Сабақтың тақырыбы: Ғұн қоғамы мен мәдениеті.
Сабақтың мақсаты.
Білімдік: Оқушыларға ғұн мәдениетінің ерекшеліктері мен адамзат өркениетіндегі алатын орны туралы баяндау. Оқушыларды Қазақстан аумағында табылған ғұндардың көне мәдениет ескерткіштерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау, өзіндік пікірі бар, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындап, жеке тұлға қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын еркін айтып жеткізе білуге үйрету, рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өзін - өзі басқаруға, бір - бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, Отанымыздың байлығын қастерлеуге, патриоттық сезімін қалыптастырып, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пресс - конференция, сайыс сабақ..
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, топтастыру, дәлелдеу, сыни тұрғыдан ойлау мен айту, ой қозғау, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгендеп, олардың қаламы, дәптері және т. б. бар - жоғын тексеремін.
Оқушылардың көңіл - күйін, сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін олардан бір - біріне қарап өздерінің жүрекжарды жылы сөздері мен тілектерін айтуларын өтінемін. Одан соң оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
ІІ. Психологиялық дайындық.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деген ниетпен тақтаға жұлдызды іліп қойдым.
– Сондықтан әрқашан да жұлдыздарың жанып, аңсаған армандарыңа жете беріңдер!
– Жұлдыз болып жаныңдар, оқып білім алыңдар!
ІІІ. Бойжазу ( разминка ).
“Айтылғанды қалпына келтір” ойыны.
Оқушыларға көптеген сөздерді баған түрінде ұсынамын.
қазақ
ғұнда
атасы
арғы
халқының
Бұдан кейін айтылғанды қалпына келтіруді тапсырамын. Кім бұрын орындаса, сол жеңіске жетеді. Тақырыпқа көшуден бұрын: ”Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы“ деген сөйлемді сабақтың эпиграфы етіп алынатынын айтып өтінемін.
Одан кейін жаңа сабақ басталады. Оқушылардан күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қоюларын сұраймын.
ІV. Жаңа сабақ.
Сабақтың жүргізілу барысымен оқушыларды таныстырып өтемін.
Сабақтың жүргізілуі: 2 бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: Пресс - конференция.
2 - бөлім: “Тарихи - таным” атты ойын сайысы.
Ескерте кететін жағдай: 1 - бөлімде сынып 4 топқа бөлінеді де, 2 - бөлімде 2 топ болып сайысады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті пресс - конференцияға қатысушылар!
Ғұндар тарихта аты аңызға айналған біздің арғы бабамыз. Ғұндар мәдениеті өзіндік ерекшелігі мен орны бар ежелгі бабаларымыз жасаған мәдениет.
Ғұндар тек құдіретті жиһанкез жауынгер халық қана емес, сондай - ақ хас шеберлер, өнердің озық үлгілерін де жасаған ғажап халық..
Енді пресс - конференцияға қатысушылармен таныстырып өтейін:
Тілшілер, тарихшылар, көшпенділер және зергерлер.
Сарапшы: 10 - сынып оқушысы – Тамбай Жайнагүл.
І бөлім
Ал енді пресс - конференциямызды бастаймыз. Құрметті тілшілер сұрақтарыңызды қоя беріңіздер.
1.”Хабар“ арнасының арнайы тілшісі.
Мен сұрағымды тарихшыларға қойғым келіп отыр. Ғұн қоғамының ерекшелігі туралы айтып берсеңіз?
Тарихшылар: 2 оқушы жауап береді.
2. “Арқа ажары” газетінің тілшісі.
Менің сұрағым көшпенділерге арналады. Сіздерде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды? Сіздер неге жылқы және қой малын көп өсіресіздер?
Көшпенділер: 3 оқушы жауап береді.
3. ”Атбасар“ газетінің тілшісі.
Зергерлерге қойғым келіп тұрған сұрағым мынадай: Бұйымдар жасағанда, сіздер қандай әдісті және металдарды пайдаландыңыздар?
Зергерлер: 2 оқушы жауап береді.
Сатылай кешенді талдау арқылы І бөлімді қорытындылаймын.
ІІ бөлім
ІІ бөлімде оқушыларды 2 топқа бөлемін.
Мұғалім: Осымен сабағымыздың бірінші бөлімін аяқтаймыз. Сабағымыздың екінші бөлімі ойын сайысымен өтеді.
Сонымен оқушыларға қатысты ІІ бөлімнің тиесілі тапсырмаларын ұсынғым келіп отыр.
Тапсырма №1. Тарихи сынақ хат.
Оқулықпен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр.
Ғұндар, негізінен,...... тұрды. Азық ретінде және тұрмыста...... өнімдерін пайдаланды.... төсектер, ыдыс - аяқ пен үй шаруашылығын жүргізуге қажетті... бәрін жасады.
Әшекейлеу үшін...,... және... бағалы тастар пайдаланды.
Тапсырма №2. ”Жұлдызды сәт“ ойыны.
І топ сұрақтары:
1.“Тарих” сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( ”Зерттеу“, “оқиғаларды әңгімелеу” ).
2. Қазақстан өзін қашан Тәуелсіз Республика деп жариялады? ( 1991 ж. 16 желтоқсан ).
3. Әлем халықтары неше нәсілге бөлінеді? ( 3 нәсіл ).
4. Ислам дінінің негізін салушы кім? ( Мұхаммед пайғамбар с. ғ. с. )
5. Мұсылмандардың қасиетті кітабын ата. ( Құран Кәрім )
6. Будда дінінің негізін салушы кім? ( Гаутама ).
7. Қазақ халқының негізін қалаған қандай тайпаларды білесіңдер?
