Сайтқа кіру Тіркелу

1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
Мақсаты: 5 - ке дейін санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру, 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау, сандарды тура және кері санауға үйрету.

Қолданатын көрнекілік: сандар, зымыран суреті, шар, геометриялық пішіндер, (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш), үлестірмелі материалдар
Іс - әрекет кезеңдері
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Рефлексиялық - түзетушілік
Тәрбиешінің іс – әрекеті
- Саламатсыздар ма, балалар!

- Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Сәлем!- дейік үлкенге

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті?
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын деп орнымызға отырайық
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Кәне, атап шығайық
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Ақ шарды көрсету
Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
- Қыста жер қандай болады

Сары шарды көрсету
Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді.
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жасыл шарды көрсету.
Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілді білдіреді.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×