Тақырыбы: Ханның да, қараның да тілегі - Тәуелсіздік!
Мақсаты: Оқушыларға білім бере отырып, оларға туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу. Отанын сүюге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.
1 - жүргізуші: Құрметті: Көрермендер, оқушылар! Бүгінгі «Ханның да, қараның да тілегі - Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Есім салған ескі жол елеулі жол.
Қасым салған қасқа жол қалаулы жол.
Егеменді Елбасы салып жатқан
Тарихтағы нұрлы, мәңгі сара жол.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік айтқыздың жақсы әнді,
Ақындарға шабыт бер қызу қанды.
Нұрлы жолға түсіп бір алыппыз біз,
Сол жолменен жүрелік енді мәңгі.
2 - жүргізуші: Шаттық әні билікте шарықтасын,
Аспаныңда бейбіт құс қалықтасын.
Шат күлкілі жастары бақытты боп,
Білім алсын ешқашан жалықпасын!
1 - жүргізуші Әйгерім: Тәуелсіздікті өзіміздің жүрек жарды жырымызбен баяндадық, ал өткен өмірге бір сәт көз жіберіп көрейікші, қазақ әдебиетінің жыраулары Қазтуған, Мұрат, Шортанбай жыраулардың күңіренген еді - ау
Сахнаға Зарлы «Елім - ай» үнімен мұңайған жыраулар шығарды
Қазтуған. Ей, жырауларым, серіктестерім, осы кәрі құлағыма «Елім - ай» деген бір үн келеді
Қайран Есіл! Еділ! Жайық! Патша қаһарына іліктіңдер - ау. Елін сағынып, тоз - тоз болған жұртым - ай, қайратым, азаттық арманым тілімде.
Еділде алар, елді алар,
Енді алмаған не қалар.
Жайықты ала, жанды алар,
Жанды алса не қалар.
Шортанбай: Саған батқан күш маңдайдан атқан тас еңіренген, күйсіз, щарасыз ел менің де тас жүрегімді дір еткізді. Тәуелсіздік деген сөз көңілімді қан жылатады.
Адыра қалғыр Сарыарқа,
Болмайын деді баянды.
Еділді алды, жерді алды.
Енді алмағын нең қалды.
Көшейін десең жерің тар.
Қамалып қазақ сандалды
Атаңа нәлет, ақ патша!
Мұрат: «Аға зордан, іні бардан»- дегендей елімді еңіреткен бұл оңбағандарға да бір тоқтау болар, қалқан болар ұрпақ озар
Еділді тартып алғаны
Етекке қолды салғаны
Жайықты тартып алғаны
Жағаға қолды салғаны
Ойылды тартып алғаны
Ойындағысы болғаны
Аңғарсаңыз жігіттер
Бір қырсықтың шалғаны - деп туған жердің талауға түскені Ресей әміршілерінің күшейгенінен қауіпім зор. Елімнің «Елім - ай» деп зарлануы арқама аяздай батады. Қайран дүние - ай!
(Зарлы Қобыздың үні ойнайды)
Жыраулар сахнадан шығып кетеді: Сахнаға жігіт шығады.
Жігіт: Үш жүз жыл бойында қазақтардың жерін тартып алып бодан қылды. Қит етсе итжеккенге айдады, бұғаулап ұстады. Орыстандыруды үзбей жүргізіп келген саясатынан қазақ халқы оқу, тоқудан шектелді емес пе? Ұлтты әбден тұралатып, жүдетіп балаларын оқуға жолатпады оқытса да тілмаштыққа баулыды. Қайран жерім, тәуелсіз елім не көрмедің? Бірақ осының бәрін халқыңның асыл ұлдары мен зиялы қауымдарымен жеңе білді.
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын
Соқтықпалы, соқпақсыз жолдан өттім
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма
1. Жүргізуші: Иә, ағаны бауырға, әкені балаға қарсы қойып қан төккізген саясат әдебиетіміздің дарабоздарын туған халқынан жазықсыздан жазықсыз аластатты.
2. Жүргізуші: Ия - ия тарихыңды мұң - шеріңді баяндай бер, бауырым!
