Сабақтың тақырыбы: Аспаздар патшалығы.
Мақсаты:
Білімділік: дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу.
Дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қолшеберліктерін, іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі, құрал - жабдықтар: нақыл сөздер, мақал – мәтел, дастархан тағамдары, ыдыстар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабаққа әзірлігін тексеру
ІІІ. Ақылдастар алқасын сайлау
ІV. Кіріспе әңгіме, балаларды топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру.
Хош келіпсіздер қымбатты қонақтар, оқушылар! Бүгін «Аспаздар патшалығы» тақырыбына сайыс сабақ өткіземіз.
Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата - бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.
Сабаққа қатысып отырған мұғалімдерден ақылдастар алқасы сайланады.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Топпен таныстыру
2. Кекс пісіріп дайындау.
3.«Тіл өнері».
4. Салат жасау сайысы.
5. Бутерброд жасау сайысы.
6. Капитандар сайысы.
7. Дастарханды әшекейлеу.
Сайыстың 1 – кезеңінде топ басшысы өз тобының атымен таныстырады.
І топ. «Қонақжай» тобы
ІІ топ. «Ақ дастархан» тобы
Техника қауіпсіздік ережесі:
1. Техника қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды естен шығарма;
2. Сулы қолмен электр тоғын ұстама;
3. Пышақ, шанышқы, қасықтармен ойнама;
4. Пышақты екінші адамға ұсынғанда сабын қаратып бер;
5. Пышақпен жұмыс істегенде абай бол;
2 – кезең «Үй тапсырмасы»
Әр топ дайындаған кекстерімен таныстырып, жасалу технологиясын түсіндіреді.
Ал, балалар, кекс дайындап пісіруге кірісіңдер.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
Кексті дайындағанда не қостыңдар? Құрамында не бар? Қанша уақытта дайын болады?
3 - кезең «Тіл өнері»
Ал, қанеки, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
«Ақ дастархан» тобына:
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап - жалаңаш өзі безді. (Ине)
Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)
Доссыз адам – тұзсыз ас.
3. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (Қайшы)
Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық – ішуге сән.
4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық)
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
5. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан).
Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – нан.
«Қонақжай» тобына:
1. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік, май, құртыңда. (Сүт)
Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
2. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс - аяқ)
Шешесін көріп, қызын ал
Ыдысын көріп, асын іш.
3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар - қыруар іс өнер (Қол)
Көз қорқақ, қол батыр.
4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)
5. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)
4 - кезең. «Ас – адамның арқауы»
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаңдар тіскебасар салат түрін.
Әр топ белгілі бір бөлінген уақыт ішінде тіскебасар (салат) жасайды. Жасалған тағамның құрамына, безендіруіне қарай бағаланады
5 - кезең. «Канапе» бутербродын дайындау сайысы.
Үстелдің үстінде дайын тұрған тағамдардан /шұжық, нан, қатты ірімшік, қияр, зәйтүн (оливки), майонез, шпроты, қызанақ, ақжелкен (петрушка), балалар өздерінің қалауы бойынша бутерброд /канапе/ дайындайды.
Дайындау әдісі:
1. Барлық азықтарды бір өлшемде кесіп турау.
2. Нанның үстіне үйлесіміне қарай шұжық, сыр, қызанақ қойып ағаш шпажкалармен шаншып қою.
3. Бутербродтарды ақжелкенмен (петрушка) сәндеп, ұсыну.
6 - кезең. «Капитандар сайысы»
«Мені түсін» деп аталады.
Тұз, оқтау, торт, банан, пышақ, елек, алма, сарымсақ, қазан, ожауды іс қимылмен көрсету арқылы түсіндіреді.
7 - кезең. Дастарханды әдемілеп жабдықтау. Балалар өздері дайындаған тағамдарды / кекс, салат, бутербродтарын ыдыстарға салып әдемілеп дастарханға қояды. Салфеткаларды түрлі қылып әшекейлейді.
Дастарқан жабдықтау. Әр топ өз қалауы бойынша дастарқанды жабдықтап көрсетеді.
Сабақты бекіту.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін тек айтатын,
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
Балалар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз
Ән шырқайық!
«Қазақы Дастарқаным»
Аспаздар патшалығы
- Тюребаева Баян Кенжебековна
- 10 сәуір 2015
- 8164
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дастархан жабдықтау, сайыс сабақ, ән айту, аспаздар патшалығы
Ұқсас жаңалықтар:
Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №38 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Тышқанбаева Айнұр Қыздарбекқызы...Нан. Нанның тағамдық құнарлығы. Бутербродтар. (ашық, жабық)
ІІ. Сабақтың мақсаты: Бутерброд дайындау технологиясы а) Білімділік мақсаты: Нан түрлері және оларды сақтау әдістері. ә) Дамытушылық мақсаты:...Салат даярлау
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі: Құлмырзаева Жадыра...Тілдер күніне арналған "Күз аруы"
Тілдер күніне арналған «Күз аруы» байқауы Дайындаған: Аймаханова Жанар Құрманғалиқызы...Дастархан мәзірі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәні мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.