( Сақ, сармат, үйсін, қаңлы, ғұн ).
ІІ топ сұрақтары:
1. Тарихтың атасы кім? ( Геродот ).
2. Әлемнің ”екінші ұстазы“ ( “Муаллим ассана” ) кім? ( Әбу Насыр әл - Фараби ).
3. Христиан дінінің негізін салушы кім? ( Иса пайғамбар с. ғ. с. ).
4. Сақтардың ержүрек әйел патшасы кім? ( Томирис патшайым ).
5. Сақтардың билеушісі қалай аталады? ( Патша ).
6. Үйсіндердің билеушісі қалай аталады? ( Күнби – гуньмо ).
7. Ғұндардың билеушісі қалай аталады? ( Шаньюй ).
2 топқа ортақ сұрақ. Бейне сұрақ.
Суретте ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй көрсетілген. Тарихта екі ең ірі, белгілі империялар болды. Олар – ғұндардың Шығыс және Батыс империясы деп аталады.
Бейне суреттегі Мөде шаньюй осы империялардың қайсысын құрды?
( Шығыс империясын құрды ).
2 топқа 7 сұрақтан кезекпен - кезек қойылады да, соңынан бейне сұрақ екі топқа бірдей қойылады.
Тапсырма №3. Ой толғаныс. Р А Ф Т. І топ.
Р оль – Ғұндар
Аудитория – 6 ”А“- сынып оқушыларына
Форма – хат
Тақырыбы – Алғыс хат
Ой толғаныс. Р А Ф Т. ІІ топ.
Роль – 6 ”А“- сынып оқушыларына
Аудитория – Ғұндарға
Форма – хат
Тақырыбы – Өсиет хат
Тапсырма №4. ” Қатені тап “
Берілген мәтіннен қатені табыңдар.
Ғұн қоғамында патриархалдық - рулық қатынастар үстемдік етті. Ғұндар
20 руға бөлінді. Елді шексіз әмірші болып табылатын князь басқарды.
Ғұндарда малға, жерге жеке меншік болған жоқ.
Б. з. 93 жылы ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болған жоқ.
Тапсырма №5. Келісу - келіспеу стратегиясы.
І топ
1. Тарих – өткенді және қазіргіні зертттейтін ғылым.
Иә. Жоқ.
2. Қазақстан Азия мен Еуропада орналасқан.
Иә. Жоқ.
3. Қазақстан – көп ұлтты ел.
Иә. Жоқ.
4. Уақыт – ұрпақтар арасындағы кеңістік.
Иә. Жоқ.
5. Отан – адамның туған жері.
Иә. Жоқ.
6. Қазақстан – әлемдегі ең үлкен мемлекет.
Иә. Жоқ.
7. Ғұндар – қазақтардың арғы атасы.
Иә. Жоқ.
8. Ғұндар – Азиядан Шығыс Еуропаға дейінгі аумақты мекендеген
ежелгі халық.
Иә. Жоқ.
9. Ғұндар 24 руға бөлінді.
Иә. Жоқ.
10. ” Алтын адам “ Алматы облысынан табылған.
Иә. Жоқ.
ІІ топ
1. Ғұндар көшпелі өмір сүрді.
Иә. Жоқ.
2. Ғұндарда әскери өнер жоғары дамыды.
Иә. Жоқ.
3. Ғұндар киіз үйлерде тұрған жоқ.
Иә. Жоқ.
4. Ғұндардың өмірінде аңшылық та маңызды орын алды.
Иә. Жоқ.
5. Аттила ғұндардың билеушісі болған.
Иә. Жоқ.
6. Ғұндардың Батыс империясын Аттила шаньюй құрды.
Иә. Жоқ.
7. Тарихтағы аты әйгілі “Ұлы Қытай қорғаны” ғұндардан қорғану үшін салынған.
Иә. Жоқ.
8. Мөде шаньюйді қытай деректерінде Маодун деп атайды.
Иә. Жоқ.
9. Ғұндар ағаш үйлер де салды.
Иә. Жоқ.
10. Полихромдық әдіс ғұндарда болған жоқ.
Иә. Жоқ.
Тапсырма № 6. Мақал - мәтелдер сайысы.
Отан, ел, туған жер туралы мақал - мәтелдермен ( 3 мақал - мәтел ) жарысады.
Тапсырма № 7. Тарихи диктант.
Шарты: Диктант ішінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
Сармат, ғұн, роксаландар, шаньюй, қаңлы, ақсақал, диадема, жылқы, алтын, баспана, полихромдық әдіс, табиғат, ақбөкендер, садақ пен жебе.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
Қызығушылықты туғызу. Ассоциация құру.
Ғұндар дегеніміз кімдер? – деген сұрақ қоямын.
Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар:
1. Елестетеді.
2. Бұрынғы біліміне сүйенеді.
3. Еске түсіреді.
4. Айтады.
VІ. Сарапшыға сөз беру.
Оқушылардың білімін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. § 20. Оқып келу. ”Ғұндар – біздің арғы бабамыз“ тақырыбында шығарма жазып келу.
Ғұн қоғамы мен мәдениеті
- Калиман
- 18 қараша 2013
- 12494
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғұн қоғамы мен мәдениеті тақырыбында тарихтен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ғұндар
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы, шаруашылығы, мәдениеті, жауынгер...Ғұн тайпаларының бірігуі
Ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткенін түсіндіреді. Ғұн тайпалық бірлестігінің құрылу алғышарттарын анықтайды....Халықтардың Ұлы қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты: - Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған...Ғұндар тарихы
Сабақтың мақсаты: 1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім...Ғұндар тарауы бойынша қорытынды –қайталау
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.