Типі: дөңгелек үстeл
Мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының басталуының себебін соғыстың тигізген зардаптарының жойқындығын тусіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың Отанға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру максатында халық қамын ойлаған тұлғалар мен елін қорғаған батырлардың ісін үлгі етіп, оқушыларды адамгершілікке, намысқойлыққа, ержүректілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту, XX ғ. КСРО халқының ел тарихындағы болған оқиғалардың, Ұлы Отан соғысының рөлін түсіндіру.
Әдісі: аралас (репродуктивті, баяндау, әңгімелеу, өлең, тақпақ, сұрақ -жауап ).
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Ұлы Отан соғысы жайлы слайдтар, бейнефильмдер «ВО война», «Сталиннің сөзі», «Священная война»., Ж. Жабаев, Б. Момышұлы, Сталин және т. б. суреттері, портреттер, схемалар, окулықтар.
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы 2, 2006 ж., 11, 2006 ж., 1, 2009 ж.,«Жеңіс» фотоальбом кітабы 2005 жыл «Өнер» баспасы, Сүлейменов Р. Б. “Тарихи тұлғалар”, Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер» Алматы 2007 ж. Қ. Аманжолов «Ерліктің жарқын беттері», «Дуние жүзі тарихы» 10 класс «Мектеп» баспасы. 2006 ж., «Қазақстандықтардың ҰО соғысына қоскан үлесі.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бейнефильм көрсету «Священная война».
ІІІ. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, сабақтың мақсатымен, қонақтармен таныстыру).
а) Интернет мәліметтері:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».
б) Интерактивті тақтамен жұмыс. Германияның ҚСРО - ға шабуылы.
ІҮ. Дөңгелек үстeл. Дөңгелек үстeлде талқыланатын сұрақтар.
Ү. Ән «Әлия».
ҮІ. Тақпақ «Әлия мен Мәншүк».
ҮІІ. «Соғыстың болуы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?».
Соғыс қаншалықты қажет еді? (пікірсайыс)
ҮІІІ. Бейнефильм «Речь Сталина.»
ІХ. «Ардагерлерді ардақтайық». Ақпарат құралдарымен жұмыс.
Х. Сұрақ - жауап.
ХІ. Қорытындылау. Бейнефильм « Ұлы Отан соғысының батырлары».
ХІІ. Қонақтарға сөз беру.
ХІІІ. Марапаттау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Интерактивті тақтаны дайындау, оқушыларды отырғызу, конверттерді тарату.
ІІ. Бейнефильм көрсету «Священная война».
ІІІ. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, сабақтың мақсатымен, қонақтармен таныстыру).
- Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын. Біздің А. Байтұрсынов атындағы мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр. Осы тақырыптың аясында «Соғыс қаншалықты керек еді?» деген тақырыпта дөңгелек үстөл өтеді. Шақырылған қонағы - мызбен таныстырып өтейін: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің мұражайының меңгерушісі Ғалия Асанқызы.
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде «Ұлы Отан соғысы» деп атау дұрыс емес, «Не бетімізбен тойлаймыз?», т. б. мақалалар басылып жатыр. Жеңіс күнін тойламай, керісінше аза тұту керек деген пікірлер айтылып жүр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған бүгінгі сабағымызда осы мәселелерге де тоқталып өтеміз
1940 жылы 18 желтоқсанда А. Гитлер құпия кеңесте “Барбаросса ” жоспарын бекітті. Герман қарулы куштері 6 - 10 аптаның ішінде Кеңестер Одағын тас - талқан етуді көздеді. Немістер “Солтүстік”, “Орталық”, “Оңтүстік” армия топтарын жасақтады.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 - те гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы келісімшартты бұзып, соғыс жарияламастан тұтқиылдан Кеңестер Одағына соғыс бастады. Соғысты 1941 жылдың күзінде аяктауды жоспарлады, КСРО ішкі бірліктен жұрдай көп ұлттың жасанды тұрақсыз бірлестігі деп есептеді.
КСРО - ның басшылары В. В. Молотов пен И. В. Сталин өздерінің сөйлеген сөздеріңде бұл соғысты “Отан соғысы” кейіннен “Ұлы Отан соғысы” деп атады. 1941 жылы 30 маусымда И. В. Сталиннің төрағалық етуімен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды.
Интернет мәліметтері:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».
Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтатушы фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанды. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 басталды. Фашистік Германия Кеңес еліне 190 дивизияға біріккен 5, 5 млн әскерімен, 3500 танкісімен, 4900 әскери самолетімен, 50000 - нан астамзеңбірек, минометтерімен басып кірді. Кеңес елі оларға 170 дивизияға біріккен 2, 7 млн әскер, 1475 танк, 1540 самолет, 37, 5 мың зеңбірек пен миномет қарсы қоя алды. Соғыс 1418 күнге созылды. 27 млн адам қырылды, ал әр тәулікте 14 мың 104 адам, әр сағатта 588 адам, әр минутта 98 адам опат болды. Соғысқа дейінгі Қазақстанда тұрған 6, 2 млн адамның 1, 2 млн - ы майданға аттанды. Сонымен қатар 700 мың адам еңбек армияларында қызмет еткен. Осы соғыс кезінде 410 мың қазақ мәйіт болған. 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры және “Даңқ” орденінің толық иегері атанды. Оның ішінде 97 - сі қазақ.
Әр 1 млн қазаққа 33 батырдан келеді. Салыстырып айтқанда, бұл көрсеткіш: түркмендерде 21 - ге, қырғыздарда 18 - ге, өзбектерде 16 - ға тең.
Халқымыздың зердесінде бұл күн: 1945 жылдың 9 - мамыры мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл күн - әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
Мен халқымның ұлымын.
Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет.
Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын.
Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауіпті.
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын.
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Өліні қадірлемеген, тіріні құрметтемейді.
б) Интерактивті тақтамен жұмыс. Германияның ҚСРО - ға шабуылы.
ІҮ. Дөңгелек үстeл.
Дөңгелек үстeлде талқыланатын сұрақтар:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы. Геманияның КСРО - ға шабуылы.
Шайқастар жөнінде мәлімет айту.
2. Интерактивті тақтамен жұмыс. Мұғалім
3. Өлең «Ленинградтық өренім» - Маржан.
4. «9 мамыр – Жеңіс күні ме, әлде аза күні ме?» (пікірсайыс)
5. Соғыстың елге, халыққа әкелген зардаптары.
6. Қазақстандықтардың, қызылордалықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі. Қазақстандық батырлар.
Ү. Ән «Әлия».
ҮІ. Тақпақ «Әлия мен Мәншүк».
ҮІІ. «Соғыстың болуы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?».
Соғыс қаншалықты қажет еді? (пікірсайыс)
ҮІІІ. Бейнефильм «Речь Сталина.»
ІХ. «Ардагерлерді ардақтайық».
Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетіліп жатқан көмектер мен жеңілдіктер жөнінде ақпарат құралдарынан мәліметтер келтіру.
Х. Сұрақ - жауап.
Кеңес Одағы үшін бұл соғыс не үшін Ұлы Отан соғысы деп аталды?
Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске жету үшін қандай факторлар әсер етті?
Ұлы Отан соғысының бас кезінде не себепті Кеңес Одағы әскерлері жеңілді?
ХІ. Қорытындылау. Бейнефильм « Ұлы Отан соғысының батырлары»
ХІІ. Қонақтарға сөз беру.
ХІІІ. Марапаттау.
Қызылорда қаласы,
№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Батракова Лаура Майдановна
№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Батракова Лаура Майдановна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.