Тамыз мәжілісі
Шебер - сынып
Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксономиясы бойынша деңгейлеп оқытудың тиімділігі.
Мақсаты: жаңа заман талабына сай жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін, жақын аймақтық ықпалда, ұжымдық ықпалдасу құзіреттерін арттырудың тиімді жолдарын көрсету,
Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксономиясы деңгейінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыру.
Эпиграф:
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» Тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.
ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1 - ден 3 - сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8 - сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып - оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік
- шығармашылық тұрғыда ойлау
- шешім қабылдай алу
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011 - 2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.
Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі.
1. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс - шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
2. Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми - зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2. Білім беру мазмұнын жаңартады.
3. Оқу - әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.
5. Материалдық - техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
PISA зерттеулері біздің оқушыларымыздың функциялық сауаттылық деңгейі тұрғысында әлемнің дамыған елдеріндегі өз құрбыларынан артта қалғандарын көрсетіп берді. Осыған байланысты PISА - да табысқа жеткен елдердің ( Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея, т. б) тәжірибесін ескере отырып, отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын айқындады:
1) Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі.
2) Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдыларының жеткіліксіздігі.
3) Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану - ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сауаттылығын арттыру үшін Б. Блум таксономиясы деңгейінде оқу тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі арқылы жүзеге асыруға болады деп есептеймін.
Күтілетін нәтиже:
- Мағынаны ажырата алады;
- Топпен жұмыс істеу құзіреті артады;
- Көшбасшылық анықталады
- Білім, білік, дағды деңгейі көтеріледі
- Өз ойын айтуға төселеді
- Функционалдық сауаттылығы артады.
Орыстың психолог - ғалымы И. Панариннің тест - сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатындағы 4 түрлі пішінді қалауларыңыз бойынша таңдап алыңыздар. Фигураларды тарату.
Төртбұрыш
Бірінші топты таңдағандар өте еңбеққор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Үшбұрыш
Үшбұрыш пішінін таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
Тіктөртбұрыш
Тіктөртбұрыш белгісін қалағандар жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Сопақ
Сопақ пішінді таңдағандар өте мейірімді, өзгенің қайғысын, қуанышын бөлісуге даяр тұратын жандар.
Құрметті әріптестер, бүгінгі күні сіздермен қауышып отырғаныма өте қуаныштымын. Неге десеңіздер, менің алдымда өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін, еңбеққор, алдына қойған мақсатына жететін, жаңа идеяға жақын, білуге құмар, өте мейірімді жандар жиналыпты. Барлықтарыңызды Қазақ хандығының 550, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы мерейлі мерекелерімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы барлықтарыңызға мерейлі болсын, шығармашылық табыс, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін.
Пішіндерді таңдауы бойынша топтарға бөлу.
Келесі бейне жазба бойынша бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын анықтап алайық.
Видео роликті көрсету.
Бейне жазбадан көргендеріңіздей, бүгінгі сабағымыз Қазақстандағы білім беру жүйесі тақырыбында өрбімек.
Қазақстандағы білім беруде функционалдық сауаттылық деңгейі қалай дамып келеді? Функционалдық сауаттылықты біз қалай дамытамыз? Не істеуіміз керек?
Осы сұрақтар барлығымызды толғантады.
Мұғалімдерге қысқаша деректер келтіріп, оқушылардың әр салаға икемделуіндегі бітіруші түлектерге берілетін кәсіби бағдар беру жұмысын жүктеу.
Әр топқа келесі сала мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру бойынша жарнамалау, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырмасы беріледі:
І топ - өнер мамандары
ІІ топ - техникалық мамандар
ІІІ топ - медицина саласы
ІҮ топ - педагогика - психология саласы
Тапсырма № 2.
Әр топ өз бағыттары туралы жарнама, насихат жүргізеді. Бұл орайда өлең шығаруға, постер құруға, көрініс қоюға болады, яғни шығармашылық қабілеттеріңізді де көрсетулеріңізге мүмкіндік туады.
Тапсырма №3.
Грамматикалық тапсырма. Өз салаларыңыз тақырыбына сай салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Құрастырған сөйлемдеріңізді көрші топтарға бересіздер.
Тапсырма № 4. Сіздерге ұсынылған сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасап, ережелерімен дәлелдеп түсіндіріңіздер.
Тапсырма № 5
1. Зерттеушілік бағытта әңгіме құрастыру.
2. Кумулятивтік әңгіме құру.
3. Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер. Иә (аргумент, факт келтіре, дәлелдей сөйлеу)
4. Білім беру жүйесіндегі кереғар көзқарастар (дәлелді сөйлеу)
Тапсырма №6. Әр топ өз спикеріне сөз береді. Еліміздің Білім беру саласында болашақта қандай жаңалықтар енгізер едің? Өз сөзін қорытындылай келе әр топ жұмысына өзіндік баға бере кетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы «№1 Новоишим орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат Ақмарал
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксономиясы бойынша деңгейлеп оқытудың тиімділігі
- aiboll
- 13 қаңтар 2022
- 10916
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Шебер сынып, функционалдық сауаттылық, Булум таксономиясы, деңгейлеп оқыту
Ұқсас жаңалықтар:
«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де...Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдар ...
Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық...«Ізденіс табысқа жетелейді» дөңгелек үстел
Ш. Батталова атындағы ЖОББ мектебінің директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Кусайнова Мугилсим Сатбековна...Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістеме жөніндегі орынбасары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.