарды еске түсірейік, жапырақтардың түстері қандай болады? Қыс мезгілінде балалар қалай киінеді, көктемде құстар қай жақтан келеді? Қазір жылдың қай мезгілі? Жаз мезгілінде жапырақтардың түстері қандай болады?
Балалар: Жасыл
Жүргізуші: Қазір неліктен жапырақтардың түстері жасыл болып тұр? Адамдар неге жеңіл кейініп жүр? Жылдың қай мезгілінде балалар суға шомылады?
Балалар: Балалардың жауабы
Жүргізуші: Мына табиғат неге көңілсіз екен, осы табиғаттың көңілсіз бейнесін маған кім жадыратып береді екен. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақ айтып білесіңдер ме? Олай болса мен ортаға Дидарды шақырғым келіп тұр.

Көңілді жаз, тамаша,
Ән саламыз жараса
Тақпақ айтып би - билеп,
Ойнаймыз - ау таласа.
Көңілді жаз, тамаша,
Күледі күн қараса.
Жағасында ойнаймыз,
Жалаң аяқ балаша. (3 топ) Дидар

- Қараңдаршы балалар, табиғатымыз жанданып, жадырап, көңілденіп қалды. Күніміз де күлімдеп, рақмет айтқандай болып тұр. Кәне біздер табиғатқа өзіміздің ризашылығымызды білдірейік.
- Жер, дем беріп, күш қосқаның үшін рақмет!
- Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!
- Ағаш көлеңкең үшін рақмет!
- Табиғат сұлулығың үшін рақмет!(балалар хормен бірге айтады)
Жүргізуші: балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар, жұмбағымның жауабын кім табатын болса, сол бала маған керемет ән айтып береді,
Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар осы жаз мезгіліне арнап, жайқалып өсіп тұрған гүлдерге арнап Райымбек тақпақ айтып береді.
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп. Райымбек (3 топ)
Енді осы 3 - ші топтың қыздарын «Гүл көбелек»әнімен ортаға шақырамын
Ән «Гүл көбелек» орындайтын 3 - ші «Гүлдер»тобының сұлу қыздарын ортаға шақырамын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар, талаптарыңа нұр жаусын!
(күннің күркіреген музыкасы ойналады, найзағайдың дауысы шығады)
Балалар қараңдаршы ауа - райы бұзылып, күннің көзі көрінбей, бұлттанып, жаңбыр жауғалы тұрған сияқты, енді осы гүл мен көбелектерді жаңбырдан қорғайықшы бәріміз. Күншуақтай жайнаймыз, күлімдейміз ойнаймыз демекші сайқымазақ сендермен бірге «Күн мен жаңбыр»деген ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойынның шарты:
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер, сендер тағы қандай ойынның түрлерін білесіңдер аттарын атап бере аласыңдар ма?
Балалар: балалардың жауабы.
Жүргізуші: Ал, балалар сендердің сүйікті, сүйкімді, өздерің жақсы көретін ойыншықтарың бар ма? ендеше сол ойыншықтарға арнап кім тақпақ, көңілді ән айтып береді. Мен ортаға Әсемжанды шақырғым келіп тұр.
Ойыншықтар көп екен,
Бірге ойнайық, балақай.
Көкорай шалғын көк екен,
Жарысайық, алақай! Әсемжан (1 топ)

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Болашақ бөбекжайы» Ән - саз жетекшісі:
Эльмира Джумагулова Сансызбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бауырсақпен бірге көктемді қарсы алайық

Бауырсақпен бірге көктемді қарсы алайық

Мақсаты: Балаларға көктем, көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек туралы түсінік бере отыра, көктем белгілерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту....
Туған күнді тойлаймыз

Туған күнді тойлаймыз

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...
Ойыншықтар

Ойыншықтар

Тақырыбы: Ойыншықтар Мақсаты: Балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтардың атын, түсін және қандай...
Сыйқырлы пішіндер

Сыйқырлы пішіндер

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін артыру, заттарға қарап геометриялық пішіндерді салыстыру арқылы ажырату. Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізге...
Күз сыйы

Күз сыйы

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы кеңінен түсіндіру. Күз мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Қимылдық ойын арқылы күзгі орманға саяхат жасау....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету