Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстан аумағындағы қала
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда - саттық өміріндегі алатын орны, қазақ өлкесінде XVIII - XIX ғасырларда қалалардың пайда болуы туралы түсінік беру.
ә) дамытушылығы: қосымша материалдарды пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін дамыту. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға үйрету. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Ақпараттық технология әдісі арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тарихи деректерді тұжырымдап талдауға бейімдеу.
б) тәрбиелілігі: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп тағылым алатын ұлтжанды тұлғаға тәрбиелеу. Өз елін, отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Үй тапсырмасын сұрау, сұрақ – жауап, түсіндіру, оқулықпен және интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Сынып тазалығын қадағалау,
оқушылардың сабаққа қатысуын,
дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау: Тест жұмысы
I - нұсқа
1) Қандай мемлекет қоныс аударып келген шаруаларға көмектесті?
а) Англия ә) Франция б) Ресей. в) Германия
2) Көшіп келген шаруаларға мемлекет қандай көмек берді?
а) қаржылай. ә) мал берді б) жер берді в) үй берді
3) Қандай қалаларда ағаш материалдары жасалынды?
а) Мәскеу, Петропавл, Омбы ә) Петропавл, Омбы, Ақмола б) Орал, Қостанай, Ақмола. в) Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған
4) Шаруалардың өзі туып - өскен жеріне кету себебі
а) жағдайлары болмаған үшін ә) салық ақыны көп бергені үшін б) Ауа райының дұрыс болмағаны үшін және құрғақшылық болғаны үшін.
5) Қиындықтың ең ауыр кезеңі қандай кезең болды?
а) ашаршылық кезеңі. ә) соғыс кезеңі б) құрғақшылық кезеңі
6) Қазақстан аумағында қай жылы ашаршылық болды?
а) 1892 ә) 1896 б) 1890 в) 1891.
7) Шаруалардың негізгі кәсібі қандай болды?
а) егін кәсібі. ә) мал кәсібі в) балық кәсібі
8) Әрбір ер азаматқа қанша жер берілді?
а) 16 десятина ә) 15. десятина б) 17 десятина в) 18 десятина
9) Қандай қалаларда мал шаруасымен айналысты?
а) Көкшетау, Қостанай, Ақмола ә) Петропавл, Павлодар, Омбы б) Омбы, Мәскеу, Орынбор в) Ақмола, Петропавл, Қостанай.
10) Қандай мал шаруашылығымен айналысты?
а) шошқа, сиыр, қой, ешкі, жылқы. ә) түйе, сиыр, қой, жылқы б) ешкі, сиыр, марал в) жылқы, түйе, қой, ешкі
II - нұсқа
1) Қандай облыстар омарта шаруашылығымен айналысты?
а) Семей, Өскемен, Павлодар ә) Қарағанды, Шымкент, б) Алматы, Ақмола, Астана в) Қостанай, Торғай, Орал
2) Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі
а) мал бағу ә) Егін егу б) Аң аулау в) Балық аулау
3) Қоныс аударып келген әрбір азаматқа қанша десятина жер берілді
а) 10 десятина ә) 15 десятина б) 16 десятина в) 25 десятина
4) Шаруалар жерді қазақтардан қанша тиынға жалға алды?
а) 10 - 15 тиын ә) 5 - 7 тиын б) 20 - 25 тиын в) 9 - 10 тиын
5) Ақмола және Семей облыстары қандай дәнді дақылдар егумен айналысты?
а) бидай, арпа ә) жүгері, күріш б) кендір, сора в) мақта, тары
6) Семей және Өскемен уездері қандай бау - бақша дақылдарын өсірумен айналысты?
а) қауын, қарбыз, күнбағыс ә) қызанақ, сәбіз б) орамжапырақ, картоп
7) Ресейде шаруалар басыбайлы тәуелділіктен қаншасыншы жылы құтылды?
а) 1861 ә) 1891 б) 1867 в) 1868
8) 1868 жылы Жетісудың әскери губернаторы кім?
а) Г. А. Колпаковский ә) П. А. Столыпин б) А. Г. Гирс в) А. К. Тевкелев
9) Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі себебі
а) өз еріктерімен келді ә) жер аударылды б) Ресейде шаруаларға тәуелсіздік берілді в) күштеп әкелді
10) Хадоктар деген кімдер?
а) жатақтар ә) шаруалар б) жер көріп қайтушылар в) байлар
Сырғауыл – үйдің төбесін жабатын жуандығы білектей ағаш
Қар тоқтату – егіс алқаптарына қарды жалдап үю
Жоспар:
1Солтүстік - Батыс Қазақстан қалаларының даму ерекшеліктері. Орал және Гурьев
2 XVIII ғасырда салынған қалалар
3 XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы әскери бекіністер ретінде пайда болған қалалар
4 Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы барысында пайда болған қалалар
5 Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қалалар
№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік - батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1 - жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:
Қазақстан аумағындағы XVIII - XIX ғасырларда алынған қалаларды картаға түсіреміз.
Қорытындылау
Шығармашылық тапсырма түрінде беріледі.
Оқушылар Астана қаласына арнап өз шығармашылығын өлеңмен ұсынады.
Үйге тапсырма
Ізденіс жұмыстары арқылы тапсырмалар беріледі.
XVIII - XIX ғасырларда салынған қалалардың қазіргі кезеңдегі жағдайы.
Қазақстан аумағындағы қала
- Дидар
- 6 наурыз 2013
- 5902
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тарих, Қазақстан аумағындағы қала
Ұқсас жаңалықтар:
Ораза және намаз уақыттарының кестесі (2017 жыл)
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады....Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан...XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары
• Оқушылардың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы жайлы білім деңгейін ұлғайту. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының мәнін ашып...Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі Жолмуханова Айгул Салимовна...1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.