Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың бақыты балада
Сабақтың мақсаты:
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер
( Сонымен, солай дейік.... ток шоу тележоба бойынша пікірталас)
Тәрбие сабағының барысы:
І жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және қонақтар!
ІІ.жүргізуші:
Бүгінгі « Қауымдағы ата-аналар қоғамымен бірлескен жұмыс » атты қалалық іс-шара аясында өтіп жатқан 6 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ата-аналар және кәмлетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің бастығы, сынып жетекшісімен бірлескен «Ата-ананың бақыты балада» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер!
І.Жүргізуші:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.Осы жайында қонақтар шақырып отырмыз.
ІІ.Жүргізуші:
Сол кісілерді ортаға шақырып ой бөліссек. Қонақтарды студиямызға шақырмас бұрын экранға назар аударсақ.
( Слайд көрсету)
І.Жүргізуші:
Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала - адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салса. Осы сұраққа жауап беру үшін алғашқы қонағымыз Келбеттің мамасы Құрманғалиева Гүльзира Баймұханқызын ортаға шақырсақ.
ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз. Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
1.Жауап:
Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.
І.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға. Дұрыс айтасыз қоғам деп жақсы айттыңыз.Өмірге келген балаға ортаның қандай әсері бар екен осы сұраққа жауап беру үшін.Келесі қонағымыз Мөлдір ,Махаббатың мамасы Амандықова Жанар Асқарқызын шақырсақ.
ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! Бала өмірге келді , балаға сол ортаның тигізетін әсері туралы айтып берсеңіз.
2.Жауап:
Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болды.
Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.
Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.
І.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға.Қазіргі жас өркен - мемлекетіміздің болашағы.Сондықтан да, балаға-бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты.
ІІ.Жүргізуші:
Дұрыс айтасың, Ораз.Ұлы Абай атамыз: «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сонымен біздің ата-аналарымыз қалай ойлайды екен.Сұраққа жауап беру үшін келесі қонағымыз Ғасланның папасы Мизанбаев Мағауия Шахманұлын ортаға шақырсақ.
І.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сіз қалай ойлайсыз?
3.Жауап:
Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.
ІІ.Жүргізуші:
Рақмет жауабыңызға. Ұрпақ тәрбиелеуде нені қолға алған жөн?-деп ойлайсыздар.Осы сұраққа жауап беру үшін Ерсіннің жеңгесі Атымтаева Жанарды ортаға шақырсақ.
І.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз! Болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін нені қолға алуымыз керек? деп ойлайсыз және сол арқылы болашақ ұрпағымыздың бақытын көре аламыз ба?
4.Жауап:
Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге,ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтң тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.
ІІ.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет.Тағы да өз ойын айтатын қонақтарымыз бар ма екен?
І.Жүргізуші:
Бүгінгі пікірталасқа өз ойын айтқысы келіп отырған қонағымыз Бибарыстың мамасы Смайлова Әлия Жүрсінқызын ортаға шақырамыз.
ІІ.Жүргізуші: Студиямызға қош келдіңіз! Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
5.Жауап:
Айтылып жатқан пікірлер өте дұрыс.Егер тәрбиелеп отырған балаларымыз қоғамға пайдасын тигізіп жатса.Мектеп өміріне араласып өз көмегін аямаса сол ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Атақты Ескелді би былай деген екен: «Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық» деген екен.Олай болса мен айтар едім өмірде сыйластықтан артық ештеме жоқ деп. Сыйластыққа бәрі де сыйлайды. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет.Ата-ана үшін бала бақыты деген не? Сұраққа жауап беру бүгінгі пікірталасымызға қонақ болып келіп отырған Фаризаның әжесі Тоқболатова Күләш Наурызбайқызын ортаға шақырамыз.
ІІ.Жүргізуші:
Студиямызға қош келдіңіз. Ата-ана бақыты туралы ойыңызды ортаға салсаңыз.
6.Жауап:
Қай ата-ана өз баласының бақытты болғанын қаламайды дейсің.Мен өзімнің сөзімді «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — деген екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым дейді. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта
білсек - ұлы жеңіс болары анық.Ата-ананың баласының бақытты болғаннан артық ештеңе жоқ.
І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет. Студиямызға Жезқазған қалалық Ішкі Істер Басқармасының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшенің бастығы, полиция майоры Мәуленова Айгүл Абдрасылқызы қонақ болып келіп отыр сол кісінің ойын тыңдап көрсек.
ІІ.Жүргізуші:
Қош келдіңіз.Жайғасып отырыңыз.Сіздің ойыңызша ата-ана үшін бала қандай болу керек?
7.Жауап:
І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет! Бақыт деген не екен? Оқушыларымыздан сұрап көрсек.
ІІ.Жүргізуші:
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
6 «а» сынып оқушылары: Ибаділдә Назым, Қазиева Мадина
Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Апам марқұм айтушы еді бір есімде
Адамдардың барлығы бұл өмірге
Бақыт үшін жаралған деп күресуге.
Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?
Қына құсап шыға ма тасқа ғана
Мейлі қанша тірнектеп жинасаң да
Өмір бойы жетпейтін ақшада ма?
Байлық шығар сол әлгі бақыт деген
Санаспайтын ешқандай уақытпенен
Ауылда ма бақытым, қалада ма?
Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Көрінеме көзге сол бақыт өзі
Жауындама басылған жаңа ғана
Боласың ба? Бақытты сонда ғана
Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер
Қымбат бұйым ұстаса қолға дара
Бақыт па екен кең сарай үйің болса
Қызғанатын өзгелер күйің болса
Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысың қарашы дегізерсің
І.Жүргізуші:
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты сөзбен аяқтай келіп солай дейік
І, ІІ жүргізуші:
және солай боларына сенейік.
Ән. «Бақыт деген...»
Орындайтын 6 сынып оқушылары :
Ата-ананың бақыты балада
- ВенераО
- 29 наурыз 2012
- 41950
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дәстүрлі, қазақ, отбасы, тәрбие
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзі
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ...Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» атты ток – шоу
Мақсаты: 1. Оқушыларды ата - ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым...«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.