ҚазҰУ - ге барар жолдың алғашқы баспалдағы
ҚазҰУ- қазақ еліндегі алдыңғы қатарлы университет. Онда оқуға келу кез келген түлектің арманы. Университетте тек қазақстандықтар емес, шетелдік студенттер де жоғары білім алуға болады. Шетелдік студенттер үшін алдымен болашақта білім алатын университетте оқуға дайындық керек. Осы дайындықты іске асыру үшін жылда шетелдік тыңдаушылар университеттегі ЖОО - дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін үйрене алады. Аталған кафедраның тіл оқыту тәжірибиесі - 40 жыл.
Кафедрада қазақ тілін шет тіл ретінде оқытудың алғашқы кірпіші қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданған кезден, яғни 90 - жылдарда қаланды. Бұл салада профессор Ж. Нұршайықова басшылығымен Г. Мұсаева Р. И. Дүйсенбаева, М. П. Ешимов, Г. Ә. Машинбаева, М. Ә. Азнабакиевалар қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға қатысты біраз оқу құралдарын жазды. Оқу үдерісіне қатысты жазылған оқу құралдары бүгінгі күнге дейін сабақтарда қолданылып келеді. Олардың негізілерін атап айтатын болсақ: Бастау (авторлары: Г. Ә. Мұсаева, Р. И. Дүйсенбаева), Қазақ тілі (қазақ тілін өзге тілді дәрісханаларда оқыту үшін, авторлары Ж. Нұршайықова, Г. Ә. Мұсаева) Қазақ тілі - шет тіл ретінде (авторы Г. Ә. Мұсаева, Ақпарат тілі: оқу құралы.
( авторлары Г. Ә. Машинбаева, С. Р. Нұртілеуова, «Елтану» (авторлары М. Азнабакиева, Г. Ә. Мұсаева т. б.) «Қазақ әдебиетімен танысайық! (авторлары Г. Ә. Мұсаева М. П. Ешимов) т. б.
Қазақ тілін - шет тіл ретінде оқыту өзінің әдістемелік негізін Ресей тіл біліміндегі орыс тілін шет тіл ретінде оқыту саласынан алып, қазақ тіліне негізделіп жасалды. Бұл әдістеменің ерекшелігі тілді дәнекер тілсіз оқыту. Аталған ұжымды тіл үйрету мамандарын дайындаудың ұстаханасы деп те айтуға болады. Жас оқытушыларға әрбір сабақта оқытуға сұрыпталып алынған материал сапасын арттырудан бастап, оқулық жазу, шетелдік азаматтармен дұрыс қарым - қатынас орнатып жұмыс істеу, мәдениетаралық қарама - қайшылықтың күрмеуін шешіп, мәселені мәмлемен шешу сынды күрделі әрі нәзік қатынастардың сырын да шеше алады. Мұнда оқытушылар шетелдіктерді тек оқытып қана қоймайды, шетелдік тыңдаушылардың жаңа қазақи ортаға етене араласып, өздерін өз елінде жүргендей еркін сезінулеріне, жаңа ортаны игеруіне көп еңбек етеді. Нәтижесінде, ұжымға келіп, тіл оқып, қазақ елі туралы жағымды көзқарас қалыптырған шетелдік азаматтар көп. Оларды көпшілігі Қазақстан мен өз елдері арасында дипломатиялық, саяси, мәдени қарым - қатынас орнату мақсатында келген шетелдік азаматтар болды. Аталған ұжым оқытқан шетелдік азаматтардың есте қалғандарын атап өтуге де болады.
Олар күншығыс елінен келген Жапонияның Қазақстандағы елшілігінде ұзақ жылдар қызмет еткен Цунакаки Марико, Казаса Мидзуки, Риса, Ибина Мисаки. Аталған жапон елінің азаматтары осы факультетте оқып, өз армандарының орындалуына қол жеткізді. Тағы бір дәлел, қазақ тілін жетік меңгерген Марико ұзақ жылдар бойы Жапонияның Қазақстандағы елішілігінде, Риса оқуын аяқтап кетсе де қазақ еліне жиі келіп, қазақ елінің мәдениетіне деген қызығушылықпен өнер саласындағы атақты адамдармен етене араласады, қазақ тілін оқуға өзінің сүйікті кумирі Денис Тен арқылы келген Ебина Мисаки қазір Жапонияның Сыртқы істер Министрлгінде қызметте. Олар Қазақстанда болғанда тек тіл оқып қана қоймай, түрлі телеарналарда сұқбат беріп, қазақ елі мен жапония арасында достық көпірін орнатуға атсалысты.
Сондай - ақ, аталған ұжым университетке әлемнің әр тарапынан тілдік зертеулер жасауға келетін ғалымдарды да қазақ және орыс тілдерінде оқытып, өз зерттеулеріне қажетті материалдар мен еркін жұмыс жасауға септігін тигізіп келеді.
Университет оқуға келген шетелдіктерді оқу визасымен қамтамасыз етеді. Олардың қазақ елінде еркін жүріп - тұрулары заңмен реттелген. Қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеуге мүмкіндіктер қарастырылған. Оқу ұжымы 2025 - 2026 оқу жылына тыңдаушыларды қабылдау үшін қазіргі уақытта кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуде. Тіл үйренушілердің жастарына шектеу қойылмайды. Мектепті жаңа бітіргендермен қоса кез - келген жастағы өз кәсібін, өмірін қазақ елімен байланыстырғысы келетін кез - келген шетелдік азамат оқуға келе алады. Оқу үдерісінде оқытушылар әр шетелдіктің жаңа ортаға бейімделуіне, қазақ елімен жақын танысуына қатысты тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырады. Қазақ еліндегі ең танымал университетке оқуға келуге асығыңыздар. Байланыс телефонымыз 87073896488 - Гүлназ. Осы номерден оқуға қатысты барлық сұрақтарға жауап ала аласыз.
Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру кафедрасы
ҚазҰУ - ге барар жолдың алғашқы баспалдағы
- ramuk_b
- 5 қаңтар 2026
- 55
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰУ, алдыңғы қатарлы университет, кафедрада қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту
Ұқсас жаңалықтар:

Тіл – достықтың алтын көпірі
27 қараша 2025 жылы «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде тиімді оқытудың құралдары мен тәжірибелері» атты Халықаралық ғылыми - практикалық...
Оқу - әдістемелік құралдар қатары толықты
2025 жылдың басы қазақ тілін оқыту кеңістігі жақсы бір жаңалықпен толықты. Еліміздегі қазақ тілі саласындағы білікті мамандар мен ғалымдар Ж. М....
Студенттерге тіл мен мәдениетті қатар меңгерту маңызды
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі факультеті университеттегі мамандыққа дайындайтын басқа факультеттерге ұқсамайды,...
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Басқа елдерден Қазақстанға оқуға келетін шетелдік азаматтар университетте болған алғашқы күндерінен бастап олар үшін таныс емес әлеуметтік - мәдени,...
Қазақ тілі - әлем тынысында
2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.