ОҚО Түркістан қаласы
"Түркістан" көпсалалы медицина колледжі
Терапия және пропедевтика пәнінің оқытушысы
Нарметова Насиба Кудайбергеновна
Тақырыбы: Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті
тексеру әдістері. Сұрастыру, қарау.
Сабақтың түрі(типі): тәжірибелік
Сабақтың әдісі: көрсетіп - түсіндіру, СӨЖ, мәселелі, фронтальді сұрау, тест бақылау, клиникалық ойындар «фельдшер - науқас» және т. б.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік (оқыту) – Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістерін, анамнез жинау, негізгі шағымдарын жинау, қарау әдістерін үйрету.
Тәрбиелік - мейірімділікке, адамгершілікке мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамыту - оқушының аналитикалық ойлау қабілетін, өздігінше шешім қабылдай білу қабілетін дамыту және т. б
Пәнішілік байланыс:
науқасты субъективті тексеру: сұрастыру арқылы ресми мәліметтер, негізгі шағымдары, ауру тарихы және өмір тарихы туралы мәліметтер алынады.
ЖҚТА бар науқастарды сұрастыру арқылы төмендегі негізгі шағымдары жиналады:
ентікпе (ауа жетіспеуінің салмақты сезімі) - мінезі, пайда болу уақыты;
тұншығу ұстамалары (жүрек демікпелері) – шұғыл, тыныштық кезінде, түнде ұйқы кезінде пайда болады: ауаның жедел жетіспеуі, қайнап жатқан су дыбысы тәрізді тыныс, ауызынан қанмен аралас көбік бөлінеді;
жүрек соғуы (тахикардия) – миокардит, миокард инфарктісі, жүрек ақаулары, тиреотоксикоз, қаназдық т. б;
жүрек ырғағының бұзылуы (аритмия);
жүрек тұсы және төс артының ауырсынуы – мінезі, ұзақтығы, жайылуы (иррадиация);
жөтел (кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі), қан қақыру (жүректің митральды ақаулары);
аяқтарында ісік, бауырдың ұлғаюы, олигурия, асцит, анасарка.
Ауру тарихы – кеселдің белгілерінің пайда болу уақытын, белгілер мінезін, басқа факторлармен байланысын, жүргізілген тексеру тәсілдерін, емін анықтау керек.
Өмір тарихы – жүрек ауруларын бейімдеуші факторларды анықтау: ревматизм, баспа, стресс, кәсіби зияндықтар, климакс, зиянды әдеттер, тұқым қуалаушылық.
Физикалық тексеру, қарау: жалпы қарауда – жағдайын, жайын (ортопное), цианоз, акроцианоз, аяқтарында ісіктерді, асцит, гидроторакс, анасаркаларды анықтауға немесе байқауға болады;
Мойынын қарауда – мойын веналарының ісінуін, кародиттер биін (патологиялық пульсция) анықтауға немесе байқауға болады;
Жүрек аймағын және шеткі тамырларды қарауда – жүректің өркеш, жүрек аймағында патопульсация (аневризм), жүрек ұшының соққысын және оның қасиеттерін, жүрек соққысын (патологиялық), Мюссе белгісін (қолқа ақауларында бас және денесінң тербелуі), капиллярлық пульсті, толған және кеңейген веналарды анықтауға немесе байқауға болады.
Пәнаралық байланыс:
Қалыпты анатомия және физиология: Жүрек - қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді. Қан организмде қан тамырлар бойымен қозғалады. Жүрек қан тамыр жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Қан айналым жүйесінің орталық мүшесі - жүрек ырғақты жиырылуы арқылы қанды қан тамырларына айдайды. Жүректен қанды әкететін тамырлар артериялар, ал жүрекке қанды әкелетін тамырлар веналар деп аталады. Барлық сүтқоректілер сияқты адамда да қан үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің бойымен қозғалады. Екі шеңбер үзіліссіз бір - біріне жалғасады және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Үлкен қан айналым шеңбері бойымен қозғалған қан организмдегі тіндер мен жасушаларға оттегі, қоректік заттар, тұздар, витаминдер мен гормондарды жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдерін әкетеді. Кіші қан айналым шеңбері қанның газдық құрамын жаңартады.
Толық нұсқасын жүктеу
Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістері
- ramuk_b
- 6 сәуір 2016
- 23182
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары, аяқтарында ісік, бауырдың ұлғаюы, олигурия, асцит, анасарка
Ұқсас жаңалықтар:
Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі
Қан айналым жүйесі туралы түсіну. Жүрек құрылысы, қызметі туралы талдау Жүрек - организмдегі аса маңызды ағза екенін білу. Қанайналым жүйесі жүректен...Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 - 300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер...Жүректің ишемиялық ауруы
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)- тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан...Жүрек қан-тамыр жүйесі
Қалауова Айгүл Кеңесбайқызы Ақтөбе медицина колледжі Жалпы кәсіби пәндер ЦӘК оқытушысы...Анатомия және физиология әлеміне саяхат
Сайыстың мақсаты: Қалыпты организмнің құрылысы мен қызметін зерттейтін барлық медицина ғылымдарының негізін қалайтын пәндер қалыпты анатомия және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.