Мұғалімнің аты - жөні: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық мейрамдары
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қазақ халқының ұлттық мейрамдары жайында біледі.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында мағлұмат алады.
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында біледі, ажырата алады.
3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері, дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады.
Тілдік мақсат: 1. Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайды.
2. Ұлыс — мекен, мемлекет, аймақ, ел, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Ресурстар: АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, жаратылыстану
Алдыңғы оқу: Дүниетану пәні
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
45 минут Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар ақ тілектерін білдіріп, бір - біріне жақсы көңіл күй сыйлайды..
ІІ. Топқа бөлу. Суреттер арқылы. Киіз үй, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары.
ІІІ. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Оқу - құрал, жабдықтарын тексеру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
7 минут
1 - деңгей (білу, түсіну): «Кім жылдам» ойыны
1. Шешендік сөздер деген не? (қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі тілімен айтылған халық шығармасы, қанатты сөздер мен тұжырымдар).
2. Би - шешендердің қоғамда атқарған ролі (халық мүддесін қорғап, ұлттық рухты орнықтырады) 3
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
«Кім білгір» ойыны
1.«Өнер алды - қызыл тіл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Біздің ата - бабаларымыз жүйесін тауып, орынды сөйлеуді үлкен өнер санаған)
2. Қазыбек бидің Жоңғария қонтайшысына айтқан сөзін айтып бер? (“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.)
Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Қазақтың ұлттық мейрамдары
- Дулат
- 21 ақпан 2017
- 3400
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақтың ұлттық мейрамдары, ұлттық ойын түрлері жайында материалдар
Ұқсас жаңалықтар:

Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қазақ даласындағы ән - күй өнері, күй өнерінің мағынасы жайында біледі....
Архитектуралық ескерткіштер
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Ежелгі дәуірлердегі, орта ғасырлардағы құрылыстар, сәулет ескерткіштері жайында біледі....
Қазақ хандары мен билері
Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде Қазақ хандары мен билерінің орны жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады....
Иран. Ауғанстан
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның жағдайы, Ұлт азаттық қозғалыстың дамуы, Иранның 1921 - 1945 жылдардағы саяси - экономикалық даму...
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.