Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Анатомия білімі – медицина білігі

Анатомия және латын тілі пәндерінен ашық сайыс сабақ
Тақырыбы: Анатомия білімі – медицина білігі
Сабақтың түрі: Бинарлық
Сайысқа қатысушылар: 2 м/с1, 2 леч/1 тобының студенттері
Курс I
Семестр III
Сайыстың мақсаты: Қалыпты организмнің құрылысы мен қызметін зерттейтін барлық медицина ғылымдарының негізін қалайтын пәндер анатомия және латын тілі болып табылады. Бұл пәндерді жеткілікті игеру студенттің кәсіби маман болуына септігін тигізеді.
Анатомия және латын тілі сайыс түрінде өткізе отырып студенттерді адам ағзасының құрылысын, маңызын, қызметін білуге үйрету.
Жүйелердің орналасатын орнын, латынша атауларын, қалыпты жағдайдағы қызметтерінің көрсеткіштерін білу.
Сайыс кезінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Білімділік: Анатомия және латын тілі бойынша студенттер білімдерін қорытындылап, бағалау.
Дамытушылық: Анатомия және латын тілі пәндерін сайыс түрінде өткізе отырып, студенттердің білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін, игерген тәжірибелік дағдыларын нығайту.
Тәжірибелік: Жаңа технологияны игере отырып, студенттің танымдылыққа білмін арттыру.
Сабақтың түрі: Бинарлық
Сайысқа қатысушылар: 2 м/с1, 2 леч/1 тобының студенттері
Пән ішілік байланыс: «тіндер», «остеология»,«синдесмология»,«миология».
Пән аралық байланыс: «Анатомия»,«Физиология»,«Латын тілі».
Қолданылған оқулықтар: А. Қ. Сәтпаева «Адам физиологиясы», С. А.
А. Рақышев «Адам анатомиясы», Ж. К. Ермахан «Тәнтану».

Сабақтың хронокартасы
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
ІІ. Таныстыру – 5 мин.
ІII. Үй тапсырмасы. Студенттер үйден өткен тақырыптар бойынша презентация, видеофильм дайындап, бір - біріне сұрақ қойып, жауап береді. – 17 мин.
ІV.«Жұлдызды сәт» интеллектуалды шоу – 15 мин.
1) «Бәйге»
2) «Жорға»
3) «Дода»
V. «Рефлексия» - 5 мин.
VI. «Ой қозғау»- топ басшыларының пікір сайысы – 10 мин.
VІІ. Тәжірибеңді таныт! (алгоритм бойынша тәжірибелік іс - әрекеттерді көрсету) – 15 мин.
VІIІ. Көрермендер үлесі немесе «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (Студенттердің шығармашылық өнерлері) – 4 мин.
IX. Үй тапсырмасы (Барлық өтілген тақырыптарды қысқы каникулда қайталау) – 2 мин.
Х. Сайысты қорытындылау (Әділ қазылардың шешімі) – 5 мин.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер аудиторияның сайысқа дайындығын тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын мәнін атап өтеді. Сайыстың өту барысын, сайысқа қатысатын топшаларды таныстырады.
Әділ қазылар алқасының мүшелері: А. М. Адылканова колледж директоры, Н. М. Оспанова, Марал Кадыровна
Топшалардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.

ІІ. Таныстыру: - 2 балл. Әр топша өз - өзін таныстырып, эмблема, ұранын айтады.
І топша – Бас сүйектері
ІІ топша – Қол сүйектері

ІII. Үй тапсырмасы. Студенттер үйден өткен тақырыптар бойынша презентация, видеофильм дайындап, бір - біріне сұрақ қойып, жауап береді.
IV. «Жұлдызды сәт» интеллектуалды шоу.
Сәлеметсіздер ме, қымбатты білім сүйер қауым. «Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» деген халық даналығы. Күн өткен сайын маңызы артып келеді. «Білім теңіз түбіндегі інжу - маржан» деп тегін айтпаса керек. Өскелең ұрпақтың оқуға, білімге ұмтылысы, рухани байлықтың иесі болуға ұмтылыс деп білген. Солардың бірі біздің ойыншылар. Үздіксіз ізденіспен ұдайы ұмтылыс студенттерді білім бәйгесіне біріктірді.
Өмірде дос, ойында ғана қарсылас сайыскерлер, сайысқа сақадай сай.
Сайыскерлердің қарқыны үш айналымнан кейін белгілі болады. Біз ойынымызды бастаймыз. Алғашқы айналым «БӘЙГЕ».
Қымбатты ойыншылар. Алғашқы айналымның ойын шарты бойынша қазір сіздерге тест түрінде ортақ он екі сұрақ оқимын. Әр сұраққа жауап ретінде бес нұсқа берілген. Сіздер берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын белгілейсіздер. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
1) «Бәйге»
1. Сүйек қандай ұлпаға жатады:
1. Бұлшық ет
2. Эпителий
3. Дәнекер
4. Жүйке
5. Эндотелий

2. Мықын, шонданай және шат бөлімдері қай сүйектер болады?
1. Жауырын
2. Жамбас
3. Ми сауыты
4. Самай сүйегі
5. Ортан жілік

3. Жілік сүйектерінің диафиздерінде қандай зат болады?
1. Қыртысты
2. Буынды
3. Лимфа
4. Қызыл сүйек майы
5. Фолликулярлы сұйықтық

4. Мойын омыртқаларының ерекшелігі:
1. Үлкен болады
2. Қылқанды өсіндісі болмайды
3. Бітіліп кеткен болады
4. Көлденең өсіндісінде тесігі болады
5. Денесінде қабыртқа бұдыры болады

