Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.
Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. (презентациямен жұмыс)
Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды:
(әріптестермен сұрақ - жауап ұйымдастыру)
• Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Оқушыларға білім беруде жаңа
тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.
• Сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің
сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айтылған;
• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалаудың түрлері туралы
теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған;
• Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. жұмыс жасауға баулу;
• Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды
оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы айтылған.
• Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Оқу барысында сыныпта
жасы кіші оқушыны анықтап, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жекелей жұмыс жасау.
• Оқытуды басқару және көшбасшылық. Шағын топтарда жұмыс жасату
арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.
Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Бірінші бетпе-бет кезеңінде негізгі теориялық білімді ала отырып, американдық педагогтардың зерттеулері мен оқытудағы өзгеріске әкелетін әдіс - тәсілдері мен пікірлерімен танысып, соны өз тәжірибемде қолдануға тырыстым. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл ол - топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды. Себебі, курста өзімізді оқыту кезінде де топтық жұмыстар жасадық, топ мүшелерін күнде ауыстырып отырдық. Топтағы талқылау, топтағы пікірлер, әріптестердің ойлары және аудиториядағы ахуал бәрі әсерлі болды.
Мерсер «құрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын» көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар өзара іс - әрекетте немесе оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Топтық жұмыс «Қымыз дайындау технологиясы»
Мақсаты: Әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқу мен оқытудағы болып жатқан өзгерістер туралы пікір алмасу.
Төрт топқа бөлініп отыру, топтың ережесін айту, топтық жұмыс жасау. (қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті маркерлерді қолданып, әр топ өз фантазияларына қарай суретпен, қара сөзбен, схемамен жазып шығады)
Жұмысты ортада қорғау, бағалау (бағалау түрлерін көрсету), қорытынды жасау.
Білім үдерісінің табысты болуы мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары аясында жүзеге асады. Әр сабақ барысында жеті модульдің бірнешеуі қамтылады. Оқыту барысында өздігінен білім алуға, білімдерін қолдануға, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға оқушының өзі іс-әркет жасауына, ұмтылуына бағыт бағдар беру көзделеді. Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс - әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан соны талап етеді.
Білім беру үрдісіндегі басты әрекет етуші - мұғалім. Мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңаша білім беруді, білім берудің жаңа технологияларын үйреніп, соның сабақ барысында жүйелі қолданыс табуын қадағалай білуі маңызды.
Сабақ барысында жеті модульдердің дұрыс, жүйелі ықпалдастыруы нәтижелі болмақ. Нәтижеге бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт - бағдар беруші, жөн сілтеуші болады. Бұл сабақты жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелеу көзделеді. Білім алу барысында оқушының қалай оқу керектігін үйрену, білімді меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын бақылау, оқушының өзін көрсете білуіне ықпал жасау. Тәжірибенің нәтижелі болуына білімді меңгертуде қолданыс тапқан әдіс - тәсілдер, стратегиялардың қолданылу орайының тиімділігі.
Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Тізбектелген сабақтар топтамасында ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдандым. Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттырды және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыланды.
Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір - біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз - өздерін, бір - бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта оқушылардың білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау болатын. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
Бағдарламада «Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін» Шанк пен Циммерман метатанудың негізгі аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық әрекеттер күрделі метакогнитивті білімге байланыстылығы айтылған. Оқу әрекеті - баланың оқуды үйренуінің басты шарты, оқу үдерісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен білім алуға баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.
Оқушылардың әрекеті - зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез құлықтарымызды бағыттайтын, өзін өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады.
Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс тәсілдерінің барысында және іс әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез - құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін - өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез - құлыққа тікелей байланысты.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
- Маржан К
- 29 наурыз 2013
- 53672
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жеті модуль, Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.