Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет – Қарахан мемлекетімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Өз елінің, жерінің, басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға, өнер ескерткіштерін түсініп, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға, Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастыру, имандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйрету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: Тірек - сызбалар, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау.
V. Оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. Кестені толтыру.
ІІ. «Жұлдызды сәт» ойыны.
1. VI – IX ғасырлар аралығында Қазақстанда қандай мемлекеттер өмір сүрді?
2. Осы мемлекеттердің билеушілері қалай аталған?
3. Басты шаруашылықтары.
4. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылықтардың айырмашылығы.
5. Қазақстан жерінен Қытай мен Еуразия елдерің, Шығыс пен Батысты байланыстыратын қандай сауда жолы өтті.
6. Қазақстанда Ұлы Жібек жолының бойында сауда орталығы болған қандай қалаларды білесіңдер?
7. Сардоба деген не?
8. Сардобалар не үшін салынды?
9. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
Тарихи сынақ хат (бос орындарға тиісті сөздерді қой).
1. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады.
2. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері Күлтегін және Тоныкөк жазулары.
3. VIІІ – IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» мен «Оғызнама дастаны».
4. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындылардан тұрады.
5. Қорқыт ата күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан.
6. Оғызнаманың ескі нұсқасын тарихшы Рашид ад - Дин жазып қалдырған.
7. Одан кейін оны XVII ғ. толық жазған Әбілғазы хан.
8. Қазақстанның оңтүстігінде діни әдет - ғұрыптары болды.
9. Олардың ішінде ислам діні VIIІ ғасырда кең түрде етек жая бастады.
ІІІ. Жаңа сабаққа көпір – Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Жатқанда елің еркін, азат болып,
Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып,
Халқыңның тарихын біл, жұртын таны,
Сонда сен көгересің қазақ болып – дей отырып бүгін біздің жаңа сабағымызды бастаймыз. Жаңа сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті – Қазақ мемлекетінің бастауы бұлағы болып табылады.
Дамыған феодалдық мемлекет.
Ерте ортағасырлық мемлекеттер атты кестені толтырып отырыңдар.
Х ғасырдың ортасында 942 – 1212 жылы Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің аты Қарахан әулетіне байланысты аталған.
Мемлекеттің негізін қалаған Сатұқ Боғрахан (915 - 955 ж.)
Ислам дінін қабылдап қарахандықтар, саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп, Тараз бен Қашғарды бағындырды.
942 жылы Баласағұнды басып алып, өзін жоғары қаған деп жариялады.
Сөйтіп Қарлұқ қағанатының ыдырап, оның орнына бір орталықтанған Қарахан мемлекеті құрылды.
Салыстыру: Орталықтанған, тұтас мемлекетімен бытыраңқы мемлекетті.
Мемлекеттің құрылуындағы басты рөлді атқарған қарлұқ тайпасы.
Тағы қандай түркі тілдес тайпалар құрамына кірді?
Жікіл. Яғма. Оғыз. Қайлы. Үйсін.
Хандардың Арслан хан, Боғра хан
Атаулары жікіл тайпасының тотемі – арыстан.
Яғма тайпасының тотемі бура болған.
Тотем – адамдардың шығу тегін, жануарлармен өсімдіктермен немесе табиғат құбылысына байланысты атау.
Жоғарғы билік ханның қолында болды, билік мұрагерлік жолмен берілді.
Ханның ұрпақтары – тегіндер, ілік хандар, бектер нөкерлер.
Жер иеленудің бір түрі – иқта – феодалға берілетін жер үлесі. Иктадар иесі.
Вақұф – мешіттердің жер иелігі.
Шаруаларға үлеске жер бөлініп беріледі. Музари немесе Барзигар жерден алынатын салық.
Коммендация – феодалға төленетін салық шаруаларды қорғаған үшін.
955 ж. Сатұқ Боғра хан өлгеннен соң мемлекетте бытыраңқылық басталды.
960 ж. Мұса ислам дінін мемлекет дін ретінде жариялады.
Али Арслан және Хасан Боғра ұрпақтарының арасында билік алма - кезек ауысып отырды. Шығыс – Хасан Боғра. Батыс – Али Арслан.
ХІІ ғ. 30 жыл қарақытайлар Шығыс Жетісуға басып кірді.
Батыс – Хорезм ханы Мұхамед 1212 ж. Шығыс – Күшілік найман ханы басып алды.
3 ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлады.
Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы сәулет өнеріне өзгерістер әкелді.
Картамен жұмыс. Қарахан мемлекетінің жер аумағын көрсет.
Айша бибі, Қарахан, Бабаджа - хатун кесенелері қай жерде орналасқанын көрсет.
Реферат. Айша бибі кесенесі.
Ханның әйелі – Ханша, бидің – бәйбіше, Бибі – пайғамбар әулетінің әйелдері. Хатун – лауазым, Бап – діни дәреже, Аджа – әже шамасындағы кісі. Түсіндіріп кету.
РАФТ – ой толғаныс.
Оқушылар: ойланып, жазып, оқып беріндер.
Роль – Қарахандықтардан.
Аудитория – 7 сынып оқушыларына.
Форма – хат.
Тақырыбы – алғыс хат.
Топтастыру стратегиясы.
ІV. Тест (ия, жоқ)
1. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл түргеш тайпасы атқарды ма?
2. Вақфтық жерлер дінбасылар үлесінде болды ма?
3. Хорезм шахы Қарахан мемлекетінің құлауына әсер етті ме?
4. Айша бибі кесенесі Тараз қаласында орналасқан ба?
5. Қарахан мемлекеті 5 ғасыр бойы өмір сүрді ме?
6. Қарахан мемлекеті Алтайда орналасты ма?
7. Күшілік хан Қарахан мемлекетінің негізін қалады ма?
8. Яғма тайпасының тотемі бура ма?
9. Иқтаның иесі шаруа ма?
10. Ислам діні 960 жылы мемлекеттік дін ретінде жарияланды ма?
V. Оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма Кестені толтыру.
Қарахан мемлекеті
- Калиман
- 18 қараша 2013
- 17759
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарахан мемлекеті, тарих пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Қарахан мемлекеті
Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру....Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...«Тарих- ғасырлар куәсі»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы...Наймандар, керейлер, жалайырлар
Сабақтың тақырыбы: «Наймандар, керейіттер, жалайырлар»...“Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың тақырыбы: §12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.