Сайтқа кіру Тіркелу

Ойыншықтар

Білім саласы: Қатынас
Ұ. О. І. Ә: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ойыншықтар
Мақсаты: Балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Т: Балалар, алдымен қонақтарға сәлем беріп, амандасып алайық
Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қонақтармен амандасу.
Бізге келген қонақтар қандай балалар.
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем т. б
Психологиялық дайындық: Балалар бір бірімен ойыншықты беру арқылы «Амансың ба?»т. б амандасады.
«Көбелекті ұста» ойынын ойнайық. Ойынның шарты сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
Т: - Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын білесіңдер ме?
- Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
- Кім күз туралы тақпақ білесіңдер?
Т:- Балалар, сендер балабақшада, үйде не істейсіңдер?
Б:- Ойнаймыз
Т:- Немен ойнайсыңдар?
Б:- Ойыншықпен ойнаймыз.
Т:- Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен.
Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане, мына ойыншықты ұстап көрейікші, қандай екен.
Б:- Жұмсақ
Т:- Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар қатты пластмассадан, бостау резинадан, жұмсақ мақтадан жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады. Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе күлдірген.
Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
Күлдірген: Сенің жасың нешеде?
Балалардың жауабы: үште.
Күлдірген: Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір керемет көрсетіп берейін бе?
Тәрбиеші: Балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?
Балалар: иә, көрейікші.
Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.
Күлдірген: Ол үшін балалар маған өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы тақпақ айтып берерсің?
Т: Тоғжан сенің сүйікті ойыншығын қандай?
Тоғжан: Менің сүйікті ойыншығым қуыршақ.
Қүлдірген: Олай болса (дорбаны айналдырып, сиқырлы сөздер айтады.) Қуыршақ шығады. Тақпағын айтады.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ
Жуынбайсың сен неге?
Кірің жоқ па, қуыршақ
Аяғың бар неге сен,
Жүре алмайсың, қуыршақ.
Нұрасыл: Менің сүйікті ойыншығым доп. Күлдірген тағы сөздер айтып, доп сиқырлы дорбамның ішінде бар ма екен?
Доп шығады.
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап
Алға сырғып жүгірдің
Шатырға сен секірдің?
Т: Диас, сенің сүйікті ойыншығын қандай?
Б: Машина
Күлдірген: жарайды, дорбамда бар ма екен, қарайын (сиқырлы сөздерін айтады.)
Т: Машина туралы тақпағыңды айта ғой.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Т: Жарайсыңдар, балалар енді күлдіргенмен бірге ойын ойнайық. Күлдірген сиқырлы дорбаңда тағы ойыншықтар бар ма?
Күлдірген: Иә
Ойын. «»Шарты: Балалар дорбадан ойыншықты алып сипаттайды.

Күлдірген: Балалар кім ойыншықтар туралы санамақ айтқысы кеп тұр?
Слайдтан. Еркебұлан:
Бақшаға жақсы аға,
Көп-көп ойыншық әкелді.
1 балық, 1аю, 1үйрек
1түлкі, 1бүркіт
Шатасып қалма бірақ та
Бақшаға жақсы аға
Қанша ойыншық әкелді?
Күлдірген: Рахмет. Ойыншықтар туралы көп біледі екенсіңдер, балалар. Сау боп тұрыңдар!
Б: Сау болыңыз!
Ойын:
Т: Балалар, бүгін нелер туралы айттық?
Б: Ойыншықтар
Т: Өте жақсы
Б: Кім ойыншық туралы тақпақ айтқысы кеп тұр?
Әділ:
Ойыншықтар қандай әдемі,
Қызыл, сары, қоңыр, көк
Түрлі-түрлі түстері
Көз тартады өздері
Айша:
Іші толған бөлменің
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймаймын,
Достарыммен ойнаймын.

Мадақтау. Бүгінгі сабағымызға балалардың барлығы жақсы қатысты.
Т: Өте жақсы балалар, енді орнымыздан тұрып, қол ұстасып, бір біріміздің жылуымызды сезініп, бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Сау болыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×