Сайтқа кіру Тіркелу

Қызыл Телпектің хиқаялары

Екібастұз қаласы,
№14 "Малышок" балабақшасының
қазақ тілі оқытушысы
Балтабаева Қорлан

«Қызыл Телпектің хикаялары»
Музыка ойналады (балалар кіреді).
Шаттық шеңбері:
Армысыз, қайырлы таң!
Армысыз, қайырлы күн!
Қуан, шаттан, алақай!
Күліп шықты, бүгін күн,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Қызыл Телпек келеді, көмек сұрайды.
- Балалар! Маған көмектесіңдерші! Мен әжеге барғым келіп тұр. Әжемді өте сағындым. Мен жалғыз қорқамын. Мұғалім:- Ендеше кеттік.
- Муз. әуен. Сандық тұрады (сандықтың іші ашылғанда
- Тапсырманы орындаңдар?
Тапсырма 1:
- Далада қандай мезгіл?
Далада қандай мезгіл?- Далада қыс. Қыста не жауады? – Қыста қар жауады. Балалар қардан не жасайды?. Балалар қардан аққала жасайды. Қыста неше ай бар? Қыста үш ай бар. Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан.
- Ия, балалар қыс мезгілінде суық болады.-
Ендеше суықтан қорықпау үшін, сенде қызыл Телпек бізбен бірге нүктелі массаж жаса.
Ауырма» (Нүктелі массаж)
- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейік.
Алақанды маңдайға,
Саусақтарды айырлап,
Құлақтарды уқала.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Балалар!- Ия, ия, ия.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Қорықпаймыз, ауырмаймыз.

Жолдан келе жатады. Қасқырды кездестіреді.
Қасқыр ырылдап шыға келеді.
Қасқыр:- ЫРР! Қайда бара жатырсыңдар?
Балалар:- Әжеге бара жатырмыз.
Қасқыр:- Егерде тапсырманы орындамасаңдар, мен сендерді жібермеймін.

1. Тапсырма мынадай:
«Өзің жайлы айтып бер?»
2 тапсырма. «Сен балабақшада не істейсің?»
1. «Өзің жайлы айтып бер?»
- Сенің атың кім?
Бала:- Менің атым --------
Сен неше жастасың? Мен алты жастамын. Сенің анаңның аты кім?
Менің анамның аты --------. Сенің әкеңнің аты кім? Менің әкем ----------------
Сен қайдан келдің? Мен үйден келдім. Сен қайда келдің?. Мен балабақшаға келдім..
Графикалық үлгілеу арқылы жұмыс.
2 тапсырма. «Сен балабақшада не істейсің?»
Мен балабақшада (тамақ ішемін, сабақ оқимын, ойнаймын, сурет саламын,,
ұйықтаймын, ән айтамын.
Саусақ жаттығулары: «Оңға дейін санап көр!»
Бір дегенім бесік,
Екі дегенім етік,
Үш дегенім үкі,
Төрт дегенім түлкі,
Бес дегенім балық,
Алты дегенім арық,
Жеті дегенім желкем,
Сегіз дегенім серкем,
Тоғыз дегенім тайлақ,
Он дегенім оймақ,
Саусақтарыңды сана,
Енді өзің ойлан.

Құстардың үні естіледі. Балалар байқайсыңдар ма, біз орманға келе жатырмыз. Ауасы қандай тамаша! Кәне, иісті иіскейікші.
Дем алу жаттығулары. Мұғалім балалармен демалу жаттығуын жасайды.

Орманшы кездеседі, амандасады.
Орманшы:- Қайда бара жатырсыңдар?
Қызыл Телпек:- Әжеге бара жатырмыз!
Тапсырма. - Орман жануарларын атап беріңдер? (АЮ, ҚАСҚЫР, Түлкі, ҚОЯН, КІРПІ)
Орманшы:« Мына берілген жолақшаға суреттерді орналастырып сөйлем құрастыр да айтып беріңдерші?
Сергіту сәті: «Бес саусақ» Музыка ойналады.
Ауыл көрініп қалады.

Әже алдарынан шыға келеді

Әже:- Ой рахмет, балалар! Менің Қызыл телпегім келіпті ғой.
- Балалар! Менің балам мына ноутбук дей ме, соны жіберіпті. Мынаны қалай қосады. Ішінде бір қызық бар дейді. Соны маған көрсетіңдерші! Әже отырады, балалар жанында тұрады.
Диск: «Логика» (проектормен көрсетіледі) жұмбақтармен. Мұғалім тақтаға проектормен шыққан жұмбақты балаларға оқиды. Балалар жұмбақтарды шешеді. Әже таң қалады.(смайликтар шыққан сайын таң қалады)
- Әже, сіздің көңіл күйіңізді біраз тағы да көтерейік!
Балалар әжеге жаңылтпаш айтып береді.
Бала:- Ала қарға, қара қарға
Қара қарға, ала қарға.
Бала: Ақ шар бар. көк шар бар
Көп шар бар.
4 шар бар.
Бала:- Апта күндерін айтып береді.
Бала:- тақпақ.
Қорытынды жасау:- Біз не істедік?
Релаксация:- «Жылу білдірейік!»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×