1. Жүргізуші: Кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс ағаларымыз ел тәуелсіздігі, ел азаттығы үшін шырылдады, жалынды жастарын қиды.
(Жүректі тітіркендірген музыка үні)
Қолдарын байлап қазақты зиялы адамдары шығады.
Солдат: Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сендер халық жауысыңдар.
Түсіңдер алға..... Жүріңдер.... Ұлтшылсыңдар.... Оңбағандар!!
Міржақып. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты
Жер кетті дін нашарлап хал харам боп
Қазағым енді жату жарамасты
Аяусыз жаным мен құрбан лағын
Болса алуға қаным себеп мұратың
Болайын сүйінші жұлдызы жанып бақыттың
Сен көркейді деп естісе құлағым
Мағжан. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар
Көкте - бұлт жерде – желін гуілдеген
Жел еркесі - желдің жөнін кім сұрар.
Кең дала, көресің ғой ана жатқан
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан
Асқар тау, болдың тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан
Азамат! Анау қазақ қаным десең,
Ұжымақтың суын апар жаным десең
Болмаса тұншың барын қалын десең
Сәкен: Жойылсын! Тәуелсіздік кемшілік
Жасасын, әділдік, теңшілік.
Өз еркін қазағым қолға алсын,
Қиянат кетпес тоқтаусыз
Әділ сөз қалмас күн таусыз.
Күндердің күні болғанда
Ұлдардың кетті жоқтаусыз
Солдат: Өшір үндерді! Зарлауын,
Жүріңдер!
( Осы кезде Сәкенің Қуғында жүргенде айтқан әні қойылады Бізді жоқта)
Зиялы ұлдар үні: Хош туған жер, кешір ерлеріңді. Біз халық жауы емеспіз:
1 - Жүргізуші:
Намыс бер, от бер ұланға
Күндердің күні болғанда
Шымырқанын шығарған
Арманда кеткен ерлер үшін
Адыра қалған жер үшін
Ақырын теңдік сұраған – деп
Ф. Оңғарсынова апамыз туған жер бақыты, тыныштығы, тұтастығы мен тәуелсіздігі жолындағы жан қияр ерлігін ұрпаққа аманат етіп, еске салады.
Жігіт: Апырау, аспанды неге қара бұлт торлаған?! Неге мына дүние сұрқай тартқан көңілсіз?! Жер - ананың жүрегінде жара бар ғой деймін?!
Сол жара менің де жүрегіме батулы: Жаудың жауырынын жер иіскеткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Кенесарының ерлігі есіме түскенде денем мұздап кетеді. Батырлардың бәріне ортақ бір ғана қасиет – еліне, жеріне деген махаббатын қастерлеген аруағына женжіттік неге екен?!
(Осы кезде Найзағай үні естіледі, жігіт селк етіп көзін ашып, алдында батырлар тұрады)
Бөгенбай: Елімнің етек жеңін жинай алмай жатқан кезіңде басын өлімге байлаған ер жоқ еді. Ақырзаман болуға таяды ма, әлде ұрпақтар ынжық па?! Кешегі желтоқсанда аруағымды кәпірлер топтағандай болды ма?! Қазақтың ерлері қайда?! Ер туса - ел ырысы емес пе еді?! Тұлпардан тұяқ қалса дүбірлетуші еді ғой, Дарабозым! Ұрпағың неге қанаты қайрылған қарлығаш секілденді. Қыз атаға жау деуші еді шамасы ұлдарымызда, немерелерімізде намысын жатқа таптатып өзімізге жау болғаны ғой!
Кенесары: Ей, жігіт! Желтоқсанның аязына шалдыққан тек үш - ақ қарлығаш. Басқалары ше? Бөріктінің намысы бір деген халық даналығы қате ме?! Жо - жоқ! Қатеге шығарған ұрпақтарымыз шала.
Жігіт:(басы төмен салбырап тұр қылыштан өткір батырлар сөзі денесін тіліп өткендей болды)
Бабаларым, рахмет сендерге! Азаттық үшін алысып, алты алаштың ардағына айналдыңдар. Сендер салған жолмен жүрмей, жалт - жұрт еткенге қызығып бөтеннің ізіне түсіппіз! Әттең, өкінішті.
