Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау
Рефлексивтік есеп.
Сыни ойлауды дамыту: Неге? Қалай? Не үшін?
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. [1., 13 бет]
Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту адамзат баласына баға жетпес жетістіктер мен мүмкіндіктер алып келеді. Жауапкершіліктен қорықпайтын, өзін қоршаған ортаға түрлі өзгеріс енгізгісі келген адамдар үшін, өте бағалы құндылық. Мысалы, кәсіпкер, ол өз кәсібін жақсарту үшін, өз бәсекелестерінен асып түскісі келетіні айдан анық. Ол үшін сыни ойлау арқылы тапталмаған жолмен жүруге тырысады, жаңа тың идеялар ойлауды жоспарлайды. Тіпті, уақыт өте келе олардың сөрелері лықа толы болса да, олар жаңа бір нәрсе ойлап табады. Бизнесте кім бірінші болса, сол жеңіске жетеді.
Сыни ойлау жазушыларға шығармасынан адамдар рухани ләззат алып, бас алмай оқитындай оқиғалар желісін табуға көмектеседі. Психологтар болса, өз клиенттерімен қарым - қатынасты одан әрі жақсарта түсуі үшін, тың тәсілдерді ойлап тауып, түрлендіреді. Ал білім беру саласында мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. [1., 13 бет]
Сыни ойлауды қалай дамытуға болады?
Барлық балалар өте сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, мұны көптеген тесттер де анықтаған. Бірақ уақыт өте келе сыни тұрғыдан ойлап бас қатырып жатпай, дайын үлгіні көшіре салу немесе көшірме ойлау қалыптасады. Сондықтан сыни ойлауды дамытудың негізгі міндеті – дағдыланған жүріс - тұрысты тастау, ойлау туралы ойлану керек деп айтар едім. Мысалы, біз үйге күнде үйреншікті жолмен қайтамыз. Үйге қайтар жолымызды ауыстырып, басқа соқпақтарға түссек, сөйтіп әр күн сайын жаңа нұсқалар тауып, жаңа бір мағұлыматтар жинаймыз. Ал менің топтастырылған ата тілі сабақтарымда оқушының бір сарынды күнделікті үйреншікті жолмен жүрмей, ойлаудың жаңа бір соқпақтарына түссе деген ниетпен, сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа әдіс - тәсілдерін кіргізе отырып, жоспарлап жүргіздім.
Бірінші сабағымдағы топтастыру әдісін пайдаланған кезде, қиықшаларды құрастыру үшін, оқушылардың сәйкестендіру, сұрыптау, түсіне қарай жинақтау, топтастыру әрекеттері барысында ой қозғалады, топпен жұмыс жасайды. Постер жасап, топтастыру стратегиясын қолданғанда оқушылар топтастыруға берілген сөз үшін ойланып ой жүгіртеді, мысал келтіреді, сол туралы пайымдайды, атап өтеді, анықтайды, енгізеді. Мысалы: аққу - құстың төресі, махаббаттың жаршысы, өте нәзік, киелі құс, жұбына берік деген топтастырулар жүргізілді. Құс туралы елестетіп, оның барлық жақтарын ашатындай топтастырулар жүргізу арқылы өз білетіндерін, жолдастарының білімдерін пайдалана отырып, пікірлесіп, топшылады. «Ара мен Шыбын» мысалын өткен кезде Жигсо әдісін пайдаландым. Әдістің мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. (С. Мирсеитова)
Әрине, бұл әдісті сабақта күнделікті жүргізіп отырған кезде ғана жақсы жетістікке жетуге болады. Менің сабағымда бірінші рет қолданып отырғандықтан, кейбір дайын білім алып үйреніп алған оқушылар үшін қолайлы болмаған сияқты. Ал өздігінен ізденіп, талпынып оқитын оқушылар үшін таптырмас әдіс. Осы әдіс арқылы бір - біріне түсіндіру, топқа барып түсіндіру үшін барлық оқушының да қалыс қалмай жұмыс істегенін көрдім. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын өткен кезде, үй тапсырмасына әр топқа «Арыстан мен Тышқан» мысалынан көрініс көрсету тапсырылған болатын. Әр топ мүшелері көріністі көрсету үшін ақылдасып, рөлдерді бөлісіпті. Олардың көріністі көрсету кезінде кәдімгі әртістерше образға кіруге талпынып ойнағаны мен үшін қызықты да, сәтті болған сияқты көрінді. Үнемі тартыншақтап жүретін оқушымның тышқан болып ойнағаны, баланың сабаққа деген қызығушылығының артқаны деп топшылаймын. Яғни, мұғалім үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін өтілетін әр сабақ, баланың сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасау, өзін жеке тұлға ретінде тануға жол ашу, бір - біріне құрметпен қарауға, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге, белсенді шығармашылықты ойлауға негізін қалау деп ойлаймын.
Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау. Кембридж тәсілімен оқыту бойынша рефлексивтік есеп.
- sandugashbaimurzina
- 6 қаңтар 2015
- 9750
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кембридж тәсілімен оқыту, рефлексивтік есеп
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту
Мақсаты: Кез келген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданудың пайдасына тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлай қабілетін дамыту...Сыни ойлау - ойды шыңдау
Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын...Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты... (Н....Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері
Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру...Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка №2 орта мектебінің бірінші деңгей мұғалімі Ипова Акмарал Сулейменовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.