Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Үш аю» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын сахналау арқылы түсіндіру, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Ертегіні сахналауға бейімдеу. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін – бірі сыйлауға үйрету. Өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үйшік, орман, талдар, орындық, кейіпкерлер, төсек орны, ботқа ыдыстары, себет, үнтаспа.
Айгерім:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балғын балалар!?
Барлығын бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі, сендерге сыр шертеді.
Ең қызық ертегіні сахнаға енгіздік.
Баяндайын көріңдер, өз бағасын беріңдер.
Автор: Ерте, ерте, ертеде атай мен әжей болыпты, олардың Маша деген немересі бар екен. Бір күні Маша.
Маша: Әже орманнан жидек теріп қайтайыншы.
Әжесі: Жақсы бара ғой қызым, тек алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Маша: Жарайды әже.
Автор: Маша орманда жидек теріп, өлең айтып жүргенде адасып кетеді.
Қайтар жолды таба алмай жылайды, қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
Маша: Ата, әже қайдасыңдар? Маған көмектесіңіздерші.
Автор: Маша жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған бір үйшікке кезігеді. Атасы мен әжесі күте – күте шаршайды
Маша: Үйшікте кім тұрады?
Автор: деп айқайлайды, еш дыбыс естілмейді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Әкесі, анасы, баласы. Маша дастарханда тұрған үш табақ ботқаны көреді. Үлкен табақ әкесінікі, орташа табақ анасынікі, ал кішкене табақ қонжықтікі еді. Маша үлкен табақтағы, одан кейін орташа табақтағы ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкене табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалады. Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкені – әкесінікі, одан кішірегі - анасыныкі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады. Қыз қонжықтың орындығына отырып, табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары – бері шайқап ойнайды. Ақырында оны құлатып, өзі жерге құлайды. Маша орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені – әкесінікі, ортаншысы – анасыныкі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Маша ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған Маша осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.
Әкесі: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.
Автор: Осылайша аюлар байқап қалады. (Өз тамағын көрген аюдың әкесі)
Әкесі: Менің тамағыма кім тиіскен?
Анасы: Менің ботқамды да татып көріпті.
Қонжық: Ой, менің ботқамды түгелдей жеп қойыпты.
Автор: деп шәңк – шәңк етеді. Аюлар ұйықтайтын бөлмелеріне кірсе.
Әкесі: Менің төсегіме кім жатпақ болды?
Анасы: Менің төсегімді де умаждап тастапты.
Қонжық: Ой, менің төсегімде біреу жатыр ғой, міне жатыр ұстаңдар.
Автор: аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетеді.
Маша: Мен атаммен әжемнен сұранып орманға жидек теруге шыққам адасып кеттім. Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.
Аюлар: жарайды.
Маша:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аюлар: Маша, орманда жалғыз жүруге болмайды. Біз сені ата, әжеңе алып барайық.
Автор: Аюлар Машаны атасы мен әжесіне алып келеді.
Атасы, әжесі: Рахмет, сендерге аюлар, келіңдер бәріміз дос болайық.
Автор: Сүйтіп, барлығы дос болып, тату – тәтті өмір сүріпті.
Ән: «Ертегілер»
Қортынды: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегі не жайында?
Ормандағы үйшік кімнің үйшігі екен?
(кейіпкерлерді хабарлап айту) тыңдағандарыңызға рахмет!

Шманова Әйгерім Маратқызы,
«Ақерке» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету