Сайтқа кіру Тіркелу

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Қызылорда қаласы,
№ 197 қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Абдрахманова Айгерім Сагатбекқызы

Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты...
Н. Назарбаев

Мақсаты: Шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ.
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келеді.
Атап айтқанда, В. В. Ворнов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, ал М. Чошанов технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді, Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу – іс әректіне игі мұғалімдердің интелектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология қолданады екен. Солардың ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына тоқталып өтейік.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде
бостандық берілуі керек. Мысалы: оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни ойлау - ойды шыңдау

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын...
Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалім Баешова Жұлдыз...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×