Қабанбай: Біздің мұрагерлеріміз қайда? Дүние ғасырларды артқа тастап келе ме? Әлде…
(Осы кезде сахна сыртынан “жоқ” деген сәби дауысы батырдың сөзін бөліп жіберді. Барлығы дауыс шыққан жаққа жалт қарайды. Қолына тәуелсіздік құсын қондырған бүлдіршін келелі.)
Қабанбай: Уа, сен кімсің?
Бүлдіршін: Уа, кімсің мені дейсің бе?
Кімсің мені дейсің бе?
Мен қазақтың ұрпағы
Сол қазақтың бұл күнде атты емес пе, нұр таңы
Анталаған жаулары қанша жаншып жатса да
Тапталмастан қазағың шың биікте тұр тағы
Кімсің мені дейсің бе? Мен қазақтың ұрпағы
Қарапайым қашаннан өз елімнің ұлтаны
Жоңғарларды жайпаған қас жүректі батырдың
Қыздырумен жанымды атша тулап жүр қаным,
Кімсің мені дейсің бе? Мен тәуелсіз ұланмын
Әділеттің қашанда жеңеріне сенемін.
Киесінен бабамның өсіп - өрбіп, ұрандатып келемін.
Мен бір өскен қалқада қарапайым терекпін
Жолын қуып бабаның азамат болсам күні ертең
Шындық үшін халқыма алысуға керекпін.
Бабалар баланың басынан сипайды
Бөгенбай: Өңім бе, әлде түсім бе? Жүрегі құрғыр қалай - қалай соғады. (күліп тұр)
Кенесары: Жылап көрмеген көзімде суланды ғой. Бұл жақсылықтың нышаны(қуанышты)
Қабанбай: Ал, балалар, қолдарыңды жайыңдар. Ақ бата тілейік.
Абылайдың ақ жолы,
Есімханның ескі жолы
Қасым ханның қасқа жолы секілді
Нұрлы жолға апаратын алдарыңдағы ізгілікті қоғамға жеткізсін.
Тәуелсіздік мәңгі болсын!
Әумин!
1 - Жүргізуші: Егемендік еңселім ерке гүлім
Есейе бер, бағында ертегінің
Елдігі мен ерлігін елеп өтем,
Егеменді елімнің ертеңімін.
2 - Жүргізуші. Ерік алдық, ел болдық Астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы: Елбасы сүйенерлік сүйер ұлың,
Әлемдегі қазаққа ие бүгін
Ендеше, 91 - дің желтоқсаны
Киелі ай, киелі жыл, киелі күн.
Хор “Елім менің”
Жүргізуші: Жол! Қазақтар ақтап өткен!
Жол! Шыңғысхан таптап өткен!
Жол! Қасымның қасқа жолы!
Жол! Есімнің ескі жолы!
Жол! Күлтөбенің басында өткен кеңес!
Ата - бабам тастан көшіп кеткен.
Жол! Ақтабан шұбырып
Түгел сөздің түбі бір Майқы өткен
Жол! Абылайдың ақ жолы!
Жол! Төле, Қазыбек, Әйтеке өткен.
Жол! Отызда Шоқан өткен
Жол! Ақиқат іздеп алыптар өткен.
Жол! Желтоқсанда боздақтар өткен.
Жол! Тәуелсіздікке жеткен
Жолдар көп!... 2050...
Жеткені өсиет болатын
Ұққанға заң болатын
Ұқпағанға сөз болатын
Түсінгенге күш болатын
Білгенге үш болатын
Түбі бір болатын
Қызығы көп болатын
Нұрсұлтанның нұрлы жолы болатын.
“Өз елім ” әні (Барлық қатысушылар сахнаға шығып, қолдарына жалауша алып, әнге қосылады)
Ханның да, қараның да тілегі - Тәуелсіздік!
- ramuk_b
- 12 мам 2015
- 2947
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ханның да, қараның да тілегі Тәуелсіздік атты тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Бабалар салған сара жол
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған...Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.