Сайтқа кіру Тіркелу

1 Сәуір - Күлкі күні

Тақырыбы: 1 Сәуір — Күлкі күні (Күлкі - жанның шипасы)
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу
в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу
Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген (түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)
Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.
Жүргізуші: Уа халайық, халайық!
Бәріміз құлақ салайық,
Бүгінгі күлкі күнінде,
Ойын ойнап, 1 күліп,
Көңілді көтеріп алайық.
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар хормен: Күлкі күні!
Жүргізуші: - Балалар мен бүгін
Алдар көсе атамыздан хат алдым.
Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен.
Біздер соған дайын болуымыз керек.
Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.
Алдар көсе кіреді.
Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Бүгін бізде мереке,
Күлкі күні ерекше.
Балалар менің хатымды алдыңдар ма?
Балалар хормен: - Я Алдар көсе:
- Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр.
Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар.
Қане ойынымызды бастайық!
Ойын: «Кім епті» Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды
Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек.
Ойын көрермендермен де ойналады. Алдар көсе:
- Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.
Балалар хормен: С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А - Қ
Сайқымазақ кіреді:
- Күлмейтінді күлдірген,
Жүрген жерін бүлдірген,
Көп ойнап, көп күлген,
Сайқымазақ мен боламын. Бәріңізге күлкі күнімен!!!
Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді.
Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен көрсеткендеріңді қалаймын (смайликтер таратылады).
Ойын: «Менің бейнем»
Мазмұны: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек.
Ойын көрермендермен де ойнатылады.
Би: «Сайқымазақпен би»
Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×