Сабақтың тақырыбы: «Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып, жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық: Жыл мезгілдеріне, төрт түлік малға байланысты, ырым тиым беріп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт дәстүрін, тарихын, тыныс тіршілігін білуге құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы (ой қозғау, топтастыру, кубизм, ассоциация, ойталас, қызығушылықты ояту, венн диаграммасы), шығу парағы, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: инновациялық сабақ.
Оқытудың формасы: топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, шар, карта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, әдебиет, биология, технология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабаққа психологиялық даярлық, Оқушыларды төрт топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап, бағалау парағын тарату.
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіз ме?, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі тарих апталығы аясында өткізіліп отырған, ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Ашық сабағымыздың тақырыбы «Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі» деп аталады. Сабағымызды « Кім жылдам?» ойынынан бастайық.
ІI. Қызығушылығын ояту кезеңі:
« Кім жылдам?» ойыны.(әр топқа сұрақтар қойылады, тез жауап беруі керек).
Үй тапсырмасын үш оқушыдан сұрау, білімдерін тапсырма бойынша тексеремін.
Үй тапсырмасын бекіту:
Ой қозғау.( оқушыларға сұрақтар қойылады, олар ойланып жауап беруі керек).
а) Осыдан 3 мың жылдай бұрын Қазақстан даласындағы тіршілік орта өзгерді Адамдар соған орай шаруашылықтың қандай тәсілін ойлап тапты?
б) Көшпелі мал шаруашылығы пайда болуының себептерін атап көрсетіңдер:
III. Жаңа мағынаны тану:
Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдтың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетіледі).
Жоспары:
1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші – қон.
2. Көшпелілердің баспанасы.
Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші - қон
Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар.
Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал «Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?» деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: «Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты», — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс - тіршіліктің де түрі.
Көшпелілердің баспанасы
Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта, шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған. Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор.
Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көші-қонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Б. з. д. 1 - мыңжылдықтың ортасына қарай
көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т. б.
IV. Ой толғаныс. (топпен жұмыс)
Жұмыс барысы:
1. Жеке жазады.
2. Шағын топта талқылайды.
3. Спикер қорғайды.
Әр топтан спикер шығып, өз ойларын жеткізеді.
Кубизм стратегиясы.
1. Зерттеңіз.
Көшпелілер нені білуге тиіс еді зерттеп, анықтама беріңіз.
2. Суреттеңіз.
Көшпелілердің киіз үйі туралы суреттеп айтып беріңіз
3. Талқылаңыз.
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін талқылаңыз.
4. Салыстырыңыз.
Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстырып, сипаттама беріңіз.
Топтастыру әдісі. (оқушыларға топтық тапсырма)
І - топ. Ой қорғау. «көшпелі», «отырықшылық», «көшпелілер», «Наурыз мейрамы» сөздеріне сипаттама.
ІІ - топ. Жылдың төрт мезгіліне немесе төрт түлікке байланысты мақал – мәтелдер.
ІІІ - топ. Жылдың төрт мезгілі тақырыбына арналған өлең жолдарын айтып беріңдер.
IV - топ. Төрт түлікке байланысты жұмбақтар айтып беріңдер.
Сабақты бекіту сәті. ( бекіту сәтінде берілген тапсырмалардың барлығын оқушылар интерактивті тақтада орындайды).
Шығармашылық тапсырма
а) Ежелгі Қазақстан Тұрғындарының көшпелі малшылық үшін таңдаған мал түрлерін жазыңдар.
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
б) Олар неліктен осы малдарды таңдады?
_______________________________
_______________________________
2 - тапсырма.
Қойлар, жылқылар тебіндеп жайылады. Тебіндеп жайылу деген не?
__________________________
3 - тапсырма.
Сөз табыңдар:
Сөз әріптерден тұрады. Бірнеше әріптен сөз құрауға болады. Мысалы, ТАРИХ сөзімен АР, ХАТ, ТАР, ХИТ, ТИР сөздерін жасауға болады. КӨШПЕЛІ сөзінің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз құрап көріңдер.
Венн диаграммасы:
Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр.
Үйге тапсырма:
1. «Көшпелі өмір салт» тақырыбына тарихи эссе жазу.
2. «Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі» тақырыбын мазмұндау.
Бағалау: Бүгін сабаққа жақсы қатысып, өз пікірлеріңді білдірдіңдер. Қолайлы орта жасалды. Ендеше сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары бағалау парағын өткізіңіздер.
Шығу парағын толтыру. Бүгінгі сабақ бойынша шығу парағын толтырайық:
1. Нені үйрендік?
2. Сұрақ, пікіріңіз
3. Ұсыныс.
Оқушылардың ұсыныс, пікірлері жазылып, сабақ мұғалім сөзімен қорытындыланады.
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
- Жанаргуль
- 13 ақпан 2013
- 5003
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бақташылық, киіз үй, көшпелі өмір салты
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы
Көшпелілер өркениетінің мәні, яғни мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық қатынастардың пайда болуы, мәдениеттің қалыптасуы туралы білім...Киіз үй
Киіз - өте қарапайым әрі тұруға қолайлы баспана. Тебіндік жайылым - жылқы малының қарды теуіп, оны тебіндеп аршып жеуі айтады....Сақтар
Тақырыбы: Сақтар. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының...Сақтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...Көшпелі бақташылық –шаруашылықтың негізгі түрі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жакипбекова Асемгул Бакиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.