Әр ғасырда кез келген ғылымның өз жетістіктері бар. Ғылымдағы жетістіктер ең алдымен қоғамның, адамның рухани және материалдық дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында да өзгерістер болып жатыр.
Балаларды жан - жақты дамытып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу - ұстаздар алдында тұрған басты міндет. Сондықтан да болар жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Әр ғасырда кез келген ғылымның өз жетістіктері бар. Ғылымдағы жетістіктер ең алдымен қоғамның, адамның рухани және материалдық дамуына үлкен ықпа лын тигізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында да өзгерістер болып жатыр. Балаларды жан - жақты дамытып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу - ұстаздар алдында тұрған басты міндет. Сондықтан да болар жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Шәкірттеріне келе жатқан ұстаздың алдында ұшан - теңіз міндеттер тұрады.Олардың бәрінің негізі ретінде ағылшын мақалын айтуға болады ” There are two things we can give our children. One is roots the other one is wings.” Шындығында, адам баласы аяғында нық тұру үшін, оған тамыр мен қанат қажет. Қазіргі заманғы қоғамға өз жерінің, өз ісінің патриоттары, жауапты және сенімді адамдар керек. Алға қарай ұмтылу үшін, өз өмірімізді қызықты және мәнді ету үшін қанаттану, қиялдау және шығармашылықпен жұмыс істей білсек, нұр үстіне нұр болмақ. Бұндай жолға шығудың алғашқы қадамы - өз ойыңды білдіру қызығушылық тудыру. Егер берілген мақала, материал және оған қойылған талап сені қызықтырмаса, ол туралы жазу оңайға тимейді. Өзгеріп жатқан өмірде оқушыға не маңызды? Ең бастысы - олардың өз ойын шығармашылық түрде, түйінді қылып тұжырымдауы. Қазіргі жағдайдағы негізгі мәселе - оқушының өзінің жеке білімін шығармашылық жұмыс арқылы байқауы және оған жаңа ойларды қосуы. Әрине, бұндай шығармашылық жұмысқа қызығушылық тудыру маңызды. Сондықтан біз өз сабақтарымызда поэзия мен өлең өнеріне уақыт бөле бастадық.. Тілдер апталығына дейін бірнеше апта бұрын аудармаға тапсырмалар бердік. Апталық күз мезгілінде өтетін болғандықтан ағылшын ақыны Томас Гудтың “November” атты тақпағынан бастағанды жөн көрдік.
NOVEMBER
No sun - no moon -
No morn - no noon -
No down - no dusk -
No proper time of date -
No sky, no earthly view -
No distance, looking blue.
No street, no road - no other side of way
No end to any Row
No indications where the Crescent go -
No top to any steeple
No recognition of familiar people.
No warmth, no cheerfulness,
No dealthful ease,
No comfortable feel in any member -
No shade, no shine, no butterflies, no bees,
No fruits, no flowers, no leaves, no birds! -
November
Алдымен поэзияның аудармасы жөнінде пікірлестік. В. А. Жуковскийдің “Аудармашы прозаның құлы, ал тақпақта - қарсылас” деген қанатты сөзін эпиграф ретінде алдық.. Батыста тақпақ аударылмайды деген жалған тенденция бой алған, біз онымен келіспейміз, өйткені ақын қай тілде жазса да тақпаққа өзінің көңіл - күйін, жанын салады. Тақпақтың мазмұнын түсінсе, оны қай тілге болса да аударуға болады. Оған дәлел ретінде оқушыларымыздың төмендегі шығармашылық жұмысын назарларыңызға ұсынамыз.
Шынат Ботагөз, Кульмухамбетова Айханым - 10 - сынып оқушылары
Қараша
Күн де жоқ, ай да жоқ
Жадырап атқан таң да жоқ.
Жарқырап шыққан таң сәрісін,
Көріп жүрген жан да жоқ.
Ақ мамықтай бұлттарды,
Көгілдір ашық аспанды
Сағынады сол адам
Жолдастарын көрмесе
Барып қалін білмесе.
Қалықтап ұшқан құстар да
Кетті жылы жақтарға
Жайнаған нәзік гүлдер де
Сұлулығын жоғалтып
Адамға көңіл - күй силай алмай
Тұр әне әйнек бұрышында
Қараша айы келді деп
Суық желдің ханы деп.
Қараша айы
Көңілім толмай тұр - ау табиғатқа,
Ашық аспан, тұнып тұр ғой қалың бұлтқа
Қысылады жүрегім зор ренішпен,
Бір - біріне суыған осы жұртқа
Қайда күнім кешегі жадыраған,
Қайда айым кешкісін жарқыраған.
Қайда гүл, қайда құстар жүрегімде
Өшпейтұғын із қалдырып ұялаған.
Көшем қайда күнде құрған тамашаны,
Елімнің қайда салған тамаша әні.
Жазымызбен қоштасып қалғанымша,
Салыпты - ау мезгіліміз қарашаны.
Күз
Ай ажарсыз, күн нұрсыз.
Түн сүркейлі, таң жырсыз,
Мезгілі жетіп сары күздің
Жеткізді хабар ол тілсіз.
Сарғайып жасыл жапырақ,
Құлазып дала атырап,
Сидиған ағаш бұтағы,
Тұрғандай тоңып қалтырап.
Тыраулап ұшқан тырнадан,
Білеміз қайдан кім жаман,
Зымырап жеткен күз таңын
Сезіне алмай жүр надан.
Көңілі сүрең жамағат.
Іздейді көптеп ұлағат.
Сағынып сазды әуенді
Жүрегі нәзік мұңданады.
Оқушылар өз аудармаларын оқыған кезде, сыныптастарының таңдана қараған көздерінен қызығушылық байқадық.. Бұл кезеңде мұғалім оқушыға қатты ықпал жасамайды, сондықтан да оқушы оқу кезінде толық тәуелсіздікті сезініп, өзін осындай жұмысқа толығымен арнайды. Бұндай жұмыс түрі олардың шетел тілі пәніне қызығушылықтарын одан әрі тереңдетіп, ұстаздармен қарым - қатынас жасау қуанышына бөлейді.
Баяндамамыздың соңында оқушымыз Қайдар Мадина тақпақ аудармасы туралы айтқан пікірін келтіргіміз келеді: “Әрине, тақпақты сөзбе - сөз аударуға болмайды, оны алдымен түсініп, автордың оқырманға не айтқысы келетінін білу керек. Менің ойымша, тақпаққа бар жаныңды салып, өз көңіл - күйіңді жеткізе білу керек. Маған тақпақпен жұмыс істеу өте ұнады, өйткені ол адамның шығармашылық қабілетін дамытады. Тақпақты аудару барысында сен өз ойыңды нақты жеткізуге тырысасың. Тақпақты аударғанда мен мүлде басқа әлемде жүргендей сезіндім. Оған қазақша әуеннің қосылып тұрғаны да әсер еткен болар..... ”
Әдебиеттер тізімі:
1. Интернет желісі
2. “Мектептегі шет тілі” №2/2004ж
3. Джалилова Г. Р. Обучение английскому языку через образное представление материала./Иностранный язык в школе.- №6/2007
Шетел тілі сабағында шығармашылық тұлға тәрбиелеу
- Мируня
- 22 мам 2013
- 5035
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ағылшын тілі, заман талабына сай, өлең, шығармашылық, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану
Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім...Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ ...
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.