5. Адам денесін ортасынан қақ оң және сол бөліктерге бөлетін жазықтық
1. Жебе
2. Қарсы
3. Проксимальды
4. Көлденең
5. Дистальды

6. Қай бұлшықет арқаның беткей бұлшық етіне жатпайды?
1. Арқаның жалпақ бұлшық еті
2. Трапеция тәрізді бұлшық ет
3. Ромб тәрізді бұлшық ет
4. Тісті бұлшықет
5. Омыртқа жотасында жататын бұлшық ет

7. Бұлшықеттің басы деп қай бөлімін айтады?
1. Медиальды
2. Латеральды
3. Проксимальды
4. Дистальды
5. Сагиттальды

8. Қай бұлшықет шайнау бұлшықеттеріне жатады?
1. Самай бұлшықеті
2. Пешене бұлшықеті
3. Күлкі бұлшықеті
4. Мұрын бұлшықеті
5. Құлақ қалқанының бұлшықеті

9. Ахилл сіңірі қай еттің сіңірі?
1. Камбала тәрізді бұлшықет
2. Төрт басты бұлшықет
3. Көкіректің үлкен бұлшықеті
4. Ромб тәрізді бұлшықет
5. Жұмыр пронатор

10. Иық буыны пішіні бойынша:
1. Жалпақ
2. Шығыршық тәрізді
3. Эллипс тәрізді
4. Айдаршық тәрізді
5. Шар тәрізді

11. Омыртқа бағанасының бүйіріне қарай қисаюы:
1. Бел лордозы
2. Сегізкөз кифозы
3. Мойын лордозы
4. Кеуде кифозы
5. Сколиоз

12. Топай, өкше, қайың, текше, сына сүйектері аяқтың қандай бөлімінде болады?
1. Табан
2. Бақай
3. Тілерсек
4. Башпай
5. Балтыр

Біз жалғастырамыз. Қадірлі сайыскерлер. Алдағы екінші ойын шарттары мынадай. Алғашқы айналымдағы жинаған ұпайларыңыз сақталады.
Қазір сіздерге төрт сұрақтан әзірленген алты ұяшық ұсынылады. Ұяшық сұрақтары алғашқа айналымдағы жинаған ұпайлар санына байланысты ойыншылардың орналасу тәртібі бойынша оқылатын болады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы өзіне тиесілі ұяшық сұрағына жауап бере алмаған жағдайда менің «қарсыластар» деген сөзімнен кейін алғашқы екі ойыншы жауап бере алады.
Естеріңізе сала кетейін, бұл мүмкіндікті пайдаланып дұрыс жауап берген зияткерге бір ұпай қосылады. Ал, керісінше қателескен жағдайда бір ұпай алынады.

Келесі кезеңге көшеміз. «ЖОРҒА».
ІІ) Жорға
I)
1. Masculinum – бұл?
2. Латын тілінен шықпаған кейбір сөздерде sch және sh әріптер тіркестері... деп оқылады?
3. Ерітіндінің латынша аудармасы?
4. Жұмсақ дәрілерге жататындарды атаңыз?

II)
1. Зат есімдерінің - us жалғауы
2. Химиялық элементті латынша аударыңыз: күміс
3. Accusativus (Асс.) – бұл
4. Латын дифтонгы ое қазақ (орыс) тілінде қалай оқылады?

III)
1. Зат есімдерінің - us жалғауы
2. Химиялық элементті латынша аударыңыз: күміс
3. Accusativus (Асс.) – бұл
4. Латын дифтонгы ое қазақ (орыс) тілінде қалай оқылады?

IV)
1. Жұтынудың бұзылуы?
2. Диграф рһ... деп окылады?
3. Diastole деп
4. «Recipe» сөзінің аудармасы?

V)
1. Егер Jj әріпі u дауыстылармен тіркесіп келсе, олардың қайсысы дұрыс оқу керек:
2. Араластыр май болсын тұжырымдамасын латыншаға аударыңыз?
3. Singularis - бұл
4. Fossa poplitea дегеніміз?

VI)
1. Рецепттің Inscriptio бөлімінде не көрсетіледі?
2. Кольпорафия деп?
3 Рецепт үшін қай тұлға заңды түрде жауапты?
4. – it жұрнағының мағынасы

Ал, ойыншыларды міне, білім бәйгесінде бәйге кезеңінде бағын көрдік. Жорғада жолы болды мекен, енді сараптамаға назар аударамыз.

Келесі кезеңге өткен ____________________________ ұпай,
____________________________ ұпай,
____________________________ ұпай.

Бұл ойдың бәйгесі кім ойға жүйрік, сол алда, десек те, ұпайларыңыз аз болғандықтан, __________________,_______________,________________, келгендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз.
Ұпайларыңыз аз болса да, адамгершіліктерің жоғары болсын. Жеңілістің өзінде жеңіс іздеңіздер. Келесі де міндетті түрде табысқа жетесіздер. Рахмет, сіздерге, ойыншылар.
Ең қызықты сұрақтар кезеңіне жол берейік.
Олай болса, соңғы кезеңнің шарты бойынша екі айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен жойылып, қазір сіздерге бес тақырып бойынша он, жиырма, отыз, қырық ұпайлардан тұратын жиырма сұрақ оқимыз. Сонымен қатар бейне сұрақ берілетінін ұмытпаңыздар.
Әр сұрақтарға ойлануға сегіз секунд беріледі.

Астана қаласының «Шипагер» медицина колледжі мекемесі
Құрастырған оқытушылар: Адылканова А. М.,
Оспанова Н. М.,
Абылкасымова Р. А